Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Таным» білім беру саласының мазмұны мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Баланы табиғатпен таныстыра отырып, оның сан қырлы бояуларын балаларға көрсетіп, түсіндіру әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті.
Табиғат - баланың ақыл-ойын нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Таным белсенділіктері арттады.
Құрметті әріптестер:
осы жерде сіздерге тағы бір сұрақ қойғым келеді.
Таным дегеніміз не?. Танымдық әрекеті дегеніміз не?. Сіз оны қалай түсінесіз?. Кішкене ой толғау жасап жіберейікші.
Тьютор осылайша семинарға қатысушыларды диалогтық қарым-қатынасқа шақырады, ой бөліседі.
Таным дегеніміз – объективтік шындықты адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыратын қоғамдық іс-әрекет барысы. Ал таным қызығушылығы – ғылым жаңалықтарын , қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық.
Танымдық әрекет дегеніміз -білім алушының ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл-ой қызметі.
Ал танымдық қабілет дегеніміз- жеке тұлғаның білу, түсіну, қолдану, талдау, зерделеу т.б.сияқты іс-әрекет атқарудағы икемділігін айқындайтын өзіндік психологиялық ерекшелігі болып табылады. Танымдық әрекеттің негізінде танымдық белсенділік қалыптасады.
Танымдық белсенділік дегеніміз-баланың окуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: тәрбиешінің баяндап тұрған материалын түсіну үшін баланың оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстарын істеуі керек. Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмларды белсенді орындауы жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Құрметті әріптестер:
Серуен дегеніміз не?. Бақылау дегеніміз не?. Сіз оны қалай түсінесіз?. Кішкене ой толғау жасап, серуен, серуеннің мақсатын, серуеннің міндеттерін, серуенді ұйымдастыру әдістемелерін қағаз бетіне түсіріп көрейік.
Тьютор осылайша семинарға қатысушыларды топпен жұмыс жасауға шақырады.
Серуен дегеніміз- мектепке дейінгі мекемедегі бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты- бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организімде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Серуеннің міндеті:қарапайым жағдайда организімді шынықтыру, мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру, баланың қимыл-белсенділігін арттыру, баланың танымдық-көркемдік, эстетикалық, әлеуметтік тұлғалық дамуына ықпал ету.
Мақсатты серуеннің түрлері:
Балабақша аумағында
Мектепке дейінгі мекеменің териториясынан аулаққа жаяу серуен ересек топтар 2км дейін (баланың киіміне қойылатын талаптар жыл мезгіліне сай болу керек).
Серуеннің мазмұны:
Бақылау
Еңбекке баулу
Қимыл белсенділігін арттыру, қимылдық-спорттық, ойындар мен жаттығулар
Баламен жеке жұмыстар
Балалардың өз бетінше әрекеті.
Жоғарда айтып өткендей, мектепке дейінгі мекемеде, серуенді дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Серуеннің ұйымдастырылуын арнайы кесте арқылы талдау әдіскерждің де тәрбиешінің де жұмысын жеңілдетеді. Тәрбиеші өзіне қандай талап қойып отырғанын біледі және серуенді ұйымдастырғанда жан –жақты ескеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |