Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет33/108
Дата05.02.2022
өлшемі7,63 Mb.
#20083
түріСеминар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   108
ТЕРЕНЦИЙ (Б.д.д. 185-159)
Публий Теренций Афр Карфагенде (Солтүстік Африка) дүниеге келген. Ол кішкентай бала кезінде Римге әкелініп, Рим сенаторының кұ лы болған. Оның ғажайып талабын байқаған сенатор Теренцийге жақсы білім беріп, бостандыққа жібереді. Ол көптеген атақты адамдармен достық қарым-қатынаста болып грек мәдениеті мен грек білімін дәріптеуші Сципион Кішінің үйірмесіне кіреді
Сципион Кішінің үйірмесі грек философиясы мен адамгершілік ілімдерін насихаттады, оның негізіне әлеуметтік бейбітшілікті сақтау мен адамдар арасындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптеу кірді. Мұны түбегейлі уағыэдауға Теренций көп күш жүмсады. Теренций қаламынан 6 комедия туды. Оның барлығы сақталған.
Зерттеушілер Теренцийдің Менандрдың «Ағайындылар» комедиясының соңын өзгерткен деп есептейді. Менандрда Микионның тәрбие туралы гуманистік қағидалары талассыз жеңіске жетеді. Теренцийде Микионның педагогикалық тәсілдерінің дұрыстығын көрсете отырып ескертусіз де қалдырмаған. Себебі. Микионның педагогикалық қағидаларының толығымен жеңіске жеткендігін көрсету сол кеэеңге тән емес еді. Неліктен оның ұлдары Микионды жақсы көретінін талқылаған кезде, Демея өз ағасының балалардың сөзінен шықпай үнемі оларды құптай беретінін және оның өте қайырымды екендігін айтады.
Теренций комедиялары Рим керермендерін Плавт кейіпкерлеріне қарағанда, жан дүниесі күрделі қаһармандармен таныстырды. Бүл жағынан оның туындылары Менандр пьесаларына жақынырәқ болды. Теренций жаңа еуропалық драма тудырды. Еуропа театры оның шығармаларынә дүркін-дүркін соғып отырды. Оның «Формион» комедиясының ықпалы Мольердің «Скапеннің айласы», «Ерлер мектебі» пьесаларынан сезіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет