Сұралуы мүмкін сұрақтар (кездесу кезінде пациент қоя алатын сұрақтар тізімі):
"Неге ауырсыну басылмайды?”
Сұралуы тиіс сұрақтар (кездесу кезінде пациент сұрауы тиіс сұрақтар тізімі):
"Доктор, менімен не?"(егер дәрігер диагнозды айтпаса)
Бағдарламаланған (келісілген) жауаптар (егер қажет болса), егер емтихан алушы рұқсат етсе (айтады), онда СП жасайды (жауап береді):
1. "Сізде жүрек ауруы бар ма?"- "Иә".
2. "Сіз осы аурудың сипаты, ұзақтығы, таралуы немесе берілуі туралы айтыңызшы?"- "Мені жүректегі ауырсыну мазалайды, 1 сағат жуық тоқтамайды, ауырсыну сол қолға және сол жауырынға беріледі»
3. "Сіз қандай дәрі қабылдайсыз?"–"Мен екі рет тіл астына нитроглицерин қабылдадым, бірақ ауырсыну азайған жоқ»
4. "Мен бір сағат бұрын әйеліммен телефонмен ұрыстым»
5. "Бұрын қандай операциялар, аурулар болды?"- "Мен инсультті 2 ай бұрын өткердім".
6. "Диспансерлік есепте тұрасыз ба?"- "мен стенокардия және жоғары қысым бойынша кардиологта диспансерлік есепте тұрмын. Амлодипинді үнемі қабылдаймын".
7. "Сіз темекі шегесіз бе?"- "Жоқ»
8. Тұқым қуалаушылық туралы не білесіз? – "Тұқым қуалаушылығым бар (анам ЖИА сырқаттанып, инфаркттан 65 жасында қайтыс болды)".
"Жіті коронарлық синдром кезінде ЖКМКК деңгейінде көмек көрсету» Клиникалық жағдай (есеп):
Сіз – жедел жәрдем дәрігерісіз. Сіз шақыру бойынша 57 жастағы ер адамға келдіңіз, туыстарының айтуы бойынша кеуденің артындағы қатты ауырсыну, ентігу, қорқыныш сезімі, суық жабысқақ тер, бас айналу шағымдары мазалайды. Тапсырма:
Анамнез жинаңыз және коммуникативтік дағдыларын көрсете отырып, пациентті қарап шығыңыз;
Алдын ала диагнозды қалыптастырыңыз;
Коммуникативтік дағдыларын көрсету арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетіңіз.