реалистік поэзиясының қалыптасыуна елеулі үлес қосқан
бір топ ағартушы ақын-
жазушылар əдебиет майданына келді.
19ғ. əдебиетінде мұсылмандық схоластикаға қарсы ағартушы-демократиялық бағыт
кең өріс алды.бұл тұста Əбунасыр Курсави (1776-1818) бастаған антифеод. күресті
Шигабутдин Маржани (1813-89) одан əрі жалғастырадлы. Каюм Насыри (1825-1902)
өзінің əдеби, ғылыми пед.еңбектерімен ттардың қазіргі əдеби тілінің негізін қалады.
Ақмолла, Загир Бигеев (1870-1902), Ғадірахман Ильяси (1856-95), Фатих Халиди
(1851-1923) шығармаларында адамгершілік,
ізгілік пен зұлымдық, надандықтың
бітіспес күресі сипатталады. Закир Хади (1863-1933), Шакир Мұхаммедов (1865-1923)
бастаған бұл күрес 20ғ-дың басындағы əдебиетте революциялық-демократиялық
бағытқа келіп ұласты. 1905-07 жылдардағы революция тұсында татар тілінде
газет,журналдар
шыға бастады, əдеби-сын, революциялық публистицтика дамыды.
Дəл осы тұста бүкіл халықтық демократиялық қозғалысқа Ғабдулла Тоқай (1886-1913),
Ғалымжан Ибрагимов (1887-1938), Мажит Ғафури (1880-1934),Ғ.Камал (1879-1933),
Ф.Амирхан (1886-1926), Ш.Камал (1884-1942) тəрізді ақын, жазушылар жігерлі үн
қосты. Рев.-демокр. идеология мен либералдық-буржуазия күшейе түсуі
пролет.əдебиеттің тууына жол салды. Бұл жағдай революционер – жазушы Ғ.
Құлахметов (1881-1918) творчествосынан айқын көрініс тапты. əдебиетке С.Рамиев
(1880-1926), З.Ярмаки (1890-1965),Ш.Бабич (1895-1919), Мұхаммед Ғали (1893-
1952),Ф.Валиев (1892-1914), М.Файзи (1891-1928), К.Тинчурин (1887-1947) тəрізді
ақын, жазушылар қосылып, Ұлы Октябрь революциясын құшақ жая қарсы алды.
Азамат соғысы жылдары əдебиет майданына Ш.Усманов (1898-1937), М.Мақсұт
(1900-62), Қ.Нажми (1901-57), Мұса Жалил (1906-44), Х.Такташ (1901-31), А.Шамов
(1901ж.т.), Б.Рахмат(1897-1957) тəрізді жауынгер жазушылар келіп қосылды. Татар
совет əдебиетінің 20 жылдардағы туындылары Ғ.Ибрагимовтың «Қызыл гүлдар»
(1922) повесі мен «Терең тамырлар» (1928) романында, Ш.Камалдың «Таң сəріде»
(1927) романы мен Қ.Нажмидың «Шұғылалы соқпақ», «Күн астындағы жаңбыр»
(1930) повестреніде, сондай-ақ Ф.Бурнаш (1898-1946), Х.Туфан (1900 ж.т.)
шығармаларында жаңа өмірдің жалынды күрескерлерінің
бейнелері жасалып, дəір
көріністері эпикалық сипат алды. 30 жылдары татар əдебиетінде соц.реализм
қалыптаса бастады. Еңбек, коллективтендіру, өндіріс тақырыбы өз шешімін тапты.
Осы тұста Ш.Камалдың «Жақсылық пайда болғанда» (1937), М.Ғаляудың (1887-1938)
«Мұхаджар» (1934), М.Амирдің (1907 ж.т.) «Ақ Еділ»(1936), Ғ.Башировтің (1901ж.т.)
«Сиваш» (1937) роман, повестері жарық көрді. Бұл кезең əдебиетінен адамның рузани
өмірін филос.мəнмен жырлайтын А.Файдидің (1903 – 58) «Флейталар» поэмасы мен
«Тоқай» драмасы елеулі орын алды. Əдебиеттің өзге жанрлары да даму, өолеу үстінде
болды. Комедия жанрларында К.Тинчурин (1887-1947), Хұсни, Н.Исанбет (1900ж.т.)
тəріздес жазушылар көзге түсті. Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ақын,
жазушылар
майданға аттанып, жауға қарсы күресте қаламымен де, қаруымен де
қажырлы еңбек етті. Мұса Жалил, Ф.Карим, С.Хаким (19911 ж.т.), М.Садри (1903
ж.т.), З. Нұри (1921ж.т.), С.Баттал (1925ж.т.) жырлары мен Нəжми, Ғази, Х.Усманов
(1908ж.т.), Т.Гиззат (1895-1955). Н.Исанбет (1900ж.т.)
шығармалары соғыс
жылдарының əдеби жылнамасына айналды. Мұса Жалилдің «Моабит дəптері» кейін
тарихи өшпес даңққа бөленді.
Достарыңызбен бөлісу: