Семинар №1 Тақырыбы: Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар туралы түсінік, олардың жалпы белгілері



бет2/7
Дата24.12.2021
өлшемі28,16 Kb.
#104792
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 практика

Гуманитарлық технологиялар басқару гуманитарлық педагогикалық және психологиялық болып бөлінеді. Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру технологиясы.

Педагогикалық технология – жобалау, реттеу, әрі іс-тәжірибеде оқыту мен тәрбиелеу жобасын жүзеге асыру. «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы» еңбегінде: «Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтің жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуде қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамның рухани жоғары биіктен көрінуіне ықпал ететін адамгершілік жүйе», –деп анықтама береді . Педагогикалық технологияның ең басты мәнді белгісі: мақсаты айқын, нақты алдын ала болжау арқылы диогностикалық негізде, нақты жеткен нәтижелерді ескере отырып қойылатындықтан, оқыту процесін нәтижелі жүргізуге көмектеседі. Оны төмендегі сызбадан көруге болады:

Педагогикалық технология төмендегідей бөліктерден құралады:

  • диогностикалық жолмен мақсат қою деңгейін және оқушылардың білімді меңгеру сапасын, дамыту дәрежесін, тәрбиелік деңгейін обьективті түрде анықтау, бақылау;

  • мақсатты конструктивті, айқын, нақты түрде қою; - жеке тұлғаны тұтас дамыту.


Педагогикалық технология жөніндегі қатаң түсініктің басты белгілері болып мыналар табылады:

  • мақсаттың диагностикалық сипаттамасы;

  • педагогикалық процестің өндірушілігі (оның ішінде оқытудың мақсатына және оқытушы мен оқушы іс-әрекетінің (қызметінің) сипатына сай этаптардың жасалуы).

  • педагогикалық нәтижелердің өндірушілігі.

  • технологияның кез келген оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайында қайта жаңғыртылуы.

Жалпы, педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет