Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет7/23
Дата23.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#150458
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Этнолингвистика, Қ.Ғ.Аронов

4-МОӨЖ тақырыбы:Шетел ғалымы Э.Сепирдің ғылыми пікірлерін талдау.
Тапсырмалар: Шетел ғалымы жөнінде реферат жазу
Есеп беру түрі:Жазбаша.
МӨЖ тапсырмалары: Этнолингвистиканың пайда болуы.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

  2. Арутюнов С.А., Багдасаров А.Р. зык – культура – этнос. М., 1994.

  3. Авоян Р.Г. Значение в слове // философскиций анализ. М., 1985.

  4. Вербицкая А. Язык. Культура. Познание. М., 1996.

Бесінші апта
5 дәріс тақырыбы:Этнолингвистикалық этюдтер
Қарастырылатын мәселелер:
1. Этнолингвистикалық этюд түсінігі
2. Этнолингвистикалық этюдтердің теориялық және практикалық маңызы
3. Этнолингвистикалық этюдтерді талдау, саралау
Терминдер мен анықтамалар:
Лингвомәдени концепт - жалпы бір ұлт мәдениетінің басты элементі, адамның ментальды әлемінің басты ұяшығы; этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан ұрпаққа берілетін ықшам әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым (Ислам Айбарша);
Мәдениет дегеніміз – адамзат өмірін ұйымдастырып, дамытатын арнайы тәсілдер жиынтығы; қоғамның дамуын сипаттайтын тарихи деңгей; белгілі-бір адам әрекетінің қалыптасу негіздері; ұлттар мен этностардың тарихи дәуірлеуінің сипаттамасы; қоғамдық, этикалық нормалардың даму деңгейі;
1. Этнолингвистикалық этюд түсінігі. «Этнолингвистикалық этюдтер» деп отырғанымыз — этнос болмысын танып-білу максаты мен «тіл әлемін» түбегейлі зерттеудің нәтижесінде әрбір негізгі мағыналық бірлікті және оған қатысты этнолингвистикалық арналарға деректерді жоғарыда айтылған сатылы қатыстық тәртібімен (негізгі — туынды — қатысты атаулар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері) берілетін түсініктемелер, анықтамалар, мағлұматтар, топшылаулар. Олар этнолингвистикалық жұмыстың түрі мен мақсатына (монография, сөздік мақала т. б.), әр түрлі бұлақтардан жиналған информацияның мазмұнына қарай қысқа да, көлемді де болуы мүмкін.
Енді жеке мақала ретінде берілген этнолингвистикалық этюдтің үлгі-жобасы ретінде 1—2 мысал келтіріп өтейік.
Мысалы: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «итсигек» сөзіне: «буын тәрізді бұтақтары бар, биіктігі 30—100 см жапырақсыз жартылай бұта» [7] деген анықтама беріліп, этнограф X. Арғынбаев еңбегінен «халық қыршаңқы болған жылқыны итсигек, қарандыз сияқты улы өсімдіктердің қайнатындысымен бірнеше рет жуады» деген дерек келтірілген. Демек, лингвистикалык және этнографиялық деректердің «итсигек» туралы беретін мағлұматы осымен шектеледі. Алайда «итсигек» шөбінің дәрілік қасиетін, жинап алу, қолдану тәсілін, пайдаланатын ауру түрлерін т. б. ерекшеліктерін танып-білу үшін бұл деректер жеткіліксіз, әрі тым жұпыны сияқты. Шөп табиғатына қатысты бұлақтарды қарастырғанымызда этнолингвист ғалым А. Сейдімбековтың «итсигек» шөбі туралы арнайы жазғанэтнолингвистикалық этюдін кездестірдік. Оны өз сөзімізбен баяндағанда былай болады: «Итсигектің уын жинау, әдетте, ел жайлауға көшіп қонған, төлдің піскен кезінде басталады. Бұл кезде ол басқа шөптердей емес, көпке дейін күннің шыжыған ыстығы мен жаңбырдың суынан өзгермей, қан-сөлсіз куарып, сарғыш тартып, бунақ-бунақ болып, жер бетінде ербиіп, қабық-жапырақсыз қу бұта қалпында тұрып алатын көрінеді. Осылай мамыр, маусым өтіп, шілдеайы туғанда оған жан бітіп, бұтақтарында көк түйіндер пайда болып, олар бара-бара жапырақсыз көк бұтақшаларға айналады. Шілде ортадан ауғанда бұл бұтақтар қауызын ашып, түсі жуған шүберектей бес тілді гүл жарады. Міне, осы кезде ауыл жастары бойы аласа,гүлін көп салған итсигек бұталарын таңдап жүріп, үстіне шойынқазандарды төңкеріп жауып, ернеуін айналдыра сары топырақпен көміп тастайды. Осылай төңкеріліп, тұмшаланған қара қазандардың астында калған итсигек бұталары шілде мен тамыз ыстығында бусанып, қыркүйек туып, ел күзеуге жылысқанға дейін жата. береді. Содан соң баяғы ауыл жігіттері уланып қалмау үшін жел жағынан келіп, төңкерулі қазандарды аударып, казанның қабырғасы жабысқан көк шұбар түсті итсигек уын кырғышпен қырып, кепсермен шыны ыдысқа салып алады. Miнe, осылай алынған итсигек уын малшы қауымы малды ауылды қыстай мазалайтын ит-құсқа қарсы күресу үшін пайдаланады: у сеуіп тастаған өлексе жеген жабайылар сеспей қататынын олар жақсы біледі. Итсигек уы малдың қышыма ауруына да мың да бір ем» [8, 155-156]
2. Этнолингвистикалық этюдтердің теориялық және практикалық маңызы. Күшала— иран сөзі; «ыстық жақта өсетін улы дәнді, емдік касиеті бар өсімдік» [7] ұл тәрізді жалпылама анықтамадан да «күшаланың» табиғатын толық тану, әрине, мүмкін емес.
Күшала туралы әр түрлі бұлақтардан біздің жинақтаған этнолингвистикалық мағлұматтарымыз мыналар: 1) күшала — көп жылдық шөп тектес «бәйшешек» атты гүлді өсімдіктің түйнек тәрізді жұмыр тамыры; 2) тамырындағы улы затқа бола оны халық дәрі ретінде (жабайы аңды, итті уландыру үшін, қымыз бен бозаға қосу үшін т. б.) қолданып келетіндігі; 3) күшаланы, әдетте, бәйшешек гүлдегенде оның әрбірінің түбіне шыбық шаншып, қар кетіп, жер қарайғанда қазып алып, дорбаға салып кептіріп алады. Күшала қосып ашытқан қымыз бен айран адамды мас қылады. Күшаланы өкпе қабынуына, түберкулезге қарсы пайдаланады. Күшаланың әсеріне байланысты тілімізде: «күшала жеген иттей», «көп жортқан uт күшалаға жолығар» деген тіркестер (қаңғыбас, бұралқы иттерді жою үшін күшала қосып берген тамақты жеген ит қисалаңдап, сілекейі ағып, басын көтере алмай, ақыры өліп тынады) о баста итке қатысты айтылғанымен, айналып келіп, адамнын іс-әрекетімен салыстырылады. Мәселен, кейінгі мақал «ит сияқты көп жортқан адам қаңғырып жүріп, ақыры бір бәлеге ұшырайды» дегенді аңғартады.
Мінеки, «күшала» төңірегіндегі бұл әңгімелер қазақ этносының, біріншіден, табиғи танымын танытса, екіншіден, табиғат пен адам арасындағы жіті байланысты көрсетеді. Тілдегі әрбір сөзге қатысты және содан туындаған тұрақты тіркестердің о бастағы қолданыс себептері мен дами келе, адамға ауысу мотивтерін айқындап, түсіндіру этнолингвистикалық этюдтерде өз өрнегін табуға тиіс.
Тағы бір мысал.. Қазақ тілінде «жеті қазына», «жеті түн», «жеті бүзірік әулие», «жеті шәріп», «жеті асыл mac», «бес аспақ», «бес қонақ» т.б. осы сияқты мыңдаған этнофразеологизмдер бар. Бұлардың әрқайсысына этнолингвистикалық этюд бағыштауға болады.
Міне, осылардың ішінен «Жеті қазына» тұрақты тіркесін негізгі атау - «қазына» сөзіне мақала ретінде былайша берген болар едік.
«Жеті қазына»< ел арасында бұл тіркесті ер адамның жеке басына, Өмір-тіршілігіне аса қажетті жеті түрлі асыл зат деп түсіндіреді. Олар: жүйрік am, қыран бүркіт, құмай тазы, берен (кейдe: қара, тура) мылтық, қандауыз қақпан, майланғыш ау-жылым, өткір кездік. Бұл этнофразеологизмдер басқа да түсініктемелерібар.
«Неге олай?» деген сұраққа жауап ретінде бұл қазыналардың ер жігіт үшін асылдығы мен абзалдығы әспеттеліп: «ер жігіттің атта – қаны, қыранда — қуаты, тазыда — берік сенімі, мылтықта — оты, қақпанда — серті, ау-жылымда — әдіс-айласы, кездікте — сұсы болады» деген уәж айтылады. Бұл уәждердің өздері де этностық таным, салт-дәстүр тұрғысынан түсіндірілуі тиіс.
Қазақ арасында шүлен тарту, шүлен жігіт, шүлену, шүленші, шүлен өс тәрізді сөздер бар. Бұл қолданыстарда шүлен сөзі екі түрлі ұғымды білдіретін тәрізді: 1. елге, көпшілікке таратылатын, үлестірілетін зат. 2. Жомарттылық, қолы ашықтық, кең-молшылық. Бір қарағанда бұлардың арасында мағыналық қатыстық байқалмайтын тәрізді. Ал шын мәнінде ондай қатыстық бар: бұлар дербес екі сөз емес, мағынасы кеңейген, төркіндес бір-ақ сөз. Дәлелдеп көрейік. Тарихи деректерге сүйенсек, Орта Азия мен Қазақстан жерін бір заманда билеп-төстеген Шыңғысхан әулетінің дәстүріндегі қарапайым халыққа жылына бір рет, хан төңірегінде жүрген адамдарға аптасына бір рет тарататын тегін ас-суды өз кезінде шүлен деп атаған. Мысалы, бұдан шамамен 100 жыл бұрын шыққан А.Старчевскийдің «спутник русского языка в Средней Азии» (Санкт-Петербург, 1878, 11-бөлім) деп аталатын еңбегінде: шүлен – «ханское угощение чиновников по пятницам» делінген. Қазақ даласында бұл әдет шүлен тарату (яғни хан атынан тегін ас тарату) мағынасында қалыптасса, хан асын таратуға, оны ел-жұртқа емін-еркін үлестіруге қатысқан жігіт-желеңдер шүленші деп аталған. «Қолы ашық, жомарт» мағынасындағы шүлен жігіт тіркесі хан қазанынан таратылған тегін асты елге үлестіруде өзінше жомарттық көрсетуіне байланысты шыққан.
5 практикалық сабақтың тақырыбы:«Этнолингвистикалық этюд» дегеніміз не?
Тапсырмалар:
1. Этнолингвистикалық этюдтерді жазу, жасау не үшін қажет?
2. Этнолингвистиканың мазмұндық, тұрпаттық қасиеттері қандай болу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет