Постреквизиттер: Курс соңында студент көркем мәтінді лингвистикалық талдау саласымен жан-жақты танысып, мәтіннің тұлға-бірлігі, категориялары, байласымды жүзеге асыратын тілдік-амал тәсілдерді т.б. сондай-ақ қазақ, шет ел лингвистикасындағы ғалымдардың еңбектерімен, көзқарас-пікірлерімен танысып, осы сала бойынша теориялық және бекітуге арналған тапсырмаларды орындай отырып практикалық та жағынан біліммен қарулануы қажет.
Курс мазмұны:
Көркем мәтін
Көркем мәтінді зерттеу бағыттары, әдістері
Ауызша, жазбаша мәтіндер
Көркем мәтіннің категориялары
Көркем мәтіннің түзілімі
Көркем мәтіннің тұлға-бірліктері. Абзац, күрделі фразалық тұтасым
Көркем мәтін компоненттері (бөліктері): бастауы, дамуы, қорытуы
Көркем мәтін байласымын жүзеге асыратын тілдік амал-тәсілдер
Мәтіннің қабылдануы
Мәтін құрылымы
Мәтін түрлері
Мәтін композициясы
Оқыту әдістемесі:
Оқыту негізінен теориялық біліммен қаруландыратын дәрістерден және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын семинар, практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттер білімін тексеру семинар сұрақтарын талқылау, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары, тест жұмыстары. өзіндік жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |