2014-2015 оқу жыл
Семинар бағдарламасы
Сабақтың тақырыбы
|
Пәні
|
Уақыты
|
Пән мұғалімі
|
Тіл тағдыры – ел тағдыры (4 сынып)
|
Сыныптан тыс жұмыс
|
08.45-09.10
|
Байгуттина Г.
|
Төрт түлік (1 сынып)
|
Ана тілі
|
09.15-10.00
|
Реймбаева С.
|
Ф.Оңғарсынова «Жылу» (2 сынып)
|
әдебиеттік оқу
|
10.10-10.55
|
Тулебаева Қ.
|
«Ән – жұмбақ» сайысы
|
музыка
|
11.00-11.45
|
Жанаева С.
|
Бастауыш сынып мұғалімі
Байгуттина Гүлжиан
Ашық тәрбие сағаты
4 «Ә»сынып
Тақырыбы : «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
Мақсаты: оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, шешендік өнерге баулу.
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Көрнекілігі: газет тігінділері, қанатты сөздер, оқушылар шығармасы.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мағынаны таныту: «Ең қымбат қазына».
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет»-депті. Бала кейін оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды.
Арып-ашып жүріп ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып: «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы-қасиетті тіл.
Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат мәңгілік мұра болмақ па, сірә!»-деп аталы сөздің жұмбағын шешіп береді.
1-жүргізуші-Әйгерім: Сен осы тілден қымбат қазына деген сөзбен келіссесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
2-жүргізуші-Аяулым: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына әрине тіл. Тіл ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды білдіре алар ма едім?
1-жүргіузші-Әйгерім: Оның өте дұрыс. Шынында, тіл қатынас құралы болуымен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың-ойы бай»-деп текк айтылмаса керек.
Ия, тілі тазаның ойы таза деген сөз бар емес пе?!
Әлбетте, әр елдің, әр ұлттың өз тілі бар. Әр тіл өзінше сұлу, өзінше тартымды, өзінше бай. Алайда дүниеде өз тіліңнен асқан сұлу, бай түсінікті тіл жоқ.
2-жүргізуші-Аяулым: Адам баласы ес білген кезінен бастап, айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды.
1-оқушы-Элвира: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі әр ұлттың тілі-оның бақыты, тірегі. Ел тағдырын шешкен дана билер, шешендер тіл құдіретін көп танып, асыл сөздер мен ұлағатты пікірлерді ғасырдан ғасырға жоғалтпай жеткізіп, халықтың асыл қазынасына айналдырған.
2-оқушы-Жұлдыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»-деген Ғабиден Мұстафин.
3-оқушы-Айдана: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәденетсіздік» -деген екен Мұхтар Әуезов.
4-оқушы-Сүндет: «Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды тарихымызды ұмыту»-деді Бауыржан Момышұлы.
5-оқушы-М. Ақбота: «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы бәрінен де сенімді байлық»-деді Ғабит Мүсірепов.
6-оқушы-Дастан: «Тіл деген-бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздың ақылынан, анамыздың сүтінен жаралған. Қазақтың өз тілі-қазақ үшін алатын бесік»-деді Шерхан Мұртаза.
Ән: «Туған жер»
1-жүргізуші-Әйгерім:
О. адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
2-оқушы-Уалихан:
Ана тілім-айна түсер аймағы,
Елім, жерім ұятымның аймағы.
Бар қалпымды, бар өремді дәлелдеп,
Жеткізетін мәні, нәрі қаймағы.
8-оқушы-Анель: Қазақ тілі! Ол- менің ана тілім.
Ляззат, қуат
Сөйлессе табатыным.
Тізілтіп сөз маржанын,
Жазғанымда,
Білем анық
Бағымның жанытынын.
9-оқушы-Айгерім: Қазақ тілі!
Байсалды баба тіл
Сол байлықтан
Аз емес алтыным,
Беретінім,
Қанша екен?
Шүбәсіз қақ, қарыздар боп,
Әйтеуір қалатыным.
10-оқушы-Абылай:
Қазақ тілі, Ақжолтай! Ана тілім!
Анық маған Сөнбестей жанатының.
Анық маған
Болашақ мамандарға
Бөгделенбей,
Бөгелмей баратының.
Мұғалім: енді ары қарай тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткіземіз.
2 топқа бөліну. Мақалдарды жалғастыру:
Ана сүті өсіреді,... (Ана тілі ой өсіреді).
Шебердің қолы ортақ,... (Шешеннің сөзі ортақ)
Ақыл көркі-тіл,... (Тілдің көркі-сөз)
Бас кеспек болса да,... (Тіл кеспек жоқ)
Таяқ еттен өтер,...(Сөз сүйектен өтер)
-Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Хормен: «Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!»
Қорытынды:
Нұрсұлтан Назарбаев: «Тіл-ата-баба аманаты, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше, ата-баба мұрасын жалғастыру міндетіміз, парызымыз», - дегендей тіліміз біздің бай мұрамыздың бастысы екендігін ұмытпайық.
Реймбаева Салтанат
ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әнші төлдер
Сабақтың мақсаты: 1. Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.
2. Ой — өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп,
түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту
3.Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен
байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті
құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, постер, білім ағашы
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, «өзін - өзі тану»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше себебі бізге қаладан қонақтар келіп отыр,сондықтан сабағымызды тыныш,қызықты өткізуге тырысайық.
ІІ Психологиялық дайындық:«Ақ тілек. Әсем күлкі»
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет!(қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- Ынталарыңыз қалай?
- Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- О, о, о (бас бармағын көтереді)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өлеңді жатқа айту. «Төлдер»
Жарайды, олай болса үйге қандай тапсырма берілді?
Ендеше үй тапсырмасына дайын оқушы бар ма?
Жақсы, оқушылар біз бұл уйге берілген төлдер өлеңінде құлын мен бота туралы білдік. Ендеше қалған төлдер туралы бүінгі тақырыпта білетін боламыз. Олай болса, әнші төлдер мен бөрте лақ өлеңдеріне назар аударайық. Бұл өлеңді оқып бермес бұрын мен авторы туралы мағлұмат беріп өтейін. Ілияс Жансүгіров – ақын. Ол 1894 жылы мамырдың 5-інде Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Ақсу ауданнында дүниеге келген. 1938 жылы дүниеден өткен. Бұл өлеңді бірінші мен сендерге оқып беремін. Сосын сендер оқисындар.
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін пысықтау: Сұрақ-жауап
Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
Төрт түлікке қандай малдар жатады?
Олардың бізге беретін қандай пайдасы бар?
Біздің Маңғыстауда төрт түліктің қайсысын көбіне өсіреді?
Төрт түліктің пірін кім атайды?
Төрт түліктің төлдерін кім атап береді?
Жарайды, олай болса ары қарай балалар «Төлін тап» ойынын ойнаймыз. Барлығымыз дайын отырайық. Қазір сендерге тақтада суреттер беріледі. Сендер сол сурет бойынша әр малдың төлін табасыңдар.
IV. Жаңа сабақ
Жарайсыңдар балалар,ендеше біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Әнші төлдер»
Ендеше балалар дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің жадымен тақырыпты жазамыз.
2. Көркем жазу: Қозы,бұзау, лақ
Олай болса балалар барлығымыз оқулықтағы 37- жаттығудың 1.тапсырмасын 1 оқушы оқиды. 2 тапсырмасын екінші оқушы оқиды.
Тақтаға 7 оқушы шығып бір-бір сөзден жазып, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызады.
V.Сергіту сәті: Ән «Қошақаным»
VI.«Постер қорғау»
Үй жануарларының дыбысын есту арқылы олардың қай жануардың дыбысы екенін анықтау.
Әр топ дыбысына қарай тапқан жануарларға байланысты постер қорғайды.
Әр топ ақылдасу арқылы бір оқушыдан қорғайды.
VII. Рефлексия (кері байланыс).
Оқушылар, біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?
Сабақтың қандай сәттері ұнады?
Келесі сабақта нені үйренгіңіз келеді?
Әр оқушы сабақтан алған әсерлерін білім ағашына іледі.
VIIІ. Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма. 38-жаттығу. «Әнші төлдер» өлеңін жаттау
Тулебаева Калампыр
ана тілі 2 сынып
Сабақ тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Жылу».
Сабақтың білімділік мақсаты: 1. Ақын Ф. Оңғарсынова туралы мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын, негізгі ойын таба білуге үйрету. Сабақты өмірмен байланыстыру. Мәнерлеп, дұрыс оқуға үйрету.
2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу , шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқушылардың сүйікті аналарына деген балалық махаббатын құрметтеу, ардақтау сезімдеріне тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, ақынның суреті, шығармалары, венн диаграммасы, суреттер, слайд, музыка
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, қазақ тілі
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру сәті
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қайқаус кім?
2. Қабуснама дегеніміз не?
3. Бұл кітапты кімге арнап жазған?
4. Осы Қабуснамадан алынған үзіндіге тиісті қандай нақыл сөз білеміз?
5. Қабуснама кітабынан алынған үзіндіні кім жатқа айтады?
Үнтаспадан Ана туралы ән тыңдау.
- Балалар, қазіргі тыңдаған әндерің кім жайында?
- Дүниеде анасыз адам болмайды. Осында отырған мен де, сендер де анадан туып, ананың көкірегінен нәр алғанбыз. Дүниедегі жақсылықтың бәрін, нәресте кезімізден анадан үйренеміз. Ең алғашқы сөзді, ана тілінде дұрыс сөйлеуді үйретеді.
1. Біздің ана тіліміз қай тіл?
2. Аналар мерекесін жылдың қай мезгілінде тойлаймыз?
3. Көктемнің ең алғашқы гүлін кім атайды?
- Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, әлі еріп кетпеген қалың қардың астынан бүршік жарып шығады. Біздің аналарымыз да өмірдің қиындығына қарамастан, нәзік болса да, жеңіп шығады: Тіршілік күннен нәр алса, адамзат анадан тарайды. Енді осы ата – аналарымыз туралы бабаларымыздың айтқан даналық сөздерімен танысайық.
Құт – берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың – әкең қымбат.
Оқушылар, бұл кімнің сөзі? Есіңізге түсіріңіз? (Қазыбек би суретін көрсету)
III. Жаңа сабақ «Жылу» өлеңі
1. Бұл суреттегі кім, балалар?
2. 1 - сыныпта оның қандай өлеңін оқып, танысып едік?
Мұғалім:
- Фариза Оңғарсынова 1939ж. 25. ХІІ. Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Манаш ауылында дүниеге келген. Ақындық өнері ерте қалыптасқан. 1961ж. Гурьев пед. институтын бітіріп, 1961 - 1966ж. аралығында мектепке мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып жұмыс жасаған. Ең алғашқы өлеңдер жинағы 1966ж. «Сандуғаш» деген атпен жарық көрген. Фариза ақындық, аудармашылық жолға түсіп, Қазақстан Республикасы Парламент Депутаттығына Дейін көтерілген. Мемлекет Қайраткеріне айналды.
Балықшылар туралы «Сандуғаш», мұнайшылар ерлік еңбегіне арналған «Маңғыстау маржандары», М. Өтемісұлына арналған «Алмас қылыш» шығармаларын жазған. Шығармалары бүгінгі замандастар өміріне, достық пен адамгершілікке арналған. 23 қаңтар 2014 жылы Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |