Семинар сабағының тақырыбы: Советтік Қазақстан мен тоталитарлық жүйенің қалыптасуы


Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері



бет8/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82421
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сапарәлі А.Пип.Презентация семинар 4 дәріс

Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері.

  • Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар. Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді.
  • Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.
  • Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді.
  • С.Сәдуақасовтың индустрияландырудың отаршылдық бағытына қарсы күресі. Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында тағы да С.Сәдуақасов тұрды. Ол: “Егер империалистік орыс буржуазиясы шет өңірлерден тек шикізат талап, фабрикалар мен зауыттарды өз қолтықтарының астына орналастырған болса, социалистік өнеркәсіп шаруашылықтың қажеттілік жағдайына орайластырылып дамытылуы қажет. Егер қалпына келтіру кезеңі кейбір ұлттардың нақты теңсіздігі сияқты өткеннің “қарғыс атқан мұрасы” түріндегі қиындықтарға кездессе, қайта құру кезеңі оларды жеңуі қажет. Міне, артта қалған аймақтарды социалистік құрылысқа бейімдеу және шет аймақтардағы Кеңес өкіметін нығайтудың кепілі осында жатыр”, — деп көрсетті. Индустрияландыру барысында жергілікті кәсіпорындарды орталыққа тәуелді еткісі келген республиканың келімсек басшысымағының орашолақ бағытын былайша әшкереледі: “Голощекин жолдастың жүн жуатын орыннан әрі бармай, дұрысырақ айтқанда, барғысы келмей отырғаны неліктен, ал шұға фабрикаларын ұйымдастыру өзінен-өзі керек болып отыр ғой. Жуылған жүнді, сол жүннен жасалатын “мәскеулік” шұғаны әрлі-берлі екі рет тасығанша, Қазақстаннан дайын шұғаны бірден тасып әкету темір жолға да оңайға түспей ме?” Тоталитарлық тәртіптің экономикалық негіздерін қалыптастыру саясатын бастаған сталиншіл үкіметтің қолшоқпары болып отырған Голощекин бағытының түп-тамыры Кеңестердің Бүкілодақтық ІV съезінде айқын көрінді. Әсіресе ондағы Рыковтың қорытынды сөзі ұлттық аймақтар өкілдерін қатты алаңдатты. Солардың ішінен орталық үкіметтің индустрияландыру саясатының кемшіліктерін көрсетуге ұмтылғандардың бірі тағы да С.Сәдуақасов болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет