2. «Сенің нұрлы дидарың» (қызыл өрік)
3. «Әлі күнге еркелеймін мен саған» (асыл әжем)
4. «Жастықтың жалыны» (ауырмайды жүрек)
Жүргізуші:Алғашқы айналым өз мәресіне жетті. Осы айналымның ұпайларын берелік.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер , келесі айналымда сіздердің сөйлеу мәдениеттеріңіз, сөздік қорларыңның молдығы, жылдамдықтарыңыз сарапқа салынады. Келесі айналымға өтеміз.
ІІ. Әріптер не дейді?
Ережесі: Көріп тұрсаңыздар менің қолымдағы асықтарда әріп жазылған 2 топқа 2-әріп беріледі. Сол әріптен басталып, аяқталатын сөздерді айтуларыңыз керек. Екі топқа да берілетін әріп А- А. Мысалы: Алма, апа, ана т.б. Б-Қ, (Уақыты 1минут). Қай топ көп сөз айтады сол топ жеңімпаз болып табылады.
Жүргізуші: Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет. Олай болса осы бөлімнің ұпайларын берелік.
Жүргізуші: Әуен мен сөздің байланысы бір-бірімен өте жақын, тығыз байланысып жатырғанын білеміз. Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады
Келесі бөлімде сіздер қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді ортаға саласыздар. Үшінші айналым ережесіне құлақ түріңіздер!
ІІІ. Кім көп біледі?
Ережесі: Келесі бөлімде төрт жол өлең беріледі. Сол өлеңдегі асты сызылған сөздерге синоним яғни, мағыналас сөздер айтасыздар.
Сіздерге берілетін өлең А.Құнанбаев. «Жазғытұры»
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, (Суық, ызғар)
Масатыдай құлпырар(жайнар,әдеміленер) жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер (Шуақтанар, жадырар)күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып (Қуанып, мәз болысып) жас күлер ќұрбысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп,(Амандасып, қал-жағдай сұрасып) құшақтасып
Жер жүзіне өң берер гүл – бәйшешек (рең гүлденер, көркейер)
Достарыңызбен бөлісу: |