Қайта өрлеу дəуірінің Италья мəдениеті Боккаччо шығармасында ерекше
айқын ұлттық аспектер арқылы бейнеленген .
Боккаччоның негізгі мақсаты - ескі махаббат туралы повесті жаңа көркем əдеби
түрінде көрініс беру. Ол антика құдайларын негізгі əрекет етуші етеді жəне
романында мифологиялық түрді
кең қолданады, сонымен қатар ортағасырлық
элементінде сақтаған. «Филоколо» шығармасынан кейін шағын «Филострато»
поэмасын жазады. Онда ол бірінші рет итальяндық əншілердің халықтық сегізжолдық
шумағын - октаваны қолданады. «Филострато» сюжеті «Троя туралы романынан»
Итальяда латын тілінде айтып жүрген Бенуа да
Сент - Мора труверінен осы
романындағы Троил мен Бризеиданың махаббатын эпизоды етіп алып,
кейінен
Шекспир өзінің Троил мен Прессида комедиясын драма үлгісінде жазады.
Бокаччоның жас кезіндегі үшінші шығармасы антикалық сюжетке құрылған поэма -
«Тезеида» (1339). Бұл шығарманың атауы классикалық эпопеяны еске түсіруі,
«Марстың қиын жұмыстары» яғни Грециядағы əйгілі эпостың туындауына қарсы
екенін куəландырады . Келесі ығармасы «Амето» (1341) Флоренцияда өлең жəне
проза түрінде жазылған. Бұнда
тек сезімді суреттемей - ақ, малшының өмірін
антикалық
буколикалық поэзияны қолданып, бейнелейді. Оны нағыз суретші -
реалист түрінде
бейнелейтін
Достарыңызбен бөлісу: