Семинар-15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат


СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет42/43
Дата12.10.2020
өлшемі475,5 Kb.
#65870
түріСеминар
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жароллаева Жамиля Жароллаевна

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика кафедрасының магистранты
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында ұлттың бәсекелестігінің маңызды факторы – сауаттылық делінген. Сонымен қатар, Президенттің жолдауында: «Білім реформасы – бұл Қазақстанның бәсекеге сәйкестілігін қамтамасыз ететін маңызды құрал. Бізге заманға сай экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына жауап беретін білім беру жүйесі қажет» деп атап өтілген [3].

ЖОО берілетін білім болашақ мамандардың жоғары деңгейдегі руханилығын мен адамгершілігін, жан-жақтылығын және олардың кәсіби біліктілігінің қалыптасуын қамтамасыз ету керек. Білім берудегі мақсаттар мен міндеттердің өзгеріске ұшырауы кәсіби біліктілікті қалыптастыруда жаңа тәсілдерді қолдануды талап етіп отыр. Кәсіби біліктілікке болашақтағы мамандықтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктерін игеру және оларды тиімді жүзеге асыра білу қабілеттері кіреді. Кәсіби біліктілік сөзі жалпы болғанымен, ол сәтті карьера жасауға көмектесетін, қандай да болмасын мамандыққа қажет қабілеттердің ерекшелігі арқылы нақтылана түседі. Дамыған елдерде (АҚШ, Австралия т.б.) жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің мәліметтеріне сәйкес, жұмыс берушілер университет түлектеріне ең алдымен инициативалықты, екінші – қойылған міндеттерді өзбетімен шеше алуды, әрі қарай – икемділікті, топта жұмыс жасай білуді, жазбаша және ауызша түрде қарым-қатынасқа түсе білу қабілеттеріне ерекше мән беріп, ал пән бойынша игерген білімдеріне қойылатын талап соңғы критерийлер екендігі анықталды. Осы тәрізді жүргізілген зерттеулерді талдай отырып, негізгі кәсіби біліктілік көрсеткіштерін көрсетуге болады, олар:



  • өзбеттілік;

  • ойлауға икемділік;

  • топта жұмыс жасай алу;

  • жазбаша және ауызша түрде қарым-қатынасқа түсе білу.

Педагогикалық әдебиеттерде оқыту – үрдіс деп қарастырылған. Осы үрдістің мақсаты – «адамды белгілі бір іс-әрекет түріне дайындау. Оқытушылар мен студенттердің бір мақсатқа жету жолындағы біріккен іс-әрекеті» [4]. Басқаша айтқанда, екі іс-әрекет түрі – оқыту мен оқу, бірге қатар жүзеге асырылады. Тұлғаның дамуы жайында сөз қозғалып жатқандықтан, бұл үрдіс үш аспектіден тұру керек: танымдық, дамытушылық және тәрбиелілік.

Оқытуды жүзеге асыру технологиясы оқытушы мен студенттің екі жақты іс-әрекетімен сипатталады. Оқытуды оқу процесі қамтамасыз етіп отырады. Оның құрамына мыналар кіреді:



  • тәрбиелеу және дамыту мақсаттарын көздеп, пәннің мазмұнын ашуға көмектесетін оқу жоспарлары, бағдарламалар;

  • оқытушы мен студенттердің өзара әрекетін ұйымдастырып, реттеп отыратын оқыту және білімді тексеру әдістері, формалары, құралдары.

Кәсіби біліктілік туралы айта келе, кәсіби біліктіліктің қалыптасуында

сыни ойлаудың рөлі қандай? - деген сауал туады. Бұл сұраққа жауап берместен бұрын, сыни тұрғыдан ойлау деген түсініктің мағынасын ашып алайық. АҚШ ғалымы Д. Клустера “Сыни тұрғыдан ойлау деген не?” деп аталатын мақаласында сыни ойлаудың 5 негізгі сипаттамасын бөліп көрсетеді: бірінші сипаттамасы өзбеттілік: «білім алушыларға өз басымен ойлауға және ең қиын сұрақтарға шешім табуда еркіндік беру керек». Яғни, әрқайсысының өзінің көзқарасының болу құқығын мойындау. Клустер бойынша сыни тұрғыдан ойлаудың екінші маңызды сипаттамасы - ақпаратты сыни ойлаудың соңғы нүктесі деп қарастырмай, әрі қарай өрбітуді қажет ететін «бастапқы» ой деп қарастыру. Білім сыни ойлау арқылы қалыптасады. Білім алушы өткен ұрпақ тәжірибесінің мағынасын түсінгенде ғана, бұл тәжірибе жеке тәжірибеге айналады. Сыни тұрғыдан ойлаудың үшінші сипаттамасы ретінде Клустер мәселені алға қоя білуді айтады. «... әртүрлі деңгейдегі нағыз таным процесі танушының өзінің қызығушылығымен қажеттілігінен шығатын мәселелерді шешу және сұрақтарға жауап іздеудегі ұмтылысымен сипатталады» [2]. Бұндай мәселелер қызығушылық, қажеттіліктер студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерімен байланысты болуы мүмкін. Студент іштей әрдайым өзіне мынадай сауалдарды қою керек:



  • Бұл мен үшін қаншалықты маңызды?

  • Маған қандай өмірлік проблемаларды шешуге тура келеді және бұл үшін не қажет?

Осындай тәжірибені игерудегі өзбетті процесс әртекті ақпараттарға, білімге, өзгенің тәжірибесіне салмақты, саналы қарап, өз көзқарасына, позициясына аргумент табуды талап етеді. Д.Клустер осыған байланысты былай жазады: «Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам мәселені шешуде өз шешімін табып, оны дәлелдермен негіздейді. Ол сонымен қатар, мәселені шешудің басқа жолдары бар екендігін түсініп, өзінің шешімінің басқа шешімдерден дұрыс екендігін дәлеледеуге тырысады» [1]. Сыни ойлаудың бесінші сипаттамасының негізінде адамның қоғамдағы еркіндігін түсіну жатыр. Тұлғаның қандай да болмасын идеясы, ойы қоғамның сынынан өтіп, қабылданады немесе қабылданбайды. Осы тектес ситуацияны студенттер аудиториясында байқауға болады. Сондықтан Д.Клустер сыни ойлаудың әлеуметтік құбылыс екендігін айтады. Осыдан шығатын қорытынды, талқы-таласта адам өзінің, өзгенің көзқарасын бағалап, сол арқылы сыни ойлай білуді үйренеді. Мақаланың кіріспе бөлімінде атап өтілген әлеуметтік сұранысқа және оқу процесіндегі жаңа тәсілдер қолдануға оралсақ, болашақ мамандарды кәсіби даярлауда оқытушыны ерекше құрал-жабдықпен қамтамасыз ететін және алға қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін, сыни тұрғыдан ойлауды көздейтін жаңа білім философиясы болу керек. Осыған байланысты, жоғарғы оқу орнының оқытушыларына арнайы белсенді оқыту әдістері мен тәсілдерін үйрету курстары жүргізілу керек. Бұндай талаптарға жауап беретін, әртүрлі әдістермен тәсілдерден тұратын бағдарламаның бірі - «сыни тұрғыдан ойлауды оқу және жазу арқылы дамыту» бағдарламасы болып табылады. «Сыни тұрғыдан ойлауды оқу және жазу арқылы дамыту» бағдарламасының негізінде белсенді ойлауға мүмкіндік беретін стратегиялар жатыр. Бұл стратегиялар студенттерді ақпаратпен белсенді жұмыс жасауға үйретіп, әрқайсысына жеке, өзбетімен өз білімін қалыптастыруға, бағалауға, шешім қабылдауға көмектеседі.

Оқу процесінің субъектілерінің (оқытушы, студент) белсенділігін арттырып, қызығушылығын сақтап қалудағы тиімді тәсілдердің бірі - сыни тұрғыдан ойлауды дамыту стратегияларын дәріс, семинар және ОЖСӨЖ сабақтарында қолдану. Сабақтарында осы стратегияларды қолдану арқылы студенттерді бірінші күннен бастап, сыни тұрғыдан ойлауға, өзбеттілікке, ең бастысы болашақ маманның болашақ кәсібін тиімді игерілуіне қол жеткізуге болады. Сыни ойлауды дамытуға бағытталатын сабақтар үш фазадан – қызықтыру, мағынаны тану және рефлексия немесе ойланудан тұру керек. Сабақтың бірінші кезеңіне тақырыпқа студенттердің қызығушылығын тудыру және әрі қарай оқу бағыттарын анықтау міндеті қойылады. Мағынаны тану деңгейінде студенттер жаңа ақпаратпен танысады. Сабақтың осы кезеңінде студенттердің жаңа ақпаратты өздерінше түсінуін қадағалау қажет. Рефлексия кезеңінің міндеті- тақырып бойынша бар мәліметтерді қолдану арқылы оларды жаңа біліммен толықтыру, тақырып бойынша ізденіс жолдарын анықтау болып табылады.

Осындай мазмұнда ұйымдастырылған сабақтың артықшылықтар негізінде мыналарды көрсетуге болады:


  • қоршаған ортаны өзінше қабылдау ерекшеліктерін талқылап, түсінуге көмектеседі;

  • Топтық жұмыстың арқасында қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады;

  • Топтық жұмысқа қатысуға, басқаның ойы мен пікірін сыйлай білуге, өз позициясын ұстай білуге үйретеді;

  • Өзінің тікелей тәжірибесі арқылы алынған білімді қолдануға үйретеді;

  • Іздену арқылы қажет білімді табуға үйретеді.

Сыни ойлау автоматты түрде күнделікті оқыту барысында қалыптаспайды. Ол үшін студенттердің ойлау процесін жаңартуға жүйелі күш жұмсап отыру керек. Сыни ойлауды қалыптастыру – бұл нәтижесінде тұлғаның өзбеттілік, коммуникабелділік, өзіне сенімділік, қабылдағыштық , таңданушылық, өз ойын еркін жеткізе білу сияқты табиғи сапалары дамып, өзектенетін оқыту мен тәрбиелеу процесі. Шығармашылық және сыни ойлауды қалыптастыра білу және оларды студенттерге үйрету педагогтың кәсіби құзырлылығын анықтайды. Сыни ойлай білетін, кәсіби білімді игерген студент еңбек нарығында сұранысқа ие болады деп сенімді түрде айтуға болады.

1998 жылы Парижде өткен Бүкіл әлемдік ЮНЕСКО конференциясында қабылданған жоғарғы білім туралы Бүкіл әлемдік декларацияда: «Жоғарғы оқу орындары білім алушыларға қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуде қолданатын және әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын, сыни ойлай білетін, сауатты, терең ынталы азамат етіп тәрбиелейтін білімді қамтамасыз ету керек» делінген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет