Зайырлыдраматургия Жаңа реалистік бағыттың алғашқы бастамасы трувер (трубадур) Адам де Ла-Аль (шамамен 1238-1287) есімімен тығыз байланысты, Ол француэдардың Аррес қаласынан шыққан. Де Ла-Аль поээиямен, музыкамен, театрмен ерекше айналысқан. Ол Парижде және Италияда (Карл Анжуйский сарайында) тұрып ақын, музыкант, драматург ретінде кеңінен танылды.
Оның «Куркедегі ойын» атты алғашқы пьесасы 1262 жылы жазылып, Аррастағы пюи {«таңғажайып», «эстрада») деп аталатын үйірмеде ойналды. Пьесаның драматургиялық тіні үш желіден тұрады: лирикалық-тұрмыстық, сатиралық-буффонды және фольклорлы-фантастикалық.
Миракль сөзінің атауы латынның «ғажайып» деген сөзінен шыққан. Миракль -' діни өсиеттік тұрғыдағы өлеңмен жазылған драма, оның оқиғасы ғажапқа құрылған. Ол Франциядан бастау алып, кейін бүкіл Батыс Еуропада дамыған. Миракльде христиандардың адамгершілігі уағыздалған, көк күшінің адам тағдырына әсері көрсетілген.
Мистерия театрының гүлденіп дамыған уақыты - ХУ-ХУІ ғасырлар, бұл тұста қалалар көркейіп, әлеуметтік қайшылықтар күшейе түсті. Мистерияда орта ғасыр қалалары мен мәдениетінің өркендеуі көрініс тапты. Ол «мимикалық мистерия» деп аталатын діни мейрамдардың құрметіне арналғам қалалық процессиядан {топтанып салтанатты түрде жүру) және корольдардың салтанатты түрде көлікпен жүру құрметінен өсіп шықты. Осы мерекелерден біртіндеп ертедегі орта ғасыр театрлэрының әдеби және сахналық тәжірибелерін пайдаланған алаңдық мистерия қаланды.
Моралите - француз (тогаіі(е) және латын (тогаІІЕ) тілдерінен аударғанда «өнегелі» деген мағынаны білдіреді. Моралите сахнаға арналған өлең түрінде өсиет айту үшін діни және философиялық тақырыпта жазылды. Бұл шығармаларда жағымсыз кейіпкерлерді сынап, ізгілік пен қайырымдылықты, зұлымдықты көрсететін аллегориялық бейнелер болды. Жанр XV ғасырдан бастап XVI ғасырдың аяғына дейін өмір сүрді.
Фарс - алаңдық плебейлік өзіндік театрлық жанр ретінде XV ғасырда пайда болды. Бүл латынның іагіа («ішіне салынған») деген сөзінен шыққан. Бірақ фарстың негізгі көздері тереңге кеткен - ол гистриондар мен ойын-сауықтық мерекелік қойылымдардан басталған. Гистриондардың әңгімелері фарстың тақырыптың аясы мен диалогтардың ортақ белгісін анықтап берді.