Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№7 дəріс. Тақырыбы: Көне үнді əдебиеті



Pdf көрінісі
бет62/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

№7 дəріс. Тақырыбы: Көне үнді əдебиеті 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.
 
Ежелгі үнді əдебиеті — қазіргі Пəкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. 
Ведалар. 
Дəріс мақсаты: 
Адамзат тарихындағы ең елеулі тарихи кезеңдегі əдебиет жəне 
мəдениет салаларының даму барысынан хабардар болу.
Дəріс мазмұны:
Б. з. I мыңжылдығындағы ежелгі үнді əдебиетіндегі драмалық, лирикалық 
поэзияның, прозаның дамуы. Жаңа үнді тіліндегі əдебиетке көне əдеби үлгілердің 
əсері. Б. з. д. III мыңжылдықтағы Инд жазығындағы арий, дравидий, мунд атты 
тайпалар мен халықтар араласуыныц əдебиеттері. Ежелгі үнді əдебиеті — қазіргі 
Пəкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. Ежелгі үнді əдебиетіндегі 
тайпалық тілдср. Веда тілі — ритуалдық əнұрандар тілі; Санскрит, пали - буддистер 
тілі; джайндар - пракриттер /артхамагадхи, шаурасени, махарашпри/ жəне 
апабхраншу /діни қауымдастық/ тілі. 
Ежелгі үнді əдебиетіндегі поэзия мен проза арасындағы айырманың аздығы. Кез 
келген тақырыптың - діни, ғылыми, ертегілік, эпикалық, тарихи — бəрінің де 
өлеңмен де, прозалық түрде де жазыла бергені. Пəлсапа, дəрігерлік, грамматика, 
астрономия, сəулет туралы бəрі де өлеңмен жазылған. Ежелгі үнділік романның 
нақыш-өрнек қолөнері араласқан поэзия түрінде де жазылғаны. 


Веда əдебиеті "веда" — сөзі — "білім", "нақты, жоғары қасиетті білім" 
ұғымдарын береді. "Ригведа" — веда əдебиеті /əнұрандары ведасы/ негізін құрайды 
/"риг" сөзі "əнұран" ұғымын береді/. "Самаведа" — салтанатты өлең айту ведасы 
("саман - əуен"). "Яджурведа" — құрбандық нақылдарыныц ведасы (яджус — 
"құрбан", "құрбандық" формуласы). "Атхарваведа" — дуалау, арбау ведасы (атхарван 
— "арбау", магиялық формула). 
1. Б. з. д. бірінші ғасыриидагы санскрит əдебиеті. Əдеби эпостың, драманыц, 
лириканың өкілдері. Ашвагхоши II ғ., Бхасы /III-IV ғғ./ жəне Халы /IІІ-IV ғғ./.
Ведалар мен эпостағы лирикалық тармақтар, оқиға баяндаушы эпизодтар мсн 
диалогтар, өлеңдер мен сезімдік көңіл-күйлік сипаттаулар. 
Ежелгі үнді драмасы. Жоғары тəңірі Брахмага драманы жасау туралы жазылған 
"Натьяшастра" /"Драма ғылымы"/ атты тұңғыш санскриттік трактат. Трактаттагы 
Брахманың театр өнерін жерге жібергені туралы. "Натьяшастрада" оның негіздерін 
жазғаны туралы аныздың айтылатыны.
2. Б. з. д. IV—VIII ғ. Санскрит əдебиеті. Үнділік орта ғасырдағы Гуптар əулеті 
билеген империя. Əдебиет пен өнердің дамуы. Буддизм мен джайнизмді брахмандық 
діни бағыттың түпкілікті жеңуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет