Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет6/23
Дата23.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#150458
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Этнолингвистика, Қ.Ғ.Аронов

3-МОӨЖ тақырыбы:Шетел ғалымы Б.Уорфтың ғылыми пікірлерін талдау.
Тапсырмалар: Мақала жазу
Есеп беру түрі: Ауызша және жазбаша
МӨЖ тапсырмалары:Шетел ғалымы К.Бюлердің ғылыми пікірлерін талдау.
Есеп беру түрі: Жазбаша
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
2. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М: Академия, 2001. – 208 с.
3. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004.
4. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. – А, 2000. – 354 б.
5. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.
Төртінші апта
4 дәріс тақырыбы: Этнолингвистикалық арналар
Қарастырылатын мәселелер:
1.Баламалар. Тұракты теңеулер
2. Этнолингвистикалық фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер
3. Ауыз әдебиеті үлгілері. Жұмбақтар
Терминдер мен анықтамалар:
Когнитивтік лингвистика дегеніміз – танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, белгілі бір тілдік жағдайды қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылы сипаттау, олардың әр келкі деңгейде қабылдану өзгешелігін зерделеу;
Концепт – адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі;
1.Баламалар. Тұракты теңеулер
Тілдің лексика-семантикалык қорын дамытудың, байытудың көздері орасан көп. «Негізгі және туынды мағыналық бірліктер» деп аталған бұл екі топты сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да байытып, оны этнос туралы небір құнды дерек-мағлұматтармен толыктырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән-мағынасын тереңдете түсетін тілдің басқа да көздері бар. Біз оларды «этнолингвистикалық арналар» деп атадық. Олар сан алуан бұлақтан бастау алып, «тіл әлеміне» келіп кұйылып жатқан 6 арнадан тұрады.
Олар мыналар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері.
Баламалар. Бұларға тіліміздегі негізгі атауларды бейнелі түрде суреттеп беруден туындаған (мыс, көмір — «қара алтын», теле¬визор — «көгілдір экран» т. б.) жасанды баламалар (перифраздар) мен әр түрлі наным-сенімге, әдет-ғұрыпқа (ат тергеу, көңіл айту, ұятты сөзден қашу, т. б.) байланысты тыйым салынған «табу» сөздерді (бөрі — «қарақұлак», жылан — «түйме» т. б.) алмастыратын эвфемистік баламалар жатады. Тілімізде мыңдап саналатын бұл ба¬ламалар да рухани дәстүрге, тіл табиғатына, этностык дүниетанымға тікелей қатысы бар ерекше құбылыстың бірі.
Тұрақты теңеулер. Бұлар, әдетте, бір зат пен екінші бір затты (құбылысты) өзара салыстыру, ұқсату, бір-біріне балау, теңеу арқылы оларды анықтау, сипаттау, бағалау, бағамдау, өлшеу, болжалдау т. б. осы сияқты танымдық мақсаттан туындап тұрақталған (көпшілігі) тіркестер. Тілімізде мыңдап саналатын бұл тіркестер (штамптар) тақырыбы (объектісі, мағынасы, құрамы мен құрылымы, уәждік (мотивтік) негізгі және көркемдік ерекшеліктері жағынан сан түрлі. Бұлардың бәрі немен және нені қалай салыстырса да, айналып келіп, адамның іс-әрекетін, сын-сымбатын, қалып-күйін т.б. қасиеттерін сипаттауға бағышталады. Мына мысалдарды зерделеп көріңіздер: жерден жеті қоян тапқандай (қуану), екі иығына екі кісі мінгендей (дәу, үлкен) т. б.
2. Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер. Тақырып, мағына, тұлға жағынан әр түрлі болып келетін тұракты тіркестердің үлкен бір саласы тілімізде (15 мыннан астам) — фразеологизмдер десек, олар да қандай ұғым- түсінікке қатысты болмысын, сайып келгенде, адамның іс-әрекетін, қалып-күйін, дүниетанымын өзіндік бояу-нақышымен бейнелейтін танымдык мәні зор көркем сөз бұлақтарына жатады. Оны мына мысалдардан да: шошқа тағалау, бастан құлақ садаға, ит терісін басына қаптау, шөп басын сындыру т. б. айқын көре аламыз. Бұлардың жасалуына ұйыткы болып тұрған «құлақ» (мал құлағы), «ит терісі», «шөп» тәрізді «тірек» компоненттердің, көріп отырғанымыздай, адамға тікелей катысы жоқ. Сондықтан да этнолингвистика үшін ең қиын мәселе — осы сияқты фразеологизмдердің ауыс мағынада колданылу мотивтерін түсіндіру.
Мақал-мәтелдер. Бұлар да этнолингвистикалық арнаның ең құнарлы бұлақтарына жатады. Егер тіліміздегі 40 мыңнан астам мақал-мәтелді фразеологизмдер сияқты жинап, жүйелеп, белгілі бір «тірек» объектілеріне қатыстығын айқындап, мазмұнын ашып, этно-лингвистика тұрғысынан түсіндіретін болсақ, этностың «тіл әлемі» 40 мың мағыналық бірлікпен толығып, байи түскен болар еді. Әрбір мақал мен мәтелдің бойына этнос болмысына, оның рухани заттық мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүр, әдет-ғұрып,наным-сеніміне т.б. катысты бай информация жинақталғанын ескерсек, олардың этнос болмысынтанып-білуге косар үлесі зор. Фразеологизмдер сияқты, мұнда да күрделі мәселе-мақал-мәтелдердің тілде пайда болу факторлары мен дами келе, Адамға(оның сын-сипатына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, калып-күйіне т. б. қасиеттеріне) ауысу мотивтерін (уәждерін) тап басып, дәл айкындау, мән-жайын таратып, түсіндіру. Бір-ақ мысал: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал «от басында қандай тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге керсең, өсіп-жеткенде де соны істейсін» деген ауыс мағынада бүгінгі педагогикалық тұжырымдаманың (концепгцияның) негізіне айналып отыр. Этнолингвистика болса, міне, осындай құбылыстың мән-жайын түсіндіруте тырысады. Мәселен, осы мақалдыңөзін алсак, ол — о баста қыран құстар өмірін байқаудан туып, саяткерлер лексиконында қолданылған жай тіркес болған. Шынында да, бүркіт өз балапандарын құз-қиядағы ұясында түлеп, қара қанат болып ұшқанға (өз тамағын өзі тапқанға) дейін сол төңіректегі барлық аң-құстардың, мал төлінің етімен (кейде өлек-сесімен) қоректендіруге тырысқан. Бұл жәйт мақалада «отбасындағы көрген тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі» мағынасына баланып отыр. Ал бала бүркіттің өсіп, қыран болғанда иісін алып, дәмін татып, құштарлана жеген аң-құстарды көбірек ілетіні» ауыс мағынасында «баланың өскенде де отбасында (семьяда) көрген үлгі-өнегесін істейтін әдетіне» айналып отыр.
Міне, осы тәрізді мағыналық өзгерістерді біз кез келген мақал-мәтел табиғатынан байқаймыз. Осы сияқты өзгерістердің тілдік тетіктері мен мотивтерін айқындап, оларды «тірек» сөздер аркылы тақырыптық топтар жүйесіне енгізу, түсіндіру тағы да сол этнолингвистиканың ең бір күрделі міндетіне жатады.
3. Ауыз әдебиеті үлгілері. Жұмбақтар. Жұмбақ табиғаты жұртқа мәлім. Ол — жастардың ой-өрісін кеңейтіп, астарлы сөздің сырын түсінуге, тапқырлыққа баулитын, тұспалдап, жұмбақтап бейнелеп, бір затты екінші бір затқа балап айту аркылы ой потенциясын кеңейте түсетін танымдық мәні зор құбылыс. Бұл жағынан жұмбақтар эвфемизмдер мен перифраздарға өте ұқсас. Мәселен: «мылтық» деген үғымды «белі бүкір, алысқа түкір» деп, «құлыпты» — «Бір итім бар үрмейтін, өзімнен басқаны үйге кіргізбейтін» деп, «түтінді» — «ұзыннан ұзақ, көкке тұзақ» деп, «диірменді» — «қараңғы үйде қабан күркірейді» деп түсіндіру жұмбақ мақсатының бір жағы болса, оның екінші жағы — оларды дұрыс байыптап, түсіне білу. Жұмбақталған объектіге (яғни сөзге, ұғымға) сәйкес сайланған баламаның мотивін тек ұлттық менталитет, этностық таным негізінде ғана айқындап түсіндіруге болады. Жұмбақты этнолингвистикалық арнада тоғысатын бұлақтардың бірі деп қарауымыздың басты себебі, міне, осы. Мәселен, «Айдалада қу қазық, мергеншіге жол азық,» деген жұмбақтың шешімі «қоян» екенін тек қазақы түсінік негізінде ғана табуға болады.
Ауыз әдебиеті үлгілері. Әр түрлі бұлақтардан бастау алып, тарамданып келіп, этнолингвистикалық кең арнаға құятын салаларға ауыз әдебиеті үлгілері де жатады. Бұларға жанры мен тақырыбы, құрамы мен кұрылымы, мазмұны мен мағынасы әр алуан болып келетін, халық жадында сақталып, рухани мұра болып, ұласып, ауысып келе жаткан: 1) авторы белгілі ақыл-накыл сездер; 2) салт-дәстүрге (әдет-ғұрып, наным-сенім, ырым-кәде, жөн-жоралғы т. б,) қатысты деректер; 3) той-томалақ, мереке-мейрамдарға байланысты рәсім-салтанат үлгілері; 4) көріпкел, сәуегейлілікке қатысты әңгімелер; 5) әзіл-оспак, артында зіл жоқ бірқақпайлар мен күлдіргі сөздер т.б. осы тәрізді «тұрмыстық жеңіл жанр» үлгілері жатады.
4 практикалық сабақтың тақырыбы: Тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеудің амал-тәсілдері.
Тапсырмалар:
1. Этнолингвистикалық арналар дегеніміз не?
2. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың халық болмысын, табиғатын айқындайтын сипаттары қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет