ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихындағы методологиялық ізденістрі мен іркілістеріне сипаттама жасай белу;
қазақ әдебиетін теориялық тұрғыдан зерттеуші ғалымдар еңбектерінің әдіснамалықкескін-келбетін пайымдай білу;
қазақ әдебиеті сынының әдіснамалық тұрғыдан өсу-өркендеу жолына талдау жасау;
қазақ әдебиетінің белгілі сыншыларының шығармашылығындағы әдіснамалық әдіс-тәсілдерді айыра білу;
әлемдік әдіснама әдіс-тәсілдері мен маркстік-лениндік ілім қағидаларына салыстырма жасай білу;
қазақ әдебиет теориясы мен сынындағы ұлттық таным-білікті тани білу мен талдау жасай білу;
ғылыми-зерттеу әдістерін айыра білу және өзіндік ерекшеліктерін түсіну;
4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар «Этнолингвистика» пәні – бүгінгі таңдағы заман талабынан, қоғам қажеттілігінен туындап отырған көкейкесті мәселелер бірі болғандықтан оқытылады. ХХІ ғасыр азаматтық өркениетте жедел қарқынға ие болып отырған ғаламдану процессінің ұлт мәдениетін таразылаумен, ұлттар тарихын зерделеумен, ұлттық құндылықтарды жаңғыртумен тұспа-тұс келген заман. Осыған орай макролингвистиканың бір саласы болып табылатын, тіл мен халық арасындағы қатынасты, лингвистикалық және этникалық факторлардың өзара әсер-ықпалдарын тілдің атқаратын қызметі мен дамуы аясында зерттейтін этнолингвистика арнайы пәндік курс болып университеттің магистратура бөліміне арналған оқу жоспарына енгізіліп отыр.
Курстың мазмұны
Бірінші апта №1дәрістің тақырыбы: Этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделері
Қарастырылатын мәселелер: 1. «Этнолингвистика» термині жайлы қысқаша түсінік
2. Этнолингвист ғалымдардың еңбегіне қысқаша шолу
3. «Этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» және т.б. терминдерге қысқаша түсінік
Терминдер мен анықтамалар: