Ойынға 2 топ қатысады.
-
«Ойшылдар» тобы
-
«Тапқырлар» тобы
-
ТАНЫСТЫРУ
(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.)
1-топ: «Ойшылдар» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Достарым ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
2-топ: «Тапқырлар» тобы
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
-
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)
2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай
1-топ: «Ойшылдар» тобы
-
Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегіш/
-
Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/
-
Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/
-
Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/
-
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/
-
Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/
-
Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/
-
Физика не туралы ғылым? /табиғат/
-
Келвин шкаласында судың қайнау температурасы? /373К/
-
1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/
2-топ: «Тапқырлар» тобы
-
Энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен азырақ қызған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік
-
Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.
-
Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр
-
Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/
-
Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/
-
Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/
-
Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/
-
Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы – Кебу
-
Келвин шкаласында судың қату температурасы – /273 К/
-
Сублимация дегеніміз не? - Заттың қатты күйден сұйыққа айналып, буға айналу құбылысы
Достарыңызбен бөлісу: |