Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет10/23
Дата23.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#150458
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Этнолингвистика, Қ.Ғ.Аронов

7-МОӨЖ тақырыбы: Диалектологиялық этнолингвистиканың ұстанымдары қандай?
Тапсырмалар:Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.Копыленконың этнолингвистика терминіне берген анықтамаларын салыстыр.
Есеп беру түрі: Жазбаша
МӨЖ тапсырмалары: Кез келген көркем шығармадан зат атауларына байланысты этнолингвистикалық сөздерді теріп жазу.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
2. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М: Академия, 2001. – 208 с.
3. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004.
4. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. – А, 2000. – 354 б.
5. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.
Сегізінші апта
8 дәріс тақырыбы:Өсiмдiк атауларынан салт-дәстүрге байланысты жасалған кейбiр тұрақты тiркестердiң этнолингвистикалық сипаттамасы
Қарастырылатын мәселелер:
1. Тарихи оқиға қатысты өсімдік атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты
2. Салт-дәстүр, дінге қатысты ӨБТТ.Халықтық өлшемге қатысты ӨБТТ
3. Өсімдіктің түр-түсіне, жан-жануарларға байланысты қалыптасқан ТТ-ң этнолингвистикалық сипаты
Терминдер мен анықтамалар:
Дүниетаным – күрделі де қайшылықты құбылыс.
1. Тарихи оқиға қатысты өсімдік атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты. Тілімізде ғасырлар бойы қалыптасқан, көркем сөз қазынасының бір құнарлы, мәйекті қорына айналған, әрі бай, әрі сан алуан тұрақты тіркес ішінде өсімдікке байланысты тұрақты тіркестер де ерекше орын алып, қазіргі таңда өзекті тақырыптың біріне айналып отыр.
Табиғаттың‚ әсiресе‚ өсiмдiк дүниесiнiң адамға тигiзетiн әсерi ерекше. Оны «Табиғат» идеографиялық тобына жатқызуға болатын өсiмдiк атауларынан және өсiмдiкке байланысты қалыптасқан тұрақты тiркестерден көруге болады. ӨБТТ-тер қалыптасуын‚ тiлдiк қолданысқа енуiн негiзге ала отырып‚ өзара топтастыруды да қажет етедi. Себебi, ана тiлi сөздiк қорының мәйегi саналатын тұрақты тіркестерді (бұдан былай ТТ) жан-жақты зерттеп‚ тақырыптық‚ мағыналық топтарға жiктеу арқылы ғана халықтың тiл байлығын‚ өмiрiн‚ кәсiби бiлгiрлiгiн анықтауға болады. Бұл жүйеде топтастыру барысында ӨБТТ-дiң халық тұрмысындағы әдет-ғұрпын‚ салтын‚ наным-сенiмiн‚ ырым-сырымын‚ шаруашылық жүргiзу дәстүрiн‚ тарихи оқиғалар үрдiсiн‚ ұлттық ерекшiлiктер мен т.б. қасиеттер белгiсiн айқындауға қатысы барлығын байқауға болады. Өсiмдiктердiң ерекшiлiктерi мен олардың өздерiне тән атқаратын қызметiне байланысты бiрнеше топқа бөлiп қарау-тiл бiлiмi дәстүрiнде бар принцип. Бұл ӨБТТ-дiң де табиғатын терең түсiнудiң жолы‚ тәсiлi болып саналады. Этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеліп отырған ӨБТТ-ді‚ тақырыбымызға лайықты бiзге дейiн халық санасында жiктелiп қойған топтарды‚ яғни халықтық тұрғыдан топтастыруды дұрыс деп ойлаймыз.
Топтастырудың осы бiр тәсiлi арқылы бiз ұлан-ғайыр тiлдiк деректердiң тереңiнен өзiмiзге керектiлерiн бөлiп алып‚ оның табиғатын жан-жақты қарастыруға‚ сырына тереңiрек үңiлiп, тiлдiк сипатын‚ iшкi мазмұнын айқындай түсуге мүмкiндiк аламыз.
ӨБТТ-дi жинастыру барысында қазақ халқының тарихына қатысты Қазақ қайың сауды‚ қырғыз Гиссар ауды мақалын кездестiрдiк. Бұл ХII-ХIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезiнен қалған қанатты сөз. Н.Төреқұлов онда елiнен‚ жерiнен ауып‚ қуғын көрген‚ ашығып, азап шеккен қазақтардың қайың қабығын сорған‚ қырғыздардың тәжiк тауларын паналап‚ Гиссар ауған кездерi бейнеленген деп көрсетедi (101.Төреқұлов Н. Қанатты сөздер. -Алматы: Жазушы, 1977. – 236 б. 142). І.Кеңесбаевтың «Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгiнде бұл тiркес‚ «қазақ қайың сауғанда‚ қырғыз Ысар кiрген» деп берiлген. Бұл қырғызша «Казак қайың сааганда‚ Кыргыз Ысар кирген» дегеннен алынып отыр (102.Кеңесбаев С. Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгi.Алматы: Ғылым. 1977.-711б.102.707) Тарихи оқиға жайында Ш. Уәлиханов: «Зюнгарлар тұсында қалмақтардың күшi әр уақытта басым болған және қырғыздардың Шу өзенiнiң бойынан Ғиссар мен Бадахшанға‚ ал ендi қайсақтардың Бұхараға үдере көшiп қашып кетуiне себеп болған Галден-Цереннiң сұмдық қырғыны 1723 жылы болғандығын» (103.Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы: Жазушы, 1980. – 416б.103.158) деп жазады. Сонымен‚ бұл мақалдың шығуына белгiлi тарихи оқиға негiз болған және Ысар// Гисар// Ғиссар қазақ тiлiнiң орфоэпиялық заңына негiзделiп алынған тәжiк елiндегi жер аты.
2Салт-дәстүр, дінге қатысты ӨБТТ.Халықтық өлшемге қатысты ӨБТТ
Дiнге қатысты ТТ:
ӨБТТ iшiнде дiни /культтiк / ұғымға байланысты құдайдың қасиетi‚ құдiретi туралы қалыптасқан бiрен-саран ғана ТТ бар. Олар: құдайсыз қурай да сынбайды; құдайым берейiн десе‚ жұдырыққа тас сынады‚ қимайын десе‚ бұршаққа тiс сынады т.б.
Салт-дәстүр‚ әдет-ғұрыпқа байланысты ТТ.
Бұл топқа жататын ӨБТТ қазақ халқының бай салт-дәстүрi‚ әдет-ғұрпына қатысты туындаған көне де байырғы ұғымдар. Мысалы, ерте көктемде көк шығып‚ көкек айы туғанда күн күркiрейдi‚ найзағай жарқылдайды. Осы кездi бiздiң ата-бабамыз – күн күркiредi‚ көк дүркiредi - деп үлкен қуанышпен қарсы алған. Осы алғаш күннiң күркiреген сәтiнде киiз үйдiң босағасына‚ маңдайына‚ табалдырығына ағаш шөмiштi тигiзiп тiлеу тiлеген. Осыны «шөмiш қағу» [104.Төреханұлы Ә. Шөмiш қағу. // Ана тiлi. 1994. 02.06.] – дейдi. Күн күркiремей тұрып‚ табиғи көкөнiстi жеуге‚ суға шомылуға тиым салынған. Күн күркiрегеннен кейiн ғана тау-тасқа шығатын табиғи жуалар мен сарымсақтарды асқа қосып жеуге қариялар рұқсат берген. Бұның өзi ата-бабаларымыздың табиғатпен бiте қайнасып‚ табиғатты өмiр тiршiлiгiнiң көзi еткендiгiнiң тағы бiр көрiнiсi.
Өлеңдi жерге өрт қойды – жүрген жерiн у-шу қылатын пәтуасыз‚ берекесiз адам туралы айтылатын өлеңдi жерге өрт қойды тiркесiнiң осы ұғымда қалыптасуына негiз болған қазақтың күзде немесе жәндiктер тiрiлмей тұрып‚ ерте көктемде көктiң шығуына кедергi болмасын деп‚ қураған шөпке өрт қоюы себепшi болған. Қойылған өрттi қадағаламаса‚ көптеген зардап әкелетiнi туралы В.К.фон-Герн былай дейдi: «В высокой степи беспечные казахи‚ пуская палы‚ вовсе не думают о тех ужасных несчастьях‚ причиной коих могут быть и частые палы» [105.Герн. ф. ВК. Палы. Характер и нравы казахов. Караганда. ТОО Номади и К . 1995.-40б.]
3Өсімдіктің түр-түсіне, жан-жануарларға байланысты қалыптасқан ТТ-ң этнолингвистикалық сипаты
Тiлiмiздегi түр-түс атауларының барлығы бiрдей ТТ компонентi бола алмайды. Мәселен орыс тiлiнде түр-түс атауларының ұясы болып табылатын 30 сөздiң тек 14-i ғана фразеологизмдер құрамында қолданылып ТТ жасайды екен. Ал қазақ тiлiнде фразеологизмдер құрамынан төмендегiдей түр-түс атауларын кездестiремiз: ақ‚ қара‚ қызыл‚ көк‚ сары‚ қоңыр‚ ала‚ боз‚ құба‚ жасыл [114.Қалымова Ж. Фразеологизмдердегi түр-түстiң сипаты. //Қазақ тiлi мен әдебиетi. 1992. N5. 6-7.6].
Ақ түске байланысты ТТ.
Ақ түстi халқымыз ежелден адалдық пен берекенiң‚ кiршiксiз тазалықтың белгiсi деп санайды. ӨБТТ-дiң iшiнде «ақ» сөзiнiң қатысуымен жасалған ТТ мынандай мағыналық топтарға бөлiнедi: Аппақ‚ кiршiксiз‚ сымбатты: аршыған жауқазындай; ақ борықтай; аққұба; бидай өңдi т.б.Дәндi-дақылдың түрiн: ағаяқ бидайық; ақ бидайдың қадiрiн ашыққанда бiлерсiң; ақ бауыр тары; ақ тон; ақ көйлек (ШҚО. бидайдың қабығы); ақ сүттендi; ақ егiс; ақ егiн; ақ үрпiктендi; ақ сабан; ақ талқан т.б. Мал азығы: ақ от т.б. Өсiмдiктiң ақшыл түсiн: ақ баттауық (сулы жерде өсетiн ақ шөп); ақ сора / биiктiгi 30-75 см. шала бұта/; ақ қайың; ақ селеу; ақ собық / собықтың әлi пiспеген‚ сүттенiп тұрған кезi / т .б. Құрал- жабдық ұғымында: ақ сойыл; ақ құлақ шелек /айран‚ сүт құятын шелек / ақ сөңке/; саңғырап кепкен отын/ т.б. Қызметiне қатысты: ақ жүрек /ШҚО. дененiң қызуын қайтару үшiн‚ ем ретiнде пайдаланатын терiскен тәрiздi шөп/ т .б.
Қара түске байланысты ТТ.
ӨБТТ-дiң iшiнде «қара» сөзiнiң қатысуымен жасалған ТТ мынандай мағыналық топтарға бөлiнедi: Азық ретiнде: қара азық; қара от; қара талқан т.б. Көп‚ сансыз: қара ағаштан қалың; қара орман; қара шағыр қамыстай т.б. Өсiмдiктiң түсiн: қара меңдуана; қара бұрыш; қара барқын тартты/ барқын бөктерде өсетiн еркек шөп‚ барқындай көк майсаланып‚ қара түске ену./; қара сексеуiл; мойылдай қара; қара өлең; қарабас шалғын; қара меңдуана жегенсiң бе? т.б.
Көк түске байланысты ТТ
Көк сөзi түстi бiлдiрумен қатар: көк – аспан атауы: көк – шөп және өсiмдiк атауы: көк – тәңiр атауы. ӨБТТ iшiнде көк сөзiнiң қатысуымен жасалған ТТ мынадай мағыналық топтарға бөлiнедi: Көк түстi бiлдiретiн; көк сабақ болу; көк ала сақал болу; көк қасқа бетеге т.б. Жас жетiлмеген: көк сабан болды /дән алмады‚ басына түк шықпады/; көк сағал /шала пiскен/ көк балауса т.б. Мал азығы‚ шөп: көкке тойды; көкке аузы iлiну; көк майса; көкорай шалғын; көк азық‚ т.б.
Сары түске байланысты ТТ
ӨБТТ iшiнен сары түске байланысты ТТ мынадай мағыналық топтарға бөлiнедi: сары түстi бiлдiретiн: сары өрiк; сары қазыны кертiп жеп‚ сараңдар отыр жоқпыз деп. Сары қауынның қағын жеп‚ сақылар отыр тоқпыз деп; сары мия; мұз сарғалдақ /таудың мұз қатқан жерлерiне өсетiн кiшкене сары түстi гүл [115.ҚТТС -Алматы: Ғылым. 1984. 7т-620б.243]; сары қараған; сары құлақтану; сары балақ тарту т.б. Ұзақ қудалау мағынасында: сар/ы/ iзiне шөп салу т.б. Ұзақ күту‚ сарғаю‚ қайғыру мағынасын бiлдiретiн: оған запыран өсiмдiгi жатады. Бұл өсiмдiктiң осылай (лат. крокус (crocus) аталуына аңыз бойынша ғалым‚ жиһангер‚ аруақтар‚ көпес‚ ұры және iрi қара малдың жебеушiсi – Герместiң әскери шеберлiгiн көрсету үстiнде досы Крокусты өлтiрiп алғанда‚ оның қаны тамған жерге өсiп шыққан өсiмдiк себепшi. Оның ерекше иiстi‚ гүлi сары болуына байланысты және аңыздағыдай қайғылы оқиғаға қатысы барлығынан запырандай солу‚ запырандай сарғаю‚ запыран құсу тiркестерi қалыптасқан. (Запырандай сарғаю – «Күйiктенiсте зар‚ зарлы өлең‚ зарлы жоқтау‚ зарлы қарғыс көп болмақ. Айталық: запырандай сарғайдым‚ қарап сенiң жолыңа‚ неге тудың анашым‚ тартатын бұл сорыма. Iш-бауырым езiлiп‚ елжiрейдi амал не; Түскенiм ғой қайғының қасiреттi торына [116.Тiлеуқабылұлы Д. Шипагерлiк баян. Алматы: Жалын, 1996.-464б. 120] запыран құстым: «Пенделiк қайғы өттi қарынға Құйдырғылық тудырмақ‚ соның үшiн «Зар құштым‚ запыран құстым» – деулiгiмiз осыдан болмағы шарт; Запырандай солу. «Запырандай солғанмын‚ үш жыл тұтқын болғанмын» [117.Радлов В.В. Алтын сандық. Алматы: Ана тiлi. 1993.-255б.162].
Қызыл түске байланысты ТТ
Қызыл түсiн бiлдiретiн; қисық бұтаққа да қызыл жиде бiтедi; шие қызыл; қызыл қайың т.б. ӨБТТ iшiнде ақ‚ қара‚ көк‚ қызыл‚сары сөздерiнен жасалған ТТ- ден басқа боз / боз қаңбақ/: құба /Сырдың құба талындай/: ала / ала бүйрек тары‚ ала бұтаға ат бекiтпе/ сөздердiң қатысуы арқылы қалыптасқан ТТ де бар.
8 практикалық сабақтың тақырыбы:Тілдік тұлға және оның мәдени тілдік құзіреті.
Тапсырмалар:
Этномәдени ұғымдарға негізделген этнографиялық фразеологизмдерді топтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет