«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
5
«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
6
СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
7
«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)
8
«Физикалық диктант...»
Жалпы ұпайы
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендеріңе көп рахмет!
Шын сезінген көрерменге
Айтамыз біз мың рахмет! – дей. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
«Қызықты физика» «Плитка және үтік» физикалық ойынынан көрініс
Сахнада үтік пен плита өзара артықшылықтарын айтып, мақтанып жатады.,
Плитка: Менің адамдарға тигізетін пайдалы өте көп. Менің қызуыма олар тамақ пісіреді, шай кофе қайнатады.
Үтік: Менің де пайдам өте көп. Менсіз ешкімнің де киімдері үтіктелмейді. Әне, сен, өзіңнің үсті – басыңа қарашы, костюм – шалбарыңның қырын көрдің бе? Бұл менің арқам.
Плитка: Сен таңертең хош иісі, күрең шаймен ұйқыңды ашып, сабақта сергек жүресің, ол да менің арқам, Киім үтіктегенен басқа не білесің?
Үтік: Кейде плитка бұзылып қалғанда адамдар мені төңкеріп қояды да шәй шығарады.
Ток көзі: Әй, таласпаңдар, екеуіңе не болған? Мен сендерге тоқ беріп тұрмасам, сендердің керектерің қанша? Қазір өшіп қалайыншы, екеуіңнің де денелерің мұздап, керексіз болып қаласыңдар.Кішкене жан – жақтарыңа қарасаңдаршы. Отырмыз ғой үндемей. Қазір мен мына екі шамды жағамын.
Бірінші шам: Ой менің температурам көтеріліп барады.
Екінші шам: Кедергі реостаттар қайда? Ұйықтап қалған ба?
Реостат: Мен кедергіні жасап тұрмын,
Амперметр: Қазір мен тоқты өлшеп жіберейін,. Тоқ бірқалыпты.
Вольтметр: Мен де кернеуді өлшеп жіберейін. Ия, екеуіңде де кернеу бірқалыпты екен. Амперметр: Сен бір шамды жағып жібердің.
Реостат: Сендерге не болған, кедергіні мен дұрыс жасадым. Білсем, кінә сақтандырғыштарда ғой деймін.
Сақтандырғыш: Вольтметр сен ылғи кернеуді дұрыс өлшемейсің барлық салмақ маған түседі. Міне, тағы да жанып кеттім. Сендер үшін күніне бір өліп, бір тірілемін.
Ток көзі: Тынышталыңдар, тынышталыңдар. Қожайынымыз келе жатыр.
Плитка: Шай қайнаған жоқ, ұят болды- ау.
Үтік: Киімдерін де үтіктей алмайтын болды.
Шам: Қап – қараңғы болып көзі де көрмей қалатын болды- ау.
Сақтандырғыш: Көрдіңдер ме менің қызметім қандай екенін?
Қожайын келіп шамды жағады. Плитканы қосады, үтік ті де қосады. Ешқайсысы да қосылмайды. «е, е сақтандырғыш жанып кеткен екен ғой» - деп оны жөндеп қосады. Плитка ысып шай қайнайды.
Қожайын: Ей, электр құралдары, сендер жеке- дара жан – жаққа тартпаңдар. Бәріміз бірігіп қызмет етейік. Адамдарды бір қажетіне жарайық. Келіңдер, бәріміз тізбектей қосылып, көңілді ән айтайық.
Барлығы «Әнші балапан» әнімен қол ұстасып жүріп мына әнді айтады.
Электрдей ғажайып
Шештім ғажап теңдеуді
Сақтандырып бәріңді
Реттегішпін кернеуді
Қ-сы:
Амперметр, реостаттарым
Адам үшін ән бастап бердім
Үтік, плита билеп бер канекей
Қол соғады адам әнекей
2. Үтіктеймін шалбарды
Киімдерді жайнатам
Хош иісті шайыңды
Қызуменен қайнатам.
Қайырмасы:
Қол ұстасып қанекей
Тізбек құрып көрейік
Қызмет етіп адамға
Тек игілік берейік.
1-жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесерміз біздер әлі
Әділ қазы, көреремен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі