Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет32/108
Дата05.02.2022
өлшемі7,63 Mb.
#20083
түріСеминар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   108
ПЛАВТ (Б.д.Д- шамамен 254-184)
Тит Макций Плавт - Римнің атақты комедиографы. Ол Умбрида дүниеге келді. Оның өмірі туралы нақты деректер сақталмаған. Плавт шығармашылығы плебейлік сипатқа ие. ол халықтық италискі театрының дәстүрлерімен яғни ателлаң фесценниналар, мимдермен тығыз байланысты. Плавт 130-ға жуыц комедия жазған, бірақ б.д.д. I ғәсырда емір сүрген римнің атақты ғалымы әрі әдебиетшісі Варрон осы комедиялардың 21 бөліп алып, нақты Плавтікі деп анықтап берді. Бұл комедиялардың барлыгы да бізге жетті, Олардың ішіндегі ең атақтылары «Қазына», «Менехмалар» (немесе «Егіздер»), «Мақтаншақ жауынгер», «Алдампаз қул», «Тұтқындар», «Амфитрион».
Плавт шығармашылығының биік шыңына «Менехмалар» («Егіздер») комедиясы да жатады. Пьесада егіздер туралы қызыц оқиға кулкілі өрнектелген. Бұл оқиғәны жаңа аттикалық комедия жасаушылар пайдаланған болатын. Онда егіз ағайындылардың бірі бала кезінде жоғалып кетіп, екіншісі көп іздеп журіп ақыры сыңарын табады. Ал «Менехмаларда» іс тіпті курделеніп, екі ағайындылардың есімі бірдей болады. Өйткені, біріншісін жоғалтып алғаннан кейін ата-анасы екінші балаларына соның есімін қояды, олардың екеуі де Менехма.
Плавттың мифология оқиғасына қүрылып жазылған жалғыз комедиясы «Амфитрион» да егіздер әуеніне құрылған. Мұнда егіздер сыңарының қос жұптан тұруы, тіпті шым-шытырық шатастыруларға әкеп соғады. Юпитер Алкменге бару үшін, оның күйеуі Амфитрионның түріне кіреді. ал Меркурий Амфитрионның қызметшісі Сосиидің кейпіне енеді. «Менехмалар» мен «Амфитрион» Шекспирдің «Қателесу комедиясының» жазылуына арқау болды.
Плавттың «Қазына» пьесасындағы шатастыру көптеген комедиялық сахналар тудырып отырады. Бұл шығарманың негізінде фольклорлық сарын бар, ол күтпеген жерден байып кеткен кедей адамның мінезіндегі өзгерістер туралы. Кедей Эвклион алтынға толы құмыра тауып алған соң, жан рахатынан айырылып, мазасыздыққа душар болады. Ол үйіне жақындаған адамдарды былай қойғанда, үй ішіндегілерді де ұрлықшы санап берекесі кетеді. Қолына алтын тиісімен әр тиынын санап қалтырайды. Тіпті қызының үйлену тойына да ақшасын жұмсағысы келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет