Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет15/23
Дата23.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#150458
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Этнолингвистика, Қ.Ғ.Аронов

11-МОӨЖ тақырыбы:Этнолингвистика және фразеология. Этнолингвистика және терминология.
Тапсырмалар:
Есеп беру түрі:Жазбаша.
МӨЖ тапсырмалары:Этнолингвистика және диалектология.Этнолингвистика және лексикография.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
2. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М: Академия, 2001. – 208 с.
3. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004.
4. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. – А, 2000. – 354 б.
5. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.


Он екінші апта
12дәріс тақырыбы:Этнолингвистиканың базалық ұғымдары.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Қазақ есімдері мен туыстық атаулар


Терминдер мен анықтамалар:
ƏЛЕМ ТІЛДЕРІ – жер шарында өмір сүретін (бұрын да өмір сүрген) халықтардың тілдері. Неміс ғалымдарының мəліметі бойынша – (1989) дүние жүзіндегі халықтар 5661
тілде сөйлейді.
ƏЛЕМДІК ТІЛДЕР (орыс. Мировой язык, ағылш. International language) – Бірікккен ұлттар ұйымында ресми тіл жəне жұмыс тілі мəртебесіне ие тілдер: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс жəне француз.
ЕКІНШІ ТІЛ (ағыл. second language, орыс. второй язык) - 1. адамдардың жас кезінде меңгеру тəртібі бойынша (билингвтің тілдерді меңгерудегі жекелік уақыты бойынша) екінші үйренген тілі.
ЖОҒАЛЫП БАРА ЖАТҚАН ТІЛДЕР (орыс. исчезающий язык, ағылш. Moribund language) – бұл да өлмелі тіл, тірі жəне өлі тілдер арасындағы тіл.
ЖҰМЫС ТІЛІ (орыс. рабочий язык) – түрлі халықаралық шарттармен тілге берілетін ерекше тіл мəртебесі.
Қазақ есімдері мен туыстық атаулармен қатар көркем шығармаларда жануарлардың атаулары да молынан ұщырасады. Төрт түлік малды кәсіп еткен атам қазақ осы малдардың бірнеше атауларын тізіп айтқан. Жылқының бір өзінің атауларының қыруар үлгісін қазақ жазушыларының кез-келген шығармаларынан кездестіруге болады. Оралхан Бөкейдің «Қайдасың қасқа құлыным» атты шығармасында: «Мен торы биені шаужайлап, қатарласа бердім» (7-бет), «Мен, әсіресе, мынау жирен аттың үстінде мұртының ұшы насыбайланып, жалбиып, отырған әкемді көп аяйтынмын» (7-бет), сондай-ақ «Ақан серіде»: «Кемеден түсіп, қара арғымаққа мінген Мұрагерді бір қиырдан көзі шалған сері, ол арада не болып жатқанын анық көре алмай әлек (243-бет), «Тіпті жылқышылары да аз. Жоғалған жылқы іздеп жүредік десек: «Көрген жоқпыз» дегеннен басқа, түстерінен де ештеме аңғарылмайды» (31-бет) және де «Соңғы парызда»: «Өзі тығыншықтай тобылғы торы екен» (194-бет) деген сөйлемдердегі торы бие, жирен ат, арғымақ, жылқы, тобылғы торы деп кете беретін қазақ жылқыларының түрлерінен энциклопедия жасауға болады.
Қазақ халқының тіршілік, тұрмыс-салтында иттің алатын орны ерекше. Ит – адамның адал досы. Мал шаруашылығындағы қазақ халқы үшін таптырмас серік, сақшы. Итті аңшылыққа да пайдалалнады. «Ит – жеті қазынаның бірі» [15, 85]. Жаңа туған балаға итжейде кигізеді, баланың жаны берік, «итжанды» болсын деген ырымнан туындаған. Халқымызда баланы «қырқынан» шығарғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы «иткөйлекті» шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым ғып алады. Итжейденің етегі бүкпесіз, денесіне тігісі батпайтындай етіп тігіледі. Балалрға «иттиген» ауруы тисе, балаларды күшік немесе ит арасына қондырады.
Қазақтар итті теппеген, үстіне су шашпаған. Итке су шашса, сол адамның үстіне сүйел қаптап шығады деген пікірді ұстанған. Итке мінбейді. Баланы итке мінгізсе кедей болады, яғни кедейшілік келеді деп түсінген. Иттің майын құрт ауруына қарсы ішкізіп емдеген. Иттің дәстүрлі атауларына келетін болсақ: Саққұлақ, Алыпсоқ, Жолдыаяқ, Бөрібасар т.б.
Итке байланысты қазақтарда мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер өте көп кездеседі: «Ит арқасы қиянда», «Ит өлген жер» т.б. Бұндай мақалдар мен тұрақты тіркестердің мол үлгісін қазақ жазушылары көркем шығармаларда шебер қолданған. Мысалы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романынан мынадай сөйлемді келтіруге болады: «Иті қырын жүгіріп тұрған кәзіргідей кезде түс қайдан оңғарылсын» (205-бет). Бұл сөйлемдегі иті қырын жүгіріп тұрған фразеологизмінде қолданған ит сөзінің өзінің ерекшелігі бар.
12 практикалық сабақтың тақырыбы:Этнографизм, этнос болмысы, этнолингвистикалық мағына, этномәдени дерек, этнос танымы, этникалық процесс, этникалық кеңістік, этнолингвистикалық парадигма, менталитет, таным әлемі, білімдер жиынтығы, тіл әлемі т.б.
Тапсырмалар:
1. Этнолингвистикалық арналар дегеніміз не?
2. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың халық болмысын, табиғатын айқындайтын сипаттары қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет