Сәлеметсіздер ме! Сабақтың тақырыбы: Мектеп кітапханасы



бет6/9
Дата27.12.2016
өлшемі3,13 Mb.
#6292
1   2   3   4   5   6   7   8   9

I МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: МЕНІҢ ОТБАСЫМ

Грамматикалық тақырыбы: ФОНЕТИКА. ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

1. Модульге кіру

2. Грамматикалық тақырып

3. Сөздік жұмысы

4. Лексикалық тақырып

5. Бекіту

2 минут

10 минут

8 минут

15 минут

10 минут

Сөйлесу

2-сабақ

1. Сөздік диктант

2. «Байлық пен ақыл» мәтінімен жұмыс

3. Жаттығуларды орындау

5 минут

20 минут
20 минут

3-сабақ

1. Фонетикалық талдау

2. «Жазғы демалыста» (сөйлесу құру)

3. Сурет бойынша жұмыс

10 минут

20 минут
20 минут

4-сабақ

1. Сөздік диктант

2. «Шие тергенде» мәтінімен жұмыс

3. Аударма жұмысы

4. «Анара сәлем» өнімен жұмыс

8 минут

12 минут
15 минут

10 минут

5-сабақ

«Көшеде» мәтінімен жұмыс

Бекіту (үш деңгейлі кеспелермен жұмыс)



45 минут

Қоры-тынды

6-сабақ

1. Тест

2. Шығарма

10 минут

35 минут

7-сабақ

Қатемен жұмыс

45 минут

Оқушы нені білуі тиіс:

• «Менің отбасым» тақырыбы бойынша әңгімелей білу;

• «Менің отбасым» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.

Оқушы нені үйренуі қажет:

• «Менің отбасым» тақырыбы бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрену;



• дауысты, дауыссыз дыбыстарды айырып, дұрыс қолдануға үйрену.


Кіріспе бөлімі

Біздің отбасымыз

1-сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Грамматикалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Еріннің қызметіне қарай

Жақтың қызметіне қарай

Тілдің қызметіне қарай

еріндік

езулік

Ашық

қысаң

жуан

жіңішке

о, ө, у,

ұ, ү


а, ә, ө, э,

ы, і, и


а, ө, е,

э, о, ө

ы, і, ұ,

ү, у, и


а, о, ы, ұ, (у), (и), э

ә, ө, і, ү, (и), (у), е


ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

1. Буын үндестігі (слоговой сингармонизм)



2. Дыбыс үндестігі (звуковой сингармонизм)

а) қатаң; б, в, г, д + қатаң бас + тық

ә) ұяң (б, в, г, д әріптерінен басқа) - ұяң, үнді ауыл + ға

б) ... к г шелек + і —> шелегі

... п + дауысты б кітап + ы —> кітабы

... к ғ тарак - ы —> тарағы



V. Фонетикалық талдау жасау. Оқулықта берілген фонетикалық талдауды негізге ала отырып, оқушылар берілген сөздерге фонетикалық талдау жасайды. Әр топқа әр түрлі сөздер беріледі. Дайындыққа 4 минут уақыт. Содан кейін оқушылар жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.

1-топ: мамандық; 2-топ: заңгер; 3-топ: шөбере.



Жауап үлгісі

1-топ


Ма-ман-дық - үш буынды, 1- ашық, 2, 3 - бітеу буындар

м - дауыссыз, үнді;

а - дауысты, езулік, ашық, жуан;

н - дауыссыз, үнді;

д - дауыссыз, ұяң;

ы - дауысты, езулік, қысаң, жуан;

қ - дауыссыз, қатаң.


Жауап үлгісі

2-топ


Заңгер - екі буынды, 1,2- бітеу буындар

з - дауыссыз, ұяң;

а - дауысты, жуан, езулік, ашық;

ң - дауыссыз, үнді;

г - дауыссыз, ұяң;

е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

р - дауыссыз, үнді.



Жауап үлгісі

3-топ



Шө-бе-ре – үш буынды, 1,2,3 – ашық буындар

ш - дауыссыз, қатаң;

ө - дауысты, еріндік, ашық, жіңішке;

б - дауыссыз, ұяң;

е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

р - дауыссыз, үнді.



VI. Сөздік жұмыс.

онша - не очень немере - внук

жеке меншік - частный шөбере - правнук

балалар дәрігері - педиатр заңгер - юрист

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.

Онша үлкен емес, жеке меншік үй, балалар дәрігері болып істейді,...

4. Сөйлемдер құрау.

Менің отбасым онша үлкен емес.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

VII. Сергіту жаттығу.

Аталар, Апалар,

Әжелер, Балалар -

Ағалар, Өр үйде

Әпкелер, Бар олар.

(Әли Ысқабай)

VIII. Лексикалық тақырып. Тақтада берілген сызба бо­йынша жаңа тақырыпты түсіндіру:

а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.

ә) Содан кейін оқулықта берілген мәтінді іштей бір рет оқиды.

б) Мәтін бойынша «Мені түсін» ойыны.





Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді оқып болғаннан соң, мұғалім оқушылардан кітаптарын жауып, осы мәтіннің негізгі мазмұнын қамтитын 10 сөзді дәптерлеріне жазуларын талап етеді. Содан кейін мұғалім өзі алдын ала дайындаған түйінді сөздермен салыстырады. Осы түпнұсқамен сөздері сәйкес келген болса, сол жеңімпаз деп танылады.

в) Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру (2-тапсырма, 4-бет).

1. Сенің отбасың үлкен бе?

2. Отбасыңда қанша адам бар?

3. Сенің ата-анаң қай жерде жұмыс істейді?

4. Сенін әпкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?

5. Олар неше жаста?

6. Олар не істейді?

IX. Бекіту. Сыныптағы оқушылар екі-екіден отырады. Әр оқушы өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 5-7 минут уақыт беріледі. Содан соң оқушылар бір-бірінің тапсырма­сын жауап үлгісі бойынша тексереді.


1

Сұрақтарды аударыңдар

1. Как тебя зовут?

2. У тебя есть бабушка и дедушка?

3. Чем они занимаются?

4. Сколько лет твоему отцу?

5. Где он работает?

6. Сколько лет твоей маме?

7. Как её зовут?

8. У тебя есть братишка (сестренка)?

9. Что они делают?

10. Где ты живешь?


2

Сөйлемдерді аяқтаңдар

1. Менің ....

2. Менің....

3. Олар....

4. Әкем....

5. Ол....

6. Анам....

7. Оның....

8. Менің... .

9. Олар....

10. Мен....



№1 жауап үлгісі

1. Сенің атың кім?

2. Атаң мен әжең бар ма?

3. Олар не істейді?

4. әкең неше жаста?

5. Ол қайда жұмыс істейді?

6. Анаң неше жаста?

7. Оның аты кім?

8. Інің (қарындасың, сіңлің) бар ма?

9. Олар не істейді?

10. Сен қайда тұрасың?


№2 жауап үлгісі

1. Менің атым....

2. Менің атам мен әжем бар (жоқ).

3. Олар - зейнеткерлер, құрметті демалыста.

4. Әкем 45 жаста.

5. Ол зауытта жұмыс істейді.

6. Анам 42 жаста.

7. Оның аты....

8. Менің інім (қарындасым, сіңлім) бар (жоқ).

9. Олар мектепте оқиды.

10. Мен Алматыда тұрамын.


6-тапсырма. Жаңылтпашты жаттап, тез айтуға жаттығу.

7-тапсырма. «Ақанның ағасы» мәтінін түсініп оқып, мазмұның айту. Топтық жұмыс.

1) Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.

2) Рөлге бөліп мәтінді оқу.

3) Сұрақтарды құрастырып, оларға жауап беру.

4) Мазмұның айтуға дайындау.

X. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау. Сызба бойынша мәтінді әңгімелеу.
Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Байлық пен ақыл

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Сөздік жұмыс.

телефон шалу - звонить төлқұжат - доқумент

жаңалық - новость құшақтау - обнимать

көріскенше - до встречи есептелу - считаться

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.



2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жана сөздерден сөз тіркестерін құрау.

әжеге телефон шалу, әжені құшақтау, соңғы жаңалық,...

4. Сөйлемдер құрау.

Мен теледидардан соңғы жаңалықты тыңдадым.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

V. «Менің атам мен әжем» мәтінмен жұмыс.

а) Мәтін бойынша «Даналық ағашы» ойыны.



Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.

ә) Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыр­туды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.



VI. Сергіту жаттығу.

Менің әжем

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Адам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі - әжем.

(Д. Мырза Әли)

VII. Оқулықпен жұмыс (7-тапсырма, 10-бет). Сыныпты 3 топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын орындайды. Дайындыққа 4-5 минут уақыт беріледі. Содан кейін әр топтан бір оқушының жауабын тыңдап, бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет