Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет31/108
Дата05.02.2022
өлшемі7,63 Mb.
#20083
түріСеминар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   108
4 апта
Тақырыбы: Рим республикасының театры Рим республикасының театры Рим республикасының театры Рим республикасының театры Рим республикасының театры Рим республикасының театры Рим республикасының театры Рим республикасының театры Рим республикасының театры Рим республикасының театры Римде әдеби драманың пайда болуы
Дәрістің мазмұны:(б.э.д. III ғ. ортасы - б.э.д. I ғ. соңы). Аристократиялық мемлекетдәуіріндегі Рим өнерінің жалпы сипаттамасы. Әдебиеттік драманың пайда болуы. Плавт. Теренций.Трагик Сененаның шығармалары. Әдебиеттік мим.Понтомим. Питриха. Цирк пен амфи-театр.
Римдіктер әдеби драманы дайын күйінде грек әдебиетінен алып, латын тіліне аударып, өздерінің талғам-түсініктеріне лайықтады. Бұл сол уақыттағы тарихи жағдайларға бәйланысты болды. Оңтүстік Италия калаларын басып алғаннан кейін грек мәдениеті римдіктерге әсер етті. Гректер Римдіктерге ең алғаш рет тұтқын, дипломатиялық оқытушылар ретінде келе бастады. Нобилердің арасында грек тілін меңгеру кеңінен тарады.
Бірінші Пунистік соғыс аяқталғаннан кейін б.д.д. 240 жылғы мейрамдағы ойындарда драмалық қойылым қоюға рүқсат берілді. Оны б.д.д. 272 жылы Тарентті бәсып алғаннан кейін әскери тутқын болып қолға түскен грек Ливии Андроникке (б.д.д. 280-204 ж.ж.) тапсырды. Ол Рим сенаторының құлы болды, өзінің Ливий деген римдік атын сол кезде алған. Бостандыққа жіберілгеннен кейін римнің белгілі адамдарының балаларына грек және латын тілдерінен сабақ берген. Ол мектептің оқытушысы болғанымен де мейрам кездерінде трагедия және грек үлгілерін өзінше өңдеп комедиялар қойған. Кейбір комедиялар грек немесе латын тілдерінен аударылған бойы көрсетілді. Бұл қойылымдар рим театрының дамуына түрткі болды.

Комедиялық сахнадан көрініс




Эллинцзм дәуіріндегі театрдың әйел маскалары



Ливии Андроник 14 трагедия. 3 комедия жазды. Оның трагедияларының аттары сақталған. Олар: «Ахилл», «Аякс - соққы әкелуші», «Трояндык, ат». «Эгисф», «Гермиона». «Андромеда». «Данай», «Ино», «Тезей» т.б. Драматургтің бұл шығармаләры жоғары деңгейде жазылған жоқ. Цицеронның сөзімен айітқанда, олардың нашар болғаны сондай, екінші рет оқу мүмкін емес. Соған қарамастан Андроник рим драматургиясының көш басшысы және театр репертуарын алғаш жасаған драматург болып саналады
Гней Невий (б.д.д. 280-201 ж.ж.) латындағы Кампании қаласының ерікті тұрғыны. Ол өзі қатысқан бірінші Пунистік соғыс аяқталғаннән кейін Римге келіп орналасып, әдебиетпен шұғылдануға кіріседі. Б.Д.д. 235 жылдан бастап өз пьесаларын сахнаға қоя бастады. Г.Невий толық мәнде римнің алғашқы ақыны. Оның өлеңдері (сатуралары), Драмалары, "Пунистік соғыс" деген эпикалық поэмасы көркемдік және идеялық құндылығы жағынан өзіндік ерекшеліктерге толы. Оның трагедиялары да грек түпнұсқасына жақын болды. «Троялық ат». «Данай», «Гесиона». «Андромаха», «Ифигения», «Ликург».
Г.Невий драматургиядағы алғашқы қадамын грек үлгілеріне қарап, Троя мифтерінін кезеңдері тақырыбына жазудан бастады. Онымен шектелмей Рим тарихынан трагедиялар жазды. Мұндай трагедиялар римдіктерде претекста (сөзбе-сөз аударғанда жағасы қобырайған рим сенаторларының костюмі) деп аталды. Невиймен қатар және одан кейін де басқа ақындар трагедиялар жазды. Б.д.д. 111-11 ғасырларда ең атақты рим трагиктері Энний (б.д.д. 239-169 ж.ж.), Пакувий (б.д.д. шамамен 220-130 ж.ж.), Акций (б.д.д. шамамен 170-85 ж.ж.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет