Жүргізуші: Қорапты біз ашайық
Ішінде не барын табайық
Жүргізуші қорапты ашып, ішіндегі СЫЛДЫРМАҚТЫ балаларға көрсетеді. Жүргізуші: Бүлдірген беті бөбектің
Қолында отыр сылдырмақ.
Өзі сақ-сақ күледі
Сылдырмақтай сылдырлап.
Кел билейік балақай
Сылдырмақпен сылдырлап
Би «СЫЛДЫРМАҚ» Жүргізуші: Рахмет саған түлкіжан
Шын жүректен айтамыз
Жаңа жылмен құттықтап
Кәмпитті сыйға тартамыз
Жүргізуші ТҮЛКІГЕ КӘМПИТ сыйлайды. ТҮЛКІ жүгіріп шығып кетеді.. Жүргізуші: Телефонды соғамын
Қонақтарды шақырамын
Жүргізуші телефонды алып тетігін басады. Жүргізуші: Алло! Сұр қасқырым келіңіз
Ойын ойнап беріңіз
Қызығы мол Жаңа жылдың
Тамашасын көріңіз
Музыка ойнайды. Қасқыр шығады.
ВОЛЧОК: А вот и я, пришёл волчок,
Конечно, серенький бочок.
Не буду никого пугать,
А буду с вами я играть.
И о подарке не забыл,
Коробочку с собою прихватил.
Көрменің үстінен қорап пайда болады, оның ішінде қар ұлпалары жатады. Жүргізуші: Қорапты біз ашайық
Ішінде не барын табайық
Жүргізуші қорапты ашып, ішіндегі қар ұлпаларын балаларға көрсетеді. Жүргізуші: Қораптағы ақ ұлпа
Ұқсап тұр бауырсаққа
Жаңа жылдың тойында
Жан салайық ойынға
ОЙЫН «ҚАР ҰЛПАЛАРЫ» Жүргізуші: Рахмет саған қасқыр паң
Шын жүректен айтамыз
Жаңа жылмен құттықтап
Бәлішті сыйға тартамыз
Жүргізуші қасқырға себетпен бәліштер сыйлайды. Қасқыр қоштасып көрменің артына тығылып қалады. Жүргізуші: Балалар менде бар бір сұрақ
Жетпей тұр қай қонақ?
Телефон шалайық
Қонаққа шақырайық
Жүргізуші телефонды алып тетігін басады. Жүргізуші: Алло! Аяз Ата біз сені күтіп отырмыз, бізге қонаққа келші.
Аяз атаның дауысы естіледі.