Пәннің пререквизиттері: Студенттердің жалпы орта мектеп негізінде алған жалпы білім көлемі;
Пәннің постреквизиттері: Үзіліссіз педагогикалық практика, «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі», таңдау бағыты бойынша әртүрлі элективті
курстар.
Пәннің мақсаты: негізгі психологиялық тұжырымдамаларға ғылыми-теориялық көзқарасты, психологиялық құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Қысқаша сипаттамасы: психологияның қазіргі күйі жөніндегі білімдерді, адам психикасын сипаттайтын ұғымдық аппаратты меңгеруі қажет, сонымен қатар психология бойында теориялық білімдерді кәсіби іс-әрекетте қолдана алу, туындаған жағдаяттарды психологиялық білімдер тұрғысынан талдай алу, соған байланысты білім беру процесін, өз кәсіби іс-әрекетін және өзін-өзі дамытуын құра алу іскерліктерін меңгеру қажет.
Оқыту нәтижелері:
- анатомия, психика, сана, адам мен жануарлардың қызметі, психикалық процестер мен психикалық күйлер туралы негізгі теорияларды, тұжырымдамаларды білу және негізгі ережелерді түсіну;
- алынған білімді кәсіби қызметте қолдану, төменгі және жоғары тектегі тіршілік иелеріндегі инстинкттер, рефлекстер, интеллект арасындағы қатынасты, бірлікті және айырмашылықтарды түсіну;
- психиканың мазмұны, құрылымы, даму кезеңдері туралы өз пікірін білдіру; адам психикасының дамуындағы рөлі, адам анатомиясының даму механизмдері, практикалық психологтың рөлі, кәсіби қызметтің функциялары, психологияның ғылым ретінде қалыптасуы, оның басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы, болашақта психологияның даму тенденцияларын білу.
ПК 9 ғылым ретінде психологияда білімді қолдану,психологиялық құбылыстар, категориялар мен әдістер,қызмет ету заңдылықтарын зерттеу және сипаттау
UK3 жеке тұлғаның психологиялық сипаттамасын беру; өзінің психикалық жағдайын түсіндіру;
ПК1 түрлі қызмет жағдайларында алынған психологиялық білімді практикалық қолдану дағдыларын меңгеру;
PK2 адамның психологиялық талдау нәтижелерін жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында пайдалану.
PK5 кез-келген қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдау және басқа адамдармен өзара әрекеттесу процесінде мақсаттарға жету.