I топ: Аты кім? Кім неше жаста?
II топ: Кім қай сыныпта оқиды?
III топ: Кім қайда тұрады?
Мысалы:
I топ: Менің атым - Айман. Мен бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылы тудым. Он екі жастамын.
II топ: Былтыр бесінші сыныпта оқыдым. Биыл алтыншы сыныпта оқып жүрмін. Келесі жылы жетінші сыныпта оқимын.
III топ: Мен Алматы қаласы Абай даңғылы №35 үйде, №56 пәтерде тұрамын.
VIII. Диалог құрастыру. Оқулықта берілген сызба бойынша сұрақтарды оқып, жауап беріледі (9-бет). Дайындыққа 7 минут уақыт беріледі. Бірнеше жұпты тыңдау.
IX. «Байлық пен ақыл» мәтінімен оқу мыс:
а) 1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, жаңа сөздермен танысу; ә) 2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
X. 8-тпапсырма. «Балаға неге құлақ береді?» деген сұраққа жұптық жұмыс негізінде жауап беру. Өзара сөйлесу.
XI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма.
3-сабақ
Жазғы демалыста
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Сөздік жұмыс.
Ыстықкөл - Иссык-Куль қорған, бекініс - замок
жағажай - пляж құм - песок
күнге қыздырыну - загорать түгел - все
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.
Ыстықкөлде демалу, құмнан қамал жасау,....
4. Сөйлемдер құрау.
Биыл жазда мен Ыстықкөлде демалдым.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
V. Оқулықпен жұмыс (2-тапсырма, 12-бет). Оқулықта берілген диалогті оқып, өзара диалог құрастырады. Дайындыққа 7 минут уақыт беріледі Бірнеше жұпты тыңдау.
VI. Суретпен жұмыс (12-6ет).
1. Суреттер бойынша сөздерді айту.
2. Осы сөздерден сөз тіркестерін құрау.
3. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау.
4. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру.
1. Суретте... отбасы бейнеленген.
2. Олар Ыстықкөлде демалып жатыр.
3. Күн қандай ыстық!
4. Қанаттың отбасы демалуға түгел келді. Олар
Қанаттың әкесі, анасы, қарындасы және өзі.
5. Қанат пен әкесі қайықпен серуендеп жүр.
6. Шешесі күнге қыздырынып жатыр.
7. Қарындасы құмнан қамал жасап отыр.
5. Сурет бойынша әңгіме құрау. Дайындыққа 3-4 минут уақыт беріледі.
VII. Сергіту жаттығу.
VIII. Жазба жұмысы. Оқулықта берілген 13-беттегі 4-тапсырманы орындау. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазу. Тапсырманы орындауға 5-6 минут уақыт беріледі. Содан кейін оқушылар бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.
Жауап үлгісі
1. Әр демалысты біз отбасымызбен бірге өткіземіз.
2. Әкем мен шешем кезекті демалысқа шықты.
3. Біз отбасымызбен жылда демалуға барамыз.
4. Былтыр жазда отбасымызбен Бурабайға бардық.
5. Биылғы жазғы демалысты Ыстықкөлде өткіздік.
6. Әр жексенбі сайын Медеуге, Шымбұлаққа, тағы да басқа демалыс орындарына барамыз.
|
IX. Сызба бойынша жұмыс. 5-тапсырманы орындау.
X. Үй тапсырмасы. 7-тапсырма. «Менің әжем» өлеңін жаттау.
4-сабақ
Шие тергенде
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын барысын айту.
IV. Сөздік жұмыс.
аялдама - остановка менен гөрі үлкендеу –
көп ұзамай - вскоре постарше меня
бірден - сразу ұсыну - предложить
алдыңғы есік - передняя кішіпейіл - скромный
дверь бос - свободно
отырыңыз - садитесь қалай жетуге болады -
как можно доехать
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.
Келесі аялдама, бірден жауап беру, кішіпейіл бала,....
4. Сөйлемдер құрау.
Оқушы мұғалімнің сұрағына бірден жауап берді.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
V. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. «Шие тергенде» мәтінімен жұмыс.
Мәтін бойынша «Даналық ағашы» ойыны.
Ойынның шарты:
Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.
VI. Сергіту жаттығу.
Анаға сәлем
Әні Е. Хасаңғалиев
Сөзі Ө.Иманәлиев
Қайырмасы: Мереке күніңмен, Көргенше алаңмын,
Қарсы алам өзіңді. Аңсаймын толғанам.
Сәбилік үніммен, Қабыл ал, балаңның
Арнаймын сөзімді. Сәлемін жолдаған.
VII. 2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Сөз тіркестерді дұрыс құрастыру.
Мере- ке кү-нің- мен,
Қар-сы а-лам ө-зің-ді.
Сә-би-лік ү-нім-мен,
Ар-най-мын сө-зім-ді.
|
Жауап үлгісі
Қайырмасы:
Көр-ген-ше а-лаң-мын,
Аң-сай-мын тол-ға-нам.
Қа-был ал, ба-лаң-ның
Сә-ле-мін жол-да-ған.
|
VIII. Аударма жұмыс. 16-беттегі 4-тапсырманы орындау. Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын орындайды. Диалогті аударып, өз сұхбаттарын құрастырады. Дайындыққа 8-10 минут уақыт беріледі. Бірнеше жауапты тыңдау.
I топ «В автобусе» диалогін аударады.
II топ «На остановке» диалогін аударады.
IX. 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Мұғалім жауап үлгісін дайындайды. Оқушылар жұпта орындап болғаннан кейін жауап үлгісі бойынша бірін-бірі тексеріп, бағалайды.
X. Үй тапсырмасы. Жаңа сөздерді жаттау.
5-сабақ
Тақырыбы: Көшеде
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Үш деңгейлі тапсырманы орындау.
Ойынның жүру барысы.
Әр оқушының алдында үстелде барлық үш күрделілік деңгейіндегі сұрақтары бар парақтар жатыр (әр парақта 2-3 тапсырмадан). Оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады.
Оқушылар деңгейді таңдайды:
• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.
• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.
• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.
Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7 немесе 10 минут уақыт беріледі. Оқушылар жұп-жұбымен отырады. Содан соң өзара дәптерлерін алмастырып, бірін-бірі жауап үлгісі бойынша тексеріп, бағалайды. Деңгейлік тапсырмалар оқулықта берілген.
Жауап үлгісі
III деңгей
1. Онша емес, балалар дәрігері, заңгер, шөбере, төлқұжат, телефон шалу, ауысым, ояну, жаяу.
ІІ деңгей
1. Мен мектепке дейін жаяу барамын. Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Мен келесі аялдамадан түсемін. Менің досым менен гөрі үлкендеу. Өлеңді бірден жаттап алдым.
|
Жауап үлгісі
III деңгей
2. Не-ме-ре - үш буынды, 1, 2, 3 - ашық буындар.
н - дауыссыз, үнді;
е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
м - дауыссыз, үнді;
р - дауыссыз, үнді.
Пә-тер - екі буынды, 1 - ашық буын, 2 - бітеу буын.
п - дауыссыз, қатаң;
ө - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
т - дауыссыз, қатаң;
е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
р - дауыссыз, үнді.
Күн - бір буынды, 1 - бітеу буын.
к - дауыссыз, қатаң;
ү - дауысты, еріндік, қысаң, жіңішке;
н - дауыссыз, үнді.
|
II деңгей
2. - Сенін атың кім?
- Менің атым....
- Атаң мен әжең бар ма?
- Менің атам мен әжем бар (жоқ).
- Олар не істейді?
- Олар - зейнеткерлер, құрметті демалыста.
- Әкең неше жаста?
- Әкем 45 жаста.
- Ол қайда жұмыс істейді?
- Ол зауытта жұмыс істейді.
- Анаң неше жаста? Оның аты кім?
- Анам 42 жаста. Оның аты ....
|
V. Сергіту жаттығу.
Ағам талай ат тағалады,
Ағам қалай ат тағалады.
Қалай ат тағалағанын
Білсем, мақтана аламын,
Білмесем, ұятқа қаламын.
VI. Үш деңгейлі тапсырманы жалғастыру.
Жауап үлгісі
III деңгей
3. Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда 4 адам. Олар: әкем, анам, ағам және мен. Біз Алматыда турамыз. Мен Төле би көшесінде, 25 үйде, 60 пәтерде тұрамын. Әкемнің мамандығы - экономист. Жеке меншік фирмасы бар. Анам №1 емханада жұмыс істейді. Ол 42 жаста. Ағамның аты - Дәулет. Жасы 22-де, Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті. Біздің отбасымыз өте тату. Мен өз отбасымды жақсы көремін.
II деңгей
3. Ашық дауысты дыбыстар Қысаң дауысты дыбыстар
әже кісі
әке гүл
емес жүз
мен іні
немере үй
өз үш
|
VII. «Көшеде» мәтінімен жұмыс. 3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап жауап беру.
VIII. 5-тапсырма. Топтық жұмыс. Мәтінмен танысып, топта пікір алысу. «Жолды неге кесуге болмайды?» дегенді қалай түсінетінін айтып әр топ сөз алады.
IX. Үй тапсырмасы Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.
Қорытынды бөлім
6-сабақ
Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
III. Тест жазу.
1. Сызбаны толтырыңдар.
2. Сөздердің аудармасын табындар.
1) жаңалық а) внук
2) немере ә) считаться
3) ояну б) новость
4) есептелу в) просыпаться
3. Сөйлемді дұрыс құраңдар.
1 2 3 4 5
Бардық, жазда, отбасымызбен, Бурабайға, былтыр.
4. Мына талдау дұрыс па?
Әкем - 1 буын, 1 - ашық буын.
а) иә
ә) жоқ
5. Өлеңді аяқтаңдар.
Менің әжем,...,
Ұл мен қыздың бағы ....
6. Сенің жасың нешеде?
а) он екі
ә) он екінші
б) он екіде
7. Сен нешінші сыныпта оқисың?
а) алтау ә) алты
б) алтыншы
8. Еріндік дауыстыларды белгілеңдер.
а) а, ә, е, э, ы, і, и
ә) о, ө, у, ұ, ү
б) а, о, ө, ү, ұ
IV. Шығарма жазу.
II МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: МЕНІҢ ДОСТАРЫМ
Грамматикалық тақырыбы: СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
1. Модульге кіру
2. Грамматикалық тақырып
3. Сөздік жұмысы
4. Лексикалық тақырып
5. Бекіту
|
2 минут
10 минут
8 минут
15 минут
10 минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
1. Сөздік диктант
2. «Екі ДОС» мәтінімен жұмыс
|
5 минут
20 минут
|
3-сабақ
|
1. Фонетикалық талдау
2. «Досымның отбасы»
(сөйлесу құру)
3. Сурет бойынша жұмыс
|
10 минут
20 минут
20 минут
|
4-сабақ
|
1. Сөздік диктант
2. «Достастыру» мәтінімен жұмыс
3. Мақал-мәтелдермен жұмыс
4. «Ізетті бала» өлеңімен жұмыс
|
8 минут
12 минут
15 минут
10 минут
|
5-сабақ
|
Бекіту (үш деңгейлі кеспелермен жұмыс)
|
45 минут
|
Қорытынды
|
6-сабақ
|
1. Тест
2. Ауызша сынақ
|
10 минут
35 минут
|
Оқушы нені білуі тиіс:
• «Менің достарым» тақырыбы бойынша әңгімелей білу;
• «Менің достарым» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.
Оқушы нені үйренуі қажет:
• «Менің достарым» тақырыбы бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, сауатты жазу.
Кіріспе бөлім
1-сабақ
Менің достарым
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрамын түсіндіру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Грамматикалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Тілдегі өрбір сөздің мағынасы бар. Сөз өзінің тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданыла береді.
|
|
Әр түрлі мағыналарды білдіретін сөз көп мағыналы сөз деп аталады.
Мысалы (көп мағыналы сөз): Адамның басы. Таудың басы. Істің басы. Бас дәрігер.
|
Достарыңызбен бөлісу: |