Семинар сабағының тақырыбы: Советтік Қазақстан мен тоталитарлық жүйенің қалыптасуы


Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82421
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сапарәлі А.Пип.Презентация семинар 4 дәріс

Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі.

  • Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте құрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты Қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізші жетекші орган - Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет