Семинар сабағының тақырыбы: Советтік Қазақстан мен тоталитарлық жүйенің қалыптасуы


Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны



бет5/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82421
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сапарәлі А.Пип.Презентация семинар 4 дәріс

Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.

  • Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясындағы баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 319.516 қожалықтың 2387.384 десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды; Қосшы одағы жалпы алғанда қайта бөлуге қатысуда жеткілікті белсенділік көрсете қоймады, қайта бөлу төңірегіне кедейлер бұқарасын жеткілікті топтастыра алмады. Болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер қажетті белсенділік таныта алмады, қайта бөлу ауылдық кеңес аппаратында таптық бағыттың бұрмалануы орын алғанын анықтады. Кейбір ауылдық кеңестер төрағалары осыған байланысты орындарынан алынды”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет