Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары.
Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. 1992 жылы археологтар Қырғызстанның астанасы Бішкекке жақын жерде құрбандар жаппай жерленген бейітті тапты. Онда құпия жағдайда атып өлтіріліп, жасырын жерленген 138 адамның көмілген екен, олардың бәрі де сол кезде жоғары дәрежелі қызметтер атқарған, ұлттың зиялы өкілдері болған.
Мағжан Жұмабаетың Табалдырық монифесі
«Табалдырық» жазылған уақыт қазақ зиялылары үшін күрделі де ауыр уақыт болатын. «Табалдырық» арқылы Мағжан ақын тығырықтан шығатын жолды ұсынды. Ол жол білім беру және сенім арқылы ұлтты жаңа өмірге даярлау еді. Ал большевиктік идеология ұсынған жол бұл қазақ қоғамына ұлттық мәдениеттің бағыт-бағдары мен мазмұнын анықтау ісінде Орталықтың шешуші ролін мойындау, яғни мәдени құндылықтарды жасаушы халықтан өзге мәдениеттер жасаған үлгілерді тұтынушы халыққа айналу еді. Яғни «Табалдырық» мәдени өмір саласындағы идеологиялық зорлыққа берілген интеллектуалдық жауап қана емес, сонымен бірге, сол бір аумалы-төкпелі заманда ұлттық өнердің, әдебиеттің бағыт-бағдарын анықтап берген бағдарламалық құжат та еді. «Табалдырықтың» осы екі қырын бірдей бағалау аса маңызды.