Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет67/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99
Байланысты:
Китапша

деп қуанышты 
хабармен жүгіріп шығады. Артынан жақсы хабарды естіген биші қыздар тобы келеді.
//МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// САХНАҒА ҚЫЗ БАЛАЛАР ШЫҒЫП, «ЖЕҢІС БИІН» БИЛЕЙДІ// 
(
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=HG2EAYCW9_S
)//
ОРТАСЫ (10 МИНУТ): 
Музыкалық номер
: «Ақ көгершін» әні
Барысы
: Биден кейін балалар орындарына жайғасады. Ортаға жүргізуші және өлең (тақпақ) 
оқитын бүлдіршіндер шығады. Фонда Жеңіс күніне арналған презентация немесе бейнежазба қосулы 
тұрады. 
Жүргізуші: 
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылдың маусым айының 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі 
Кеңес елінің бірлігі мен достығы арқасында 1945 жылы 9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. 
Міне, Ұлы Жеңісті тойлап келе жатқанымызға ___ жыл болды. Қуанышты халық би билеп, ән айтады, 
өлең оқиды. Біздің де балақайларымыз осы бір мерекелі күні жеңіс жайында өлеңдерін дайындап келді.
1-бүлдіршін:

Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн? - деп.
2-бүлдіршін:

Жүйрік озар әйгілі,
Күні бүгін бәйгенің.
Ура, Ура, балалар,
Тоғызыншы май бүгін!
3-бүлдіршін:

Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік.
Жеңіс келді алақай!
Ұмытылмас мәңгілік.
4-бүлдіршін:

Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі көп балаға.


56
5-бүлдіршін:

Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.
6-бүлдіршін:

Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!
Жүргізуші:
Балалар, жеңіс бізге оңай келген жоқ. Жеңіске жету жолында көптеген азаматтар 
ерлікпен қаза болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. 
Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.
Жеңіс, алақай жеңіс!
Жасасын жеңіс
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын! 
– деп « » тобы тәрбиеленушілерінің орындауындағы «Ақ көгершін» әнін тыңдайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет