Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет13/23
Дата23.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#150458
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Этнолингвистика, Қ.Ғ.Аронов

10-МОӨЖ тақырыбы:Этнолингвистика және социолингвистика. Этнолингвистика және психолингвистика.
Тапсырмалар: тілдік қауымдастық аясында зерттеу материалдарын жинастыру
Есеп беру түрі:Жазбаша.
МӨЖ тапсырмалары:Этнолингвистика және паралингвистика. Этнолингвистика және лингвомәдениеттану.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. – Алматы: Санат, 1997.
2. Вербицкая А. Язык. Культура. Познание. М., 1996.
3. Воробьев В.В. Лингвокультурлогия. М., 1997. Маслова В.А. Введение в лингвокультурология. М., 1997.
4. Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. Алматы. 1997.
5. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.


Он бірінші апта
11дәріс тақырыбы:Этнолингвистиканың базалық ұғымдары.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Этнолингвистиканың базалық ұғымдары
2. Қазақ тіліндегі туыстық атаулар
Терминдер мен анықтамалар:
АНА ТІЛІ (ағылш. Mother tongue) – 1. Баланың жас кезінде үлкендер сөйлеуіне еліктеу арқылы санасыз үйренген тілі. Бұл дағдыны пайдалану ересек адамда сақталуы да, сақталмауы да мүмкін (қара: Тіл онтогнезі, Тіл филогензі). Ана тілі - Бірінші тіл, Екінші тіл, Шеше тілі, Басым тіл де болуы мүмкін. 2. Этноспен біте қайнасқан тіл, кез келген халықтың тілдік санасында маңызды орын алатын тіл, кез келген этникалық ұжымның
даралануында «өзінікі» мен «өзгенікіні» ажырата алу түсінігімен байланысты тіл.
ЕКІНШІ ТІЛ (ағыл. second language, орыс. второй язык) – адамдардың жас кезінде меңгеру тəртібі бойынша (билингвтің тілдерді меңгерудегі жекелік уақыты
бойынша) екінші үйренген тілі.
ГЕНОЦИД (genos mer + лат. caederd - өлтіру, сөзбе-сөз алғанда тегін, тайпасын жою, құту, орыс. геноцид) – халықтың жекелеген тобын нəсілі, ұлты, этносы, тілі мен діні
бойынша жою, сондай-ақ осы топтарды түгелдей немесе біртіндеп табиғи жоюға есептелген, ойластырылған əрекеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет