Семинар ( практикалық) сабақтарының мазмұны Оқытушы жетекшілігімен орындалатын


Тақырып 6. Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог қызметіндегі психодиагностика



бет3/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,68 Mb.
#39326
түріСеминар
1   2   3   4

Тақырып 6. Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог қызметіндегі психодиагностика.

Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы психодиагностика. Психикалық даму диагностикасының ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі жастағы балалар диагностикасы. Психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу. Дамудың диагностикалық картасы.



Мақсаты:Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы психодиагностикалық жұмыстың ерекшелігі, мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

Психодиагностикалық жұмыс – баланың психикалық даму ерекшелігін, жеке басындағы білім, дағды, іскерліктерінің жас ерекшелігі мен қоғамның талабына сай келуін анықтау болып табылады.

Психодиагностикалық жұмыстағы ғылыми аспектісі: білім берудегі тәжірибелік психологияның әдіснамалық және теориялық мәселелері тұрғысында ғылыми зерттеулерді оқып- үйрену.

Қолданбалы аспектісі: мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарының психологиялық заңдылықтарын ғылыми қабылдаған әдістер бойынша зерттеу. Зерттеу аспектісі: зерттеу мәліметтері бойынша мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарына тікелей көмек көрсету.

Психодиагностикалық ақпараттың әсері: қазіргі кезде психология іс-әрекеттерін түрлі жолдп\армен әсер етеді. Мұндай жолдардың бірі- тұрғылықты халықтың түрлі категорияларына психологиялық көмек көрсету. Арнайы дайындыққа ие болған психолог-маман ата-аналарға баланы тәрбиелеуде отбасылық шиеленіске тап болған балаларда басқару стилі мен қарым-қатынасты қалыптастыруда басшыларға психологиялық кеңес беру арқылы көмек көрсете алады.

Толық психологиялық мәлімет алу үшін арнайы психодиагностикалық әдістер қажет. Жалпы алғанда, психодиагностика психологиялық диагнозды қоюдың ғылым мен тәжірибесі болып табылады. Г.Роршахтың «Психодиагностика» (1921) атты еңбегінен кейін психиатрияда тарап кеткен психодиагностика термині медицинаның шектерінен тез арада шығып кетті. «Диагноз» термині ағзаның қалыпты қызмет етуден немесе дамудың кез-келген ауытқу ретінде және тіпті нақты субъектінің қалпы ретінде түсіндіріле бастады.

Психодиагностикалық міндеттер әртүрлі жолдармен шешілуі мүмкін. Мұндай жолдардың бірі – психологиялық жәрдем көрсету барысында зерттелушіні ұзақ уақыт бойы бақылау. Басқа долы- зерттелушіні нақты өмірлік жағдайда бақылау, мысалы, жеткіншек баланы- сыныпта бақылау. Мұндай әдістер зерттелуші туралы құнды мәліметтерді беруі мүмкін, алайда қолдануда қиыншылықтар туындауы мүмкін және де ол әдістер көмегімен алынған мәліметтерді интерпретациялау қиынгға түседі. Сондықтанда психодиагностикада арнайы психодиагностикалық әдістемелер ендірілген.

Мұндай әдістемелердің бірқатар ерекшеліктері бар:



  1. Олар психодиагностикалық ақпаратты салыстырмалы қысқа мерзімге мүмкіндік береді;

  2. Олар туралы жалпы емес, нақты оның қажетті ерекшеліктері туралы ақпаратты береді;

  3. Ақпарат индивидті басқа адамдармен салыстыруға мүмкіндік беретін сандық және сапалық түрде болуы мүмкін.

Психодиагностикалық әдістемелер арқылы алынатын ақпарат индивидке жәрдем көрсетудің амалдарын таңдағанда, оның өнімділігін болжауда өте қолайлы болады. Осы ерекшелігіне сәйкес бірнеше өзекті сұрақтар туындауы мүмкін. Солардың ішінде- психодиагностикалық зерттеу нәтижесінде алынған ақпаратты зерттелушіге бергенде. Ол қаншалықты индивидке терең әсер етіп, оның тұлғасының қандай қырларын мейлінше көп әсер түседі деген үлкен мәнге ие болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Психолог жұмысындағы психодиагностиканы жүргізу ерекшелігі қандай?

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың диагностикасы қалай жүргізіледі?

  3. Психодиагностикалық зерттеу нәтижесін қалай рәсімдейді?

  4. Дамудың диагностикалық картасын қалай жүргізеді?

Әдебиеттер:

  1. Детская практическая психология / Под.ред. Т.Д. Марцинковской.М. 2000

  2. Детский практический психолог / Под.ред. Шаграевой О.А. Козловой С.А. М. 2001г.

  3. Задачи и функции психолога в дошкольном учреждении. Руководство для практического психолога / Под.ред. Л.А. Венгера. М. , 1993

  4. Чиркова Т.И. Психологическая служба в детском саду. М. 2001

Тақырып 7. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық коррекция.

Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы психологиялық коррекция. Психокоррекциялық жұмыстың ерекшелігі. Коррекциялық топ, жекелей және топтық жұмыс.



Мақсаты:Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы психокоррекциялық жұмыс, оның мазмұны, жүзеге асырылу ерекшеліктерімен таныстыру.

Психологтың психологиялық түзету – дамыту жұмысы психолог, Г.А. Цукерманның ескертуі бойынша «жекелей қабілеттерді қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар бала жаңа әрекеттерге интер- психологиялық кеңістік арқылы өтіп, қабілетті болады», яғни психолог жаңа мүмкіндіктердің ізделіп отырған психологиялық дағдылар немесе процестің жетілуі алуына және баоаға қажетті болуына, басқа адамдармен қарым-қатынас құруына шарттар жасайды [58].

Психокоррекциялық жұмыстың мақсатын анықтауда негізгі үш бағыт бар:


  1. Дамудың әлеуметтік жағдайын белсендіру;

  2. Бала іс-әрекетін дамыту;

  3. Жас кезеңдік психологиялық құрылымдардың қалыптасуы.

Коррециялық жұмыстың мақсатын нақтылауда келесі ережелерді ескеру керек:

  1. Коррекцияның мақсаты негативті емес, позитивті формада тұжырымдалуы керек. Коррекцияның мақсатын анықтау «жоқ» деген сөзден басталмау керек, жеткіншектің ынтасын, жеке бастық даму мүмкіндіктерін шектейтін түсініктер болмауы керек.

  2. Коррекцияның мақсаты коррекциялық жұмыстың ұзақтығына және жеткіншектің меңгерген жаңа жағымды тәжірибесін шынайы іс-тәжірибесіне енгізу мүмкіншіліктеріне сәйкес болу керек.

  3. Коррекцияның жалпы мақсаттарын анықтау кезінде жеке адамның даму аймағын ескеру керек және коррекциялық бағдарламаны аяқтау кезінде көрінетін жеке бастық және ақыл-ой мүмкіншіліктердің әртүрлі іс-әрекет және қарым – қатынас барысында көрінуін жоспарлау керек.

  4. Коррекциялық жұмыстың нәтижесі ұзақ уақыт арасында көрінетіндігін ескеру керек,яғни коррекциялық жұмыстың барысында, оның аяқталу кезінде және жарты жылдан кейін коррекциялық жұмыстың нәтижесі жайында айтуға болады.

Түзету жұмысын жасаудың мақсаты- балалардың үлкендермен бірге жасайтын белсенді қызмет үрдісінің негізінде психикалық дамуының заңдылығын түсінуменанықталады. Осы негізде коррециялық мақсат қоюдың үш негізгі бағыты ерекшеленеді: дамудың әлеуметтік жағдайын тиімді ету; баланың жасайтын қызмет түрлерін дамыту; психологиялық жаңа құрылымдарды қалыптастыру.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Психокоррекциялық жұмыс дегеніміз не?

  2. Психокоррекциялық жұмыстың мақсатын анықтауда қандай бағыттар бар?

  3. Коррекциялық жұмыстың мақсатын анықтауда қандай ережелерді сақтау керек?

  4. Түзету жұмысын жасаудың мақсаты қандай?

Әдебиеттер:

  1. Детская практическая психология / Под.ред. Т.Д. Марцинковской.М. 2000

  2. Детский практический психолог / Под.ред. Шаграевой О.А. Козловой С.А. М. 2001г.

  3. Задачи и функции психолога в дошкольном учреждении. Руководство для практического психолога / Под.ред. Л.А. Венгера. М. , 1993

  4. Чиркова Т.И. Психологическая служба в детском саду. М. 2001

Тақырып 8. Практик- психолог жұмысындағы алдын алу жұмыстары.

Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы алдын-алу жұмыстары. Тұлға дамуындағы ауытқулардың алдын-алу. Бала-бақша ұжымында даму-дамайлы жағдайлардың алдын-алу.



Мақсаты:Студенттерді мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы алдын –алу жұмыстарымен, олардың мазмұнымен таныстыру.

Мектепке деінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы алдын-алу жұмыстарының мазмұны:



  1. Тәрбиеші мен ата-аналарды балалар психологиясы мен, педагогикалық психология мен, әлеуметтік психологияның негіздері мен таныстыру.

  2. Жаңа психологиялық зерттеулердің нәтижелерін ұсынып, түсіндіру,

  3. Психологиялық білімдерге қажеттілікті қалыптастыру: оны балалар мен жұмыста қолдануға баулау.

Психологиялық ағарту жұмысын лекция, әңгіме, семинар, көрме, әдебиеттер бұрышын ұйымдастыру формаларында өткізуге болады.

  1. Психологиялық түзету-дамыту жұмыстары- клиенттің бойында көрініс берген психологиялық сапалардың кемшіліктерін түзету болып табылады. Осы қызмет түріне жекелей тоқталайық.

Психологтың психологиялық коррекциялық және дамытушылық жұмыстарының мазмұны тікелей диагностикалық жұмыстың мазмұнына тәуелді, ал ол өз тарапынан психологқа келіп түскен сұраныстың сипатына байланысты.

Психологтың сұранысқа жауабы

Сұранысты екі тұрғыдан қарастыру керек.


  1. Өтінішке спецификалық қалыптаспаған жолмен жауап қайтару. Ол екі тәсілді жүзеге асырады.

1-ден өтінішке оның мазмұнынан тыс психодиагностикалық әдістерінің стандарты жиынтығы ретінде жауап беру. Мұндай анықтау жұмысының негізгі мақсаты- баланың психикалық даму деңгейінің жалпы көрінісін анықтау. Ал диагностикалық нәтижесі қиын баланы дамыту, түзету жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің кемшілікетрі де бар, біріншіден ол көп уақыт алады, екіншіден оны жүзеге асыру мүмкін бола бермейді. Сондай-ақ психологты да, «қиын» б/ны да қажытады. Сондықтан «қиын» бала тексерілуден бас тартады, бас тартпаған жағдайда ол тапсырманы үстірт қана орындап шығады. Және ең басты кемшілік-пайдаланатын жиынтығы қанша толық болса да, жеке адамды мұндай сипаттау үшін кем болады.

2-тәсіл белгілі Америка психологы К.Роджерс енгізген психологиялық жұмыс типі. Роджерстің көзқарасы бойынша баланың жеке басының дамуына және бойындағы жаман қылықтардан арылуға жағдай туғызу керек.



  1. Алынған өтінішке сай диагностикалық процедураларды таңдау. Мысалы нашар үлгерім туралы шағым түссе, әуелі оның танымдық процестеріне талдау жасайды. Бұндай диагностика нашар үлгерімі себебін анықтамаған жағдайда барып, басқа параметрлерін қарастырады. Диагностика нәтижесінде түзету жұмысы белгіленеді. Ол көбінесе жаттығу жаттықтырады. Мінез-құлқында ауытқушылық болса – әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруды қолға алады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Психолог жұмысындағы алдын-алу жұмыстары қалай жүргізіледі?

  2. Психологиялық ағарту жұмыстары қандай формада өткізуге болады?

  3. Бала-бақша ұжымында дау-дамайлы жағдайлардың алдын-алудың ерекшеліктері қандай?

  4. Тұлға дамуындағы ауытқулардың алдын-алу жұмыстары қандай?

Әдебиеттер:

  1. Детская практическая психология / Под.ред. Т.Д. Марцинковской.М. 2000

  2. Детский практический психолог / Под.ред. Шаграевой О.А. Козловой С.А. М. 2001г.

  3. Задачи и функции психолога в дошкольном учреждении. Руководство для практического психолога / Под.ред. Л.А. Венгера. М. , 1993

  4. Чиркова Т.И. Психологическая служба в детском саду. М. 2001

Тақырып 9. Мектепке дейінгі мекеме психологының отбасымен жұмыс ерекшелігі.

Психологтың ата-аналармен жұмыс істеу ерекшелігі. Психологтың ата-аналармен жұмыс түрлері және формалары. Ата-аналармен диагностикалық жұмыс ерекшелігі. Ата-аналармен кеңес беру және алдын-алу жұмыстары. Отбасымен жұмыс істеудың ерекшелігі.



Мақсаты: студенттерді мектепке дейінгі мекеме психологының отбасымен жұмыс ерекшеліктерімен, оның түрлері, формаларымен таныстыру.

Кез-келген білім беру мекемесінде жүұмыс жасай отырып, психолог балалардың ата-аналармен және педагогтармен тығыз қарым-қатынасқа түседі. Психологпен педагогтың жұмысы бір жерден шыққан кезде ғана белгілі бір жетістікке жетеді. Бірақ , олар бір-біріне толық сенген кезде ғана тиімді болады. Психолог жұмысының арқасында пайда болған қиыншылықтарды шешетін арбитордың рөліне енеді. Бұл оны жұмысынан қойылатын талаптарды күшейтеді. Психолог бао\ланың ата-аналармен міндетті түрде жұмыс жасайды. Ол үшін ата-аналармен индивидуалды топтық, кездесулер ұйымдастырып отырады. Ата-аналардың балалардың бойында көргісі келген қасиеттерді өз бойында қалыптастыру керек. Ата-аналармен педагогтарда пайда болған нақты проблеманы шешу үшін индивидуалды консультациялық жұмыстарды үнемі жүргізіп отырады.

Психологиялық саулық-тұлғаға қатысты, тұлғалық дамудың жоғарғы деңгейі, өзін және басқаларды түсіну, өзін-өзі басқара алу, өзіне және басқаларға дұрыс қатынаста болу, өз тағдыры мен дамуына жауапкершілігін саналы түсінуді білдіреді. (О.В.Хухлаева., 2001). Психикалық саулық гормония, баланс, адам мен басқа адамдар арасындағы тепе-теңдік, адам, табиғат, космос арасындағы гормонияны білдіреді. Бұл гуманистік тұлға теориясының көрнекті өкілі А.Маслоудың өзін-өзі актуализациялаған тұлға концепсиясындағы позияларға сәйкес келеді. (Хьелл Л., Зиглер Д. 2001)

Әр жас кезіндегі психологиялық саулықтың дамуына және бұзылуына әкелетін себептердің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл себептерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: объективті немесе сыртқы орта факторы және субъективті, индивидуалды-тұлғалық ерекшеліктерге тәуелді факторлар.

Сыртқы орта факторларына отбасындағы жағымсыз факторлар және балалар тәрбиеленетін мекемелермен, кәсіби іс-әрекетпен , мемлекеттегі әлеуметтік-эконмикалық жағдайымен байланысты факторлар жатады. Сыртқы орта факторларының маңызы балалық және жасөспірімдік кезеңдерде жоғары болады.

Нәрестелік кезеңде (туғаннан 1 жасқа дейін ) қалыпты даму факторы болып баланың анасымен жеткілікті жақын қарым-қатынасы орын алады. Сондықтан анасымен қарым-қатынастың жетіспеушілігі бала дамуында әр –түрлі ауытқуларға әкеледі. Алайда бүгінгі отбасыларында жиі кездесетін жағдай-жоғарыда айтылғанға қайшы, қарым-қатынастың шектен тыс көп болу потологиясы да психологиялық саулықтың бұзылуына әкелетін фактор болып табылады. Отбасылық қарым – қатынастың осы типі ата-аналармен де, маман –психологтармен де ауытқуға әкелетін фактор ретінде қарастырылмайды. Ашып айтсақ, қарым-қатынастың шектен тыс көп болуы-гиперқамқорлық –баланың жүйке жүйесінің шектен тыс қозуына, стимуляциясына әкеледі. Мұндай жағдайда бала ата-ананаың « эмоционалды болғанына» айналады, олармен симбиотикалық тығыз байланыста болады, балаға еркіндік берілмейді, оның іс – әрекеті гиперқамқорлыққа-шектен тыс күтімге алынады.

Қарым-қатынас патологиясының келесі түрі шектен тыс стимуляциясының қарым-қатынастың жеткіліксіздігімен араласып келуі, яғни баланың өмірлік ритімдерінің құрылымдық ұйымдастырылуы, ретсіздігі. Мысалы, үнемі жұмыспен немесе оқумен қолы босамайтын ана баламен күнделікті жеткілікті қарым-қатынас мүмкіндігі болмағандықтан, кінәлілік сезімін шектен тыс еркелетумен жуып-шаюға тырысады.

Қарым-қатынас патологиясының үшінші түрі- формалды қарым-қатынас, яғни баланың қалыпты дамуына қажетті эмоционалды – сезімдік негізінен арылған қарым-қатынас.

Баланың анасымен қалыпты қарым-қатынасының бұзылуы жағымсыз тұлғалық құрылымдардың қалыптасуына әкеледі, яғни қоршаған дүниеге сенім мен тәуелсіздіктің орнына мазасыз тәуелділік пен сенімнің жойылуы орын алады ( М. Эйнсверт, Э. Эриксон). Бұл жағымсыз құрылымдар тұрақты болады, бастауыш сынып кезеңіне дейін сақталып, баланың ары қарай дамуы барысында жас және индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі формаларды қабылдайды. Мысалы, бастауыш сынып кезеңіндегі мазасыз тәуелділік көрінісі – ересек адамның бағасына шектен тыс тәуелді болып, оған үлкен мән беру, сабақты тек ата-анасымен бірге дайындалуға тырысуы; ал қоршаған ортаға сенімсіздік көрінісі- деструктивті агрессивтіліктен, өте күшті мотивсіз қорқыныстардан жоғары мазасыздықтан байқалады ( Хьелл Л., Зиглер Д. 2001).

Ерте балалық шақ – баланың анасына амбивалентті қатынасының кезеңі, ал бала белсенділігінің негізгі формасы—агрессия болып табылады, сондықтан психологиялық саулықтың ауытқуына әкелетін фактор ретінде агрессияға тиым салу орын алады. Мысалы, үнемі тіл алғыш еркелемейтін, мейірімді бала- « анасының мақтанышы және сүйіспеншілік объектісі» агрессиясының шықпағандығына психологиялық саулығының бұзылуымен жауап береді.

Баланың автономиясы мен өзіндік ерекшелігінің қалыптасуында оның әкесімен қарым-қатынасы үлкен роль алады. Баланың автономиясы мен өзіндік еркіндігінің ерте балалық шақта қалыптаспауы өз-өзіне сенімсіздік пен ашу –ызаны шығарудағы проблемаларға әкеледі.

Мектепке дейінгі кезеңде (3-тен 6-7 жасқа дейін) психологиялық саулықтың бұзылуына әкелетін фактор- отбасындағы «бала-отбасы табынатын адам» типіндегі қарым-қатынас стилі. Осының нәтижесінде мектепке дейінгі кезеңде маңызды құрылым-эмоционалды децентрацияның –баланың өз әрекеттерінде басқалардың тілектерін, жағдайларын, қызығушылықтарын ескеріп, қабылдаудың қалыптсауы бұзылады. Эмоционалды децентрациясы қалыптаспаған бала қоршаған ортаны тек өзінің жеке басының тілектері тұрғысынан қабылдайды, әріптестерімен қарым-қатынас жасай алмайды, ерексектердің талаптарын түсінбейді. Бұл балалар интеллектуалды қабілеттіктері жақсы дамыған болса да мектепке бейімделе алмайды, оқуға психологиялық дайындығы төмен болады.

3-7 жасар баланың психологиялық саулығына қауіп төндіретін факторларға сонымен қатар бір ата-ананың болмауы, ата-ана арасындағы конфликті қарым-қатынас олар балада терең субъективті конфликт тудырып, жыныстық идентификациясының бұзылуына, невритикалық симптомдардың : энурездің, қорқыныш пен фобиялардың, истерикалық ұстамаларына, депрессивті көңіл-күйге, аффекті пен қиялға қабілеттің жетіспеушілігіне әкеледі, ата-ананың бала болашағын өзінше бағдарлауы жатқызылады. Соңғы аталған қарым-қатынас типі Э. Берн терминологиясы бойынша « көнгіш баланың» қалыптасуына әкеледі. ( О.В. Хухлаева, 2001). Ол Э. Г. Эйдемиллер атаған доминантты гипертротекция тәрбие типімен, яғни отбасының балаға шектен тыс бақылау жасап, еркіндігін шектеумен байланысты. « Көнгіш балада» мектепке дейінгі кезеңдегі маңызды жаңа құрылым-ынталылық қалыптаспайды (Э. Эриксон). (Хьемелл Л., Зигер Д. 2001). Ол балада әдетте мектепке дезадаптация ашық байқалмайды, алайда зерттеулер жоғары мазасыздықты, өз-өзіне сенімсіздікті, қорқыныштарды көрсетеді. ( О. В. Хухлаева., 2001)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Психологтың отбасымен жұмыс істеудің ерекшелігі қандай?

  2. Психологтың ата-аналармен жұмыс формалары қандай?

  3. Психологтың ата-аналармен жұмыс түрлері қандай?

  4. Ата-аналармен диагностикалық жұмыстың ерекшелігі қандай?

  5. Мектепке дейінгі кезеңде психологиялық саулықтың бұзылуына әкелетін факторлар қандай?

Әдебиеттер:

  1. Детская практическая психология / Под.ред. Т.Д. Марцинковской.М. 2000

  2. Детский практический психолог / Под.ред. Шаграевой О.А. Козловой С.А. М. 2001г.

  3. Задачи и функции психолога в дошкольном учреждении. Руководство для практического психолога / Под.ред. Л.А. Венгера. М. , 1993

  4. Чиркова Т.И. Психологическая служба в детском саду. М. 2001

Тақырып 10. Мектепке дейінгі мекеме псиихологыныңпедагогикалық ұжыммен жұмы ерекшеліктері.

Психологтың педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері. Психолог және бала-бақша. Психолог және әкімшілік: өзара қатынас жасау мәселелері. Психолог және педагогикалық ұжым. Әдістемелік семинарлардың ұйымдастырылуы.

Педагогтардың кеңестік жұмысты ұйымдастырудың формасы психологиялық-педагогикалық консилиум. Консилиум баланың мектептік статусын құрайтын жекелік туралы мәліметтерді біріктіруге көмектеседі, бұл үшін педагогтар, сынып жетекшісі, мектеп дәрігері және психологта бар мәліметтерді пайдаланылады.

Консилиум оқушыларды зерттеудің ұжымдық әдісі ретінде бірнеше қызметтер атқарады. Консилиумның диагностикалық қызметі дамудың әлеуметтік жағдайын зерттеу, оқушылардың мүмкіншіліктерімен қабілеттерін анықтау, олардың мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы ауытқулардың сипатын тану. Консилиумның тәрибиелік қызметі бірқатар оқу-тәрбиелеу шараларының педагогикалық түзету жобасын жасау, сынып жетекшілеріне, пән мұғаліміне, ата-аналарға және т.б.

Педагогтарда белгілі бір бала туралы қатаң әрі бір жақты пікір жиі қалыптасады.Бұл пікірді өзгерту қиынға түседі. Бала не істесе де, оның қылығы теріс қабылданады. Сондықтан педагогикалық консилиум өткізу үшін психолог мұқият түрде дайындалып бірқатар міндеттерді шешуге күш жұмсауы керек.


  1. Педагогикалық ұжымға баланың жақсы жақтарын баса көтеру керек.

Психодиагностикалық бақылаудың, әдістеменің нәтижелерін көрсете отырып, дәлелдеп, баланың жеке басының проблемаларының шығу себептерін түсіндіріп беру қажет.

  1. Психологтың бала туралы пікіріне әрбір мұғалімнің түсініп, сенуіне қол жеткізу. Бұл-қиын міндет. Оны өте абайлап, бірте-бірте, консилиумды өткізгенге дейін шешу керек.

Психолог-педагогикалық консилиум

Психолог жұмысының перспективасы әдістері кейбірі психологиялық-педагогикалық Ю.К. Бабанский былай деген: оқушыларды зерттеуді жақсарту үшін түрлі жазбаша мінездемелерді жазумен айналыспай, басты назарды мұғалімдердің оқушаларды коллективтік талқылаумен айналысу керек. Мұндай коллективті талқылаулар шартты түрде педагогикалық деп атауға болады. Оқушылардың дамуын тиімді зерттеу олардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қабілеттерімен қызығушылықтарын дамытуда қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық когнитизмдегі психологтың міндеті-түрлі жақтың мұғалімдеріне баланың жалпы дамуына әсер етуге көмектесу болып табылады.

Өкінішке орай көптеген мұғалімдерде әр бала туралы қалыптасқан ғана әрі бір беткей көзқарас қалыптасқан және оны өзгерту қиын.

Мысалы, көптген зерттеулер жүргізу барыснда мұғалімдердің көп бөлігі өте жақсы оқитын бала сабақты 3 ке айтып тұра оған 4 деген баға қояды,себебі ішінен «мүмкін үйінде бір себептер бар шығар» деп ойлайды. Ал егер 3 ке оқитын бала сабақты айтып тұрса, мүмкін оған біреу сыбырлаған болар деп, 3-тен жоғары баға қоймайды. Екі бірдей жауап үшін «жақсы» оқушыларды 2 есе жиі ұрсады. Сондықтан балалар ешқандай жақсылық күтпей, біртекті көзқараспен барады. Педагогикалық консилиум жүргізе отырып психолог келесі міндеттерді шешеді.


  1. Педагогикалық коллективке баланы әр қырынан көрсету, әсіресе жақсы жақтарын көбірек

американдық психолог У. Гласер былай деп әділетті жазған: «Баламен дұрыс контакт орнату үшін, біз өткендегі қиыншылықтарына қарамай, болашақта көптеген жетістіктерге жетеді деген сеніммен қарауымыз керек».

Сәтсіз бала әрқашан сәтсіз болып қала береді егер мұғалімдер оны үнемі осылай кемітіп отырса. Бір сәтсіздік екіншісімен жалғаса береді де ең соңында бала тұйық шеңберге тап болады. Қысқаша айтқанда, балалармен қарым-қатынаста оны тек осы жағымен, яғни қазір болып жатқан жағдаймен жұмыс істеу керек.



  1. Оқушы мен ұстаз арасында орнаған жағымсыз қабырғаны жою. Бұл өте қиын мәселе және оны асықпай, сабырлы шешу керек. Демек, мұғалімге өз-өзінен аттап өту үшін, психологиялық даярлық, көмек беру қажет.

  2. Баланың тұлғалық қиыншылығын мұғалімдердің топтық, ұжымдық түсінуін қалыптастыру.

Ұқыпты даярланған педагогикалық консилиум, балалардың дамуына ғана көмектесіп қоймай, мұғалімдерге және жалпы педагогикалық ұжымға көптігін тигізеді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Психологтың педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері қандай?

  2. Психолог және бала-бақша ұжымының қарым-қатынасы қандай?

  3. Әдістемелік семинарлар қалай ұйымдастырылады?

  4. Психологтың педагогикалық ұжыммен жұмыс істеу формалары қандай?

Әдебиеттер:

  1. Мясадов П.А. «Теория и практика в работе школьного психолога». Москва :: 1990

  2. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2006

  3. Правила работы с документацией в школе проводящей эксперимент. // Воспитание школьников. 2003, № 5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет