Сценарий «ЖАҢа жылдық телефон»



бет4/4
Дата13.02.2023
өлшемі131,28 Kb.
#168510
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
сценарий жаңа жыл

Өткізілген күні: 27 желтоқсан 2019 жыл
Тәрбиеші:
Кіші жас «» тобының
жаңа жылдық мерекелік іс-шараға
ӨЗДІГІНЕН ТАЛДАУ


Тақырыбы: «Жаңа жылдық телефон»


Мақсаты. Балаларға мерекеден қуанышты көңіл-күй, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, эмоционалды атмосфераны қалыптастыру.
Міндеттері:
- балалардың мереке туралы білімдерін бекіту;
- балаларды тәрбиешімен бірлескен әрекетке қосу;
- мерекелік жағдайда тәртіп ережелерін үйрету.
- құрдастарының арасында мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;
- музыкалық сүйемелдеумен тиісті қимылдарды орындауға;
- баланың ересек және құрдастарымен қарым-қатынасының дамуына ықпал ету;
- балалар арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту;
- эмоционалды реакцияны және әнмен ойынға қатысуға деген құлшынысты оятады
Сценарийді тәрбиеші мен музыка жетекшісі дайындады. Мереке балалардың жас ерекшеліктері мен олардың мүмкіндіктері ескеріле отырып жоспарланды
Атрибуттар алдын-ала таңдалып олардың эстетикалық түріне және балаларға көрінетіндей көлемді түрде әзірленді.. Балалар мен ересектердің сыртқы келбеті мерекенің эстетикасы мен тақырыптарына сәйкес келді, олар мерекелік түрде киінеді, костюмдер жарқын және әдемі болды,
Балалар безендірілген топқа кіріп, орындықтарға жайғасты, содан кеән сценарий бойынша олардың назарларын шырша мен оның астындағы телефонға аудардым. Мереке барысында балаларды қызықтырып, назарларын аударып алдым. Ертеңгілік биден басталды.
Содан кейін балалардың назарларын театрландырылған ширмаға аударып, одан шыққан кейіпкерле: Қоян, Қасқыр, Түлкі қонаққа шақырылып, әр кейіпкер балаларға тапсырма берді, ол тапсырмалар музыкалық және ойын түрде болды. Балалар әр биге және ойынға белсене қатысып, эмоционалды түрде жауап қайтарды. Әр кейіпкерге қызығушылықпен қарап, өз көңіл-күйлерін эмоция арқылы білдірді.
Мерекеге Аяз ата мен Ақшақар келгенде балалар ерекше көңіл-күймен оларды қарсы алды. Аяз атамен билеп, берген сыйлықтарына ерекше ықыласпен қарады.
Ертеңгілік барысында барлық кейіпкерлерді ата-аналар ойнап шығып, мерекеге белсене ат салысты. Мереке қойылған мақсат пен міндеттерге сай өтті. Балалар көтеріңкі көңіл – күйде барлық тапсырмаларды орындап, ойын мен билерге белсене қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет