Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет38/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

 
Әдебиеттер 
1. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2005ж. 
2. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 2000 
3. Сатыбаева А., Сатыбаева Г. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана, 2008 
4. Ушинский К.Д. Шығармалар жтнағы. –М-Л. 1949 
5. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. – Алматы, 1971 
6. Хусаинов К.Ш., Радлов И. Казахский язык. –Алма-Ата: «Наука», 1981
ӘОЖ 821.512.122
ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ АЙТЫСЫНЫҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Хабдуллаева К.Н. –
10 А сынып оқушысы 
Ғылыми жетекші
:
Халикова Н.С.
– ф.ғ.к., аға оқытушы, ОҚМПУ, 
Асанова Ж.А. – 
Ж.Баласағұн атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі 
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шымкент, Қазақстан 
Summary 
The article discusses the main features of the art of aitys, including the aitys between a girl 
and a guy. In the art of Kazakh aitys, aitys of Birzhan and Sara occupy a significant place. The 
article analyzes the new model of aitys of a girl and a guy presented on stage in the first years of 
independence. 
 
 
Айтыс – қазақ халқының ертеден келе жатқан халық ауыз әдебиетінің 
ерекше бір түрі. Айтыс – қазақ сөз өнерінің үздік үлгісі. Айтыс – сөз 
барымтасы болып табылатын ұлттық өнер. Алғашында тұрмыс-салт 
жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан бұл өнер түрі 
бүгінгі таңға дейін өзіндік сипатын жойған емес.
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының 
туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Қазақ халқы 
тарихында 
Шөже,
Балта, 
 Орынбай,
Кемпірбай,
Сүйінбай,
Мұрат,  Біржан, Сара т.б. өнерпаздар айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын 
бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы 
сақталған.
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ең мол да ерекше саласы. Айтыс жанры 
қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын 
алады. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде сапасы жағынан да, саны жағынан 
да ерекше орын алады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде айтыстың бәдік 
айтысы, жар-жар, жануар мен адамның айтысы, өлі мен тірінің айтысы, жұмбақ 
айтысы, салт айтысы: (қыз бен жігіт айтысы мен ақындар айтысы), осы күнгі 
айтыстар сияқты түрлері бар. Тарих қойнауында айтыс өзіндік даму сатысынан 
өтті. Бүгінде айтыс жаңа сипат алған өнер түріне айналды. 


78 
Айтыс жанрының ең көлемді де көркем түрі – салт айтысы. Салт 
айтысы ХІХ ғасырдакең түрде дамыған. Осы кезеңде өмір сүрген Шөже, Балта, 
Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, 
Сүгір, Жаскілең, Біржан, Сара сияқты айтыс өкілдері сөз таластырып, айтысқа 
түскен. Салт айтысы екіге бөлінеді: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2)ақындар айтысы. 
Салт айтысының бірі қыз бен жігіт айтысы. Бұл айтыстың басқа 
айтыстардан негізгі айырмашылығы айтысқа түскен қыз бен жігіт  арасында 
әзіл-қалжың, сондай-ақ әлеуметтік жағдай көбірек сөз болады. Қыз бен жігіттің 
өнер жарысы кейде қайымдасу не жұмбақтасу түрінде де болады. Мысалы, 
Әсет пен Ырысжанның, Ұлбике мен Күдерінің айтыстары жұмбақ 
айтыстың озық үлгілеріне жатады. Сара Біржанмен айтысқанда «Тамағым жас 
баланың білегіндей, Иығым тік сандалдың тірегіндей, Бет алдым қоңыр қаздың 
кеудесіндей, Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей», - деп айтыс өнерінің 
көркемдік деңгейі жоғары болатынын дәлелдей түседі. Қазақ айтыс тарихында 
Сүйінбай – Күнбала, Ұлбике – Күдері, Біржан – Сара, Әсет – Ырысжан, 
Жамбыл – Салиқа, Омарқұл – Тәбия, Ләтипа – Кенен, Әжек – Шәріпжамал, 
Мұсабек пен Манат, т.б. айтыстар қыз бен жігіт айтысының шынайы үлгілері 
болып табылады. 
Қыз бен жігіт айтысы той-думанда, үлкен жиында айтылған. Айтыс қыз 
бен жігіттің арасындағы әзіл-қалжыңға құрылған. Қыз бен жігіт 
айтысына «Омарқұл мен Тәбияның», «Біржан мен Сараның», «Жамбыл мен 
Салиханың», «Кенен мен Ләтипаның», «Сүйінбай мен Күнбаланың» айтыстары 
жатады. 
Біржан мен Сара айтысы – айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс
1871 жылы 13 қазанда қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан 
Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 
1898 ж. Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен 
Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан Сараны арнайы іздеп келіп 
айтысады. Біржан Сараның сөзге жұйрік екендігін «Қыз да болса адамның 
жүйрігі екен.Өлеңді жүндей сабап дүрілдетті» деп білдіртеді. Біржан сал мен 
Сара қыздың арасында айтыс қазақ әдебиетінің өлмес классикалық дүниесіне 
айналған. Біржан мен Сара көптеген тақырыптарды қозғайды. Әсіресе сол 
заманның шығдығы әйел теңсіздігі мәселесі анық та айқын көрініс табады. 
Жиенқұлдың Сараға тең еместігі ашық айтылады. Бірақ ата салттан аса 
алмайтындарын да білдіреді. Біжан өлеңдерінде үнемі әділетсіздік пен 
зорлыққа деген оның наразылығы мен күресі көрініс тауып отырған. Қыз бен 
жігіт айтысының өзіндік ерекшілігі бар.
Қыз бен жігіт айтыстарына көбіне қыз бен жігіттің көңіл-күй лирикасы 
арқау болады. Қыз бен жігіт айтысында әрқашан жеңіл, әдемі әзіл-қалжың 
болады. Ол айтыстардың көпшілігіне тән екінші сипат, жігіттердің қыздарға 
өзінің көңілін білдіріп отыруы, оларды құрмет тұтуы, ардақтауы, жігіттің қызға 
ілтипат білдіруі, қыздың сұлулығын жыр қылуы. Қыз бен жігіт айтыстарында 
көбіне лирикалық сипат басым болады. Айтыста Сара Біржанның тамаша 


79 
даусын, суырып салма талантын ерекше атап өткен. Бұл айтыс ақынның атағын 
бұрынғыдан да арттыра түсті.
Айтыс бүгінде өзіндік ерекшелігімен халық назарына ұсынылып жатыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары айтыс өнері қайта жаңғырды. Тәуелсіздік 
алғаннан кейінгі жылдары айтыс өнері өзінің бабы мен бағы келіскен 
таланттарын өнер сахнасына шығара бастады. Жетпіс жылдан астам уақыт 
халықты жаншып келген қызыл империя құлаған соң оның орнында жаңа жас 
мемлекеттер пайда болды. Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған 
тәуелсіздікті алу рухани әлемімізді дүр сілкінтгі. Сапасы жоғарылап, 
көркемцігі арта түскен ақындық дәстүр биігіне көтеріліп, жаңа заман жырын, 
егеменді елдің көкейіндегісін дөп тауып, толғай бастады.
Егемендік алған жылдардың басында айтыс сахнасында жарқыраған жаңа 
есімдер молынан көріне бастады. Білімі мен мәдениеті, ойы мен бойы, 
сахналық сымбаты келіскен ақындар айтыс аренасында жырдан шашу 
шашып, сөздің балын ағызды. Айтыс өнері мектебінің жаңаша тұрғыда, 
өзгеше болмыста қалыптасуына өз үлестерін қосып жүрген өнерпаздар лек-
легімен айтыс ауылынан бой көрсетті.
Алдыңғы толқын ағалардың соңынан кейінгі толқын інілердің ілесетіндігі 
секілді кешегі ел білетін Көпбай ақын, Көкен қарт, майталман Манап, тарлан 
Тәушендер жағалауда иіндеп қалған айтыстың бір толқыны болса, Қатимолла, 
Әселхан, Әсия, Қонысбай, Баянғали,Есенқұл, Шорабек, Абаш, Айтақын, 
Серік, марқұм Әзімбек пен Еріктер өз алдына бір жемісті шоғыр болды. 
Айтыскер ақын – өз дәуірінің адал перзенті. Ол өзі өмір сүрген қоғамының 
көкейкесті мәселелерін көкірек көзімен таразылап, көрермен талқысына ұсына 
отырып, философиялық байламдарға барады. Оның жарқын мысалын, жалпақ 
елге үші шашып «көшпелі академия» атанған Сүйінбай, Түбек, Бақтыбай, 
Майкөт, Жамбыл т.б. ХІХ ғасырдағы ірі айтыс ақындары мен Әселхан, Әсия, 
Қонысбай, Шорабек, Мэлс, Мұхамеджан, Бекарыс секілді қазіргі айтыс 
ақтаңгерлерінің шығармашылығынан көреміз.
Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе-бет келген 
екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін 
қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс 
боларлық түйін, сын тағарлық мәселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-
қайсысы да негізгі уәж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, 
құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, 
шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тәсілі 
көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мәрелі жеңіске 
жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз 
таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан 
тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, 
кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мәжбүр болған. Бұл шыншылдық 
ойды «Аталы сөзге арсыз жауап қайырады» деген мәтелімен айтыстың әділ 
қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет