Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет35/108
Дата05.02.2022
өлшемі7,63 Mb.
#20083
түріСеминар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   108
СЕНЕКА (Б.д.д. 4-65)
Император дәуірі кезіндегі трагедиялардан бізге жеткені - Сенеканың шығармалары. Луций Анней Сенека император Неронның тәрбиешісі болды, ол мемлекеттік ірі жұмыстарды басқарды. кейін императорга қарсы болды деген жала жабылған соң, Неронның бұйрығымен өз тамырын қиып өлген.
Сенека трагедиясының құрылысы. гректердікінен аз-ақ айырмашылығы бар: хор партиялары. кейіпкерлер партиясынан кейіи кезектесіп келіп отырды, сахиаға бір мезгілде 3 актерден артық актерлер шықпайды. Алайда, әлеуметтік және саяси жағдайлардың әсерінен Сенека трагедияләры жаңа бағыт алды.
Сенека адамның мақсатына жетуі бостандық пен ізгілікті әмірде, әл адамгершілікті өмір табиғатпен біте қайнасқан, әрі оған саналылық тән деген. Патшаның әділдігі жоғалған жерде «шындық, ар мен иман, жүбайлардың некеге деген адалдығы» сарайдан алыстайды («Агамемнон»). Зорлық пен жауыздыққа негізделген үкіметтің ұзаққа бармайтыны «Троялықтарда», ал тағдыр мен өлім. өзін-өзі өлтіруге қатысты ойлар «Эдип» трагедиясында айтылған.
Сенека трагедияларында қорқыныш пен үрейді бейнелеу басым: басты кейіпкерлері біреуден кек қайтзруға кіріседі. немесе керісінше сол кейіпкерлерден өзге біреулер өш алады. Мұның себебін сол кездегі Рим қоғамындагы канды атмосферадан деп түсінген жөн. Оның трагедияларындагы кейбір көріністер өзінің натурәлизмдігімен сыртқә тебеді. Мысалы: «Федра» трагедиясындағы Ипполиттің қаза табуын быләйша: «басы жартасқа соғылып, быт-шыт болып жер қанға бөкті». «жұлынған шаштар бұтақтақтарға ілініп қалды», «тастардың үстінде өліп бара жатқан дене мүшелері діріл қағады» деп суреттеген.
Сенеканың стилі сол тұстағы шешендік мектептердің әртүрлі тәсілдерімен қаныққандықтан, арасында көпірмелетіп жіберу де кездеседі. Пьеса кейіпкерлерінің монологтары тым ұзақ. риториканың ықпалы бар (Андромаханың кішкентай баласы Астианакстің өлімі туралы айтқан монологы). Афоризмдердің (нақыл сөздердің) тегіліп тұруы декламациялық стильді тудырған. Осы ерекшеліктеріне қарап, оны грек трагиктерінен ажыратуға болады. Ал екінші жағынан Сенека аяқталған ойды өткір, әрі нақты жеткізетін нақыл сөздің хас шебері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет