Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері: І кезең – мектеп мұғалімдеріне,оқушыларына қажетті психологиялық көмек көрсету. ІІ кезең – мектептегі психологиялық қызметтің жұмысын жоспарлау ІІІ кезең –педагогикалық үрдіске қатысушылардың қажеттілігін анықтап, жұмыстың негізгі бағыттарын іске асыру ІV кезең – нәтижелерді қорытындылау, жалпылау және есеп беру кезеңі. сақтау - Психологтың құқықтары:
- 1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады.
- 2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижелі, әрі өнімді іс-әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады.
- 3. Оқыту - тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра алады.
- 4. Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді қатыса алады.
- 5. Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді.
- 6. Психолог өзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі конференцияларға, семинарларға қатыса алады; психологиялық орталықтармен ассоциациялармен, практик-психологтармен, сонымен қатар оқу орындарындағы психология кафедраларымен іскер байланыс жасай алады.
- 7. Арнайы дайындығы жоқ адамдарға, психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады.
- 8. Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тарта алады.
|