Науқастың жағдайы:
Жүріс тұрысы
Сіз өо пәтеріңізде, дәрігерді күтудесіз. Жалпы, сіз мазасызсыз, Сіз ары бері мазасыз, асығысып күтудесіз, сөздеріңіз түсінікті. Сіз дәрігерді сыпайылықпен күтудесіз, сұрақтарға ынтамен, өз ауруыңыз туралы дұрыс жауап беріп отырсыз. Сіз дәрігердің әңгімеге шақыруына, сіздің ойыңызды дұрыс бөлісуіне, мақтауына ынтамен жауап беріп отырсыз.
Ойыңыз және идеялар:
Бірнеше жылдан бері аллерголог және пульмонологта өз ауруыңыз туралы қаралып тұрасыз, Осы ауруының қозуы подъезд бояуынан басталды. Сіздің ойыңыз осы ауруыңыздың нашарлауы соңғы кездері басқа да аурулардың дамуына әкеліп соқтыра ма деп мазасызданасыз. Сіздің бронхтарыңызда бір мәселелер бар деп ойлайсыз.
Мазасыздану:
Науқасты түнгі ұстамалар, ауа жетіспеу сезімі, өлімнен қорқу сезімдері мазалайды. Сіздің бұл жағдайыңыз жұмысыңызға кедергі бола ма деп мазасызданасыз.
Күту:
Науқас ИГКС қабылдағысы келмейді және басқа препараттар оның жағдайының жақсаруына, ұстамалар санының азаюына көмектеседі деп күтеді.
Сіз әлі де ауруыңызды дұрыс зерттеп, талдаулардан өтіп, сәзде қорқатындай аса қауіпті ауру жоқтығына дәлелдеуге уақыт жеткілікті деп күтесіз.
Сіз емдеу курсын бастап, жаңа дан алыс жолдарға саяхат жасауға ағзаңызды дайындауға уақыт бар деп ойлайсыз.
Сезім:
Мазасыздану, абыржу, туыстармен алыс жол сапарға шығуға кедергі болады деген оймен өз жағдайына қауіппен қарау.
Стандартталған Пациентті оқыту/Ойын бойынша нұсқау:
Киімі – уйдегі; көңіл күйі – жалпы қанағаттанарлықтай, мазасыздау, қолайлы нәтиже болады деп үміттенеді, бірақ жағдайының нашалап баруы абыржытады
Эмоциялық тақырыптарға және сұрақтарға қалай жауап беру керек – егер дәрігер сіздің жағдайыңызбен, сіздің ойыңызбен, сезіміңізбен, не күтетініңізді бөлісіп отырса – ашық айтуыңыз керек;
Ойнайтын физикальды симптомдар – дәрігер өкпенің физикальді тексерістерін жүргізу керек, басқа мәліметтер клиникалық есепте берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |