Сіз гинекологиялық бөлімнің қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге іштің төменгі бөліміндегі тік ішекке иррадиацияланатын қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жалпы әлсіздікке, дене температурасының 400С дейін жоғарылауына, қалтырауға, жыныс жолдарынан шырышты-іріңді бөліністердің болуына шағымданып әйел келіп түсті.
Тапсырма:
Пациентке сұрау жүргізіңіз.
Диагноз қойыңыз.
Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.
Жүргізу тәсілін анықтаңыз.
Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер
Қа-дам№
|
Қадамдарды бағалау критериі
|
Уақыт (сек)
|
Баллмен бағалау
|
Дұрыс орындады
|
Ескертулермен орындады
|
орындамады
|
1.
|
Пациентті үстелге шақырырыңыз, өзара сәлемдескен соң анамнез жинауды бастаңыз.
|
15
|
5
|
2,5
|
0
|
2.
|
Шағымдарының болуын анықтаңыз, қосымша сұрақтар қою арқылы шағымдардың пайда болуын анықтайтын себептерге жататын, олардың пайда болуына алып келген жағдайларды көрсететін аурудың негізгі симптомдарын анықтаңыз.
|
180
|
10
|
5
|
0
|
3.
|
Анамнезді жинаған соң сізге парақта көрсетілген объективті тексеру мәліметтерін қараңыз, алдын ала диагноз қойыңыз және оны пациентке түсіндіріп негіздеңіз
|
60
|
20
|
10
|
0
|
4.
|
Анализдердің қандай және не үшін алу керектігін пациентке түсіндіріңіз
|
15
|
10
|
5
|
0
|
5.
|
Әңгімелесу кезінде пациенттің физикалық және эмоционалды комфорттық жағдайына қол жеткізіңіз.
|
40
|
10
|
5
|
0
|
6.
|
Сізге парақта көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялаңыз, пациентке түсіндіріңіз
|
40
|
10
|
5
|
0
|
7.
|
Пациентке қорытынды диагнозды құрастырыңыз және негіздеңіз
|
30
|
10
|
5
|
0
|
8.
|
Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын қысқаша жүргізіңіз, пациентке түсіндіре отырып ол ауруларды алып тастаңыз
|
120
|
10
|
5
|
0
|
9.
|
Науқасты ары қарайғы жүргізу әдісін дұрыс негіздей отырып анықтаңыз және компетентті түрде пациентті ауру туралы, оның мүмкін болатын асқынулары, емдеу нұсқаулары туралы ақпараттындырыңыз
|
100
|
20
|
10
|
0
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
600
|
100
|
50
|
0
|
Емтихан тапсырушыға арналған қосымша ақпарат:
Объективті:
Жағдайы ауыр. Тері жабындылары қалыпты түсті, көрінетін шырышты қабаттары таза. АҚ 120/80 мм сын. бағ. Пульсі 90 рет минутына. Тыныс алуы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші кебуі байқалады, апльпация кезінде іштің төменгі бөлімдерінде кенеттен ауру сезімді. Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Ұрғылау симптомы екі жақтан да теріс.
Гинекологиялық статус:
Қарап тексеру: Сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған. Уретра, парауретралды жолдар, бартолин бездері ерекшеліксіз.
OS: Қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты таза, бөлінділері – шырышты-іріңді. Серіппенің өткізгіш жіптері көрінеді.
PV: Жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеуі жабық. Жатырды және жатыр қосалқыларын кенеттен ауру сезіміне байланысты пальпациялау мүмкін емес. Күмбездері тегістелген.
Достарыңызбен бөлісу: |