Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет8/23
Дата23.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#150458
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Этнолингвистика, Қ.Ғ.Аронов

5-МОӨЖ тақырыбы:Этнолингвистика — болашағы зор ғылым саласы.
Тапсырмалар: баяндама жазу
Есеп беру түрі: Ауызша.
МӨЖ тапсырмалары: «Этнолингвистика – дербес ғылыми пән»
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Абаев В.И. Язык и мышление. М., 1948.
2. Авоян Р.Г. Значение в слове // философскиций анализ. М., 1985.
3. Арутюнов С.А., Багдасаров А.Р. зык – культура – этнос. М., 1994.
4. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. М., 1998.
5. Шаймерденова Н.Ж, Авакова Р.А. Язык и этнос. – Алматы: Қазақ университеті,
Алтыншы апта
6 дәріс тақырыбы: Түркі халықтарына ортақ атаулардан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты
Қарастырылатын мәселелер:
1. «Жілік» сөзінің түркі тілдерінде тұрақты тіркестерде кездесуі
2. Төрт түлік атаулары – түркі тілдеріне ортақ атаулар
Терминдер мен анықтамалар:
Ұлттық-мәдени кеңістік және этномәдени белгілер - өзге мәдени құбылыстармен бетпе-бет келгенде ғана айқындалатындықтан әрі мағыналық ерекшелігін информациялар мен эмоциялар тізбегі, адам өмір сүретін және қызмет ететін виртуалды әрі шынайы шарттар құрайтын ерекшеліктер;
Ұлттық мәдениет - этникалық мәдениеттің негізінде қалыптасатынына қарамастан, жазу мен білім жүйелеріне қатысты сұрыпталып, қоғамның әлеуметтік-саяси әрі технологиялық дамуында, әдебиеті мен өнерінде, пәлсапасы мен ғылымында көрініс табатын құбылыс, ғалымдар бұл ұғымды «белгілі бір елде, мемлекетте тіршілік ететін адамдардың рухани өмірін сипаттайтын символдар, наным-сенімдер, құндылықтар, өзін-өзі ұстау нормалары сынды ерекшеліктерден құралған күрделі құрылым» деп сипаттайды.
1. «Жілік» сөзінің түркі тілдерінде тұрақты тіркестерде кездесуі
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде өзінің тұтастығын, өзіне тән ұлттық ерекшелігін өз бойында көбірек сақтап келе жатқан тазалығын В.В.Радлов: «...қазақтардың тілі исламның бүлдірушілік сипатына ұшырамай, түпкі таза түбін, түркілік сипатын сақтап қалған» десе де, оны сөздік құрамында да түркі тілдеріне ортақ лексикалық бірліктердің болуы – бұл халықтардың генетикалық тығыз байланысты болуын білдіреді.
Түркі халықтарының тарихи даму жолындағы этностық және тілдік жақындық пен дербестікті айқындайтын тілдік материал – тұрақты тіркестерден мағына, тұлға ортақтығын байқауға болады, әрі ол туыстық көрсеткіштерін айқындайтын дерек көз де.
Мысалы, тілімізде жілік майы таусылу, жілігі татымау, делбе болған жылқыдай,алма – алма ағашынан алыс түспес, қазақ қайың сауды, қырғыз ғиссар ауды, т.б. тіркестер қалыптасқан.
Жілігі татымау, жілігі үзілу, жілік майы таусылу тұрақты тіркестерінің ұйытқы сөзі – жілік. Осыған ұқсас қызғыздарда жилиги үзүлуү фразеологизмі бар. Кәнігі ат бапкерлері арыған тұлпарды күтімге алғанда, оның қасына басқа ат қосып, екеуін бірдей қарауға алған. Арыған сәйгүліктің бабы келді-ау, жіліншігіне май толды ау деген кезде, қосымша жарамдағы жылқыны сойып, жілігін шағып, ішіндегі құрамын қарап, жаратылатын жылқының жағдайын мөлшерлеген. Қоңданып, ет алған жылқының жілік сүйегі майға толы болады. Ат бапкерлері тұлпардың бәйгеге жарамды екенін айыратын болған. Демек жілік майытаусылу «арыған, бәйгеге жарамсыз, күтусіз» деген мағынаны білдіреді.
Ал қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғиссар ауған тұрақты тіркесі қырғыз тілінде «Казак қайың сааганда‚ Кыргыз Ысар кирген» деген түрде келеді. Бұл мақалдың шығуына белгiлi тарихи оқиға негiз болған және Ысар// Гисар// Ғиссар қазақ тiлiнiң орфоэпиялық заңына негiзделiп алынған тәжiк елiндегi жер аты.
«Делбе болған жылқыдай» тiркесiнiң пайда болуына жылқының миына құрт түсiп ауырғандағы күйi тiрек болған. Делбе сөзi монғол тiлiнде дэлбэ-1. (гүл) жапырақша. 2. цулбур-шылбыр, цулбур өвс-өс. таспажапырақ, жыланқияқ; якут т. даlбi-сильно до последней крайности, совъсъмъ, раз-/бить/; даlбi а ыла -сильно запыхаться [20, 56-65]; түркмен т.: -кемақыл, дәли, тентек [21] дегендi бiлдiредi. Осы мысалдардан көрiп отырғанымыздай «делбе» сөзi 1.з.е. арба, шанаға жегiлген көлiктi жөнге салып, жүргiзiп отыратын қайыс бау, божы; 2. Бас айналдыратын, сандырақтатып, ауыртатын дерт (маникальное состояние); 3. өс. жiңiшке, ұзын, қияқ тәрiздес таспажапырақ шөп.
Жылқы малына қатыстыра айтылатын андызды жерде ат өлмес тұрақты тiркесiнiң түп тамыры терең тарихта екендiгiн М.Қашқаридың «аңдуз болса, ат өлмәс» тіркесінен көруге болады.
Түркi тiлдерiне‚ соның iшiнде қазақ тiлiне де ортақ өсiмдiк атауларын Б.Қалиев‚ М.Қашқаридың «Диванынан» және Кодекс Куманикустен ұшыратуға болатынын жазып‚ атап көрсетедi [22, 55]. Олар:алма /alma/‚ андыз /anduz /‚арпа /arpa/‚ бидай,/bugdaj/‚ жаңғақ /jagaq/‚ жуа /java/‚ жусан /japcan/‚ жекeн /jekan/‚ қайың /qajin/‚ қаңбақ /qamgad/‚ қамыс /qamis/‚қара от /qara ot/‚ тары /tarig /‚ терек /terak /‚/ши /cig/ т.б.
2. Төрт түлік атаулары – түркі тілдеріне ортақ атаулар
Түркi халықтарының тарихи даму жолындағы этностық және тiлдiк жақындық пен дербестiктi айқындайтын тiлдiк материал өсiмдiк атауларына да және олардың қатысуымен жасалған ТТ-ге де байланысты. Осыған қатысты бірнеше тақырыптық арналарда қарастыруға болады.
1. Ағаш атауына байланысты қалыптасқан ТТ :
Ағаш-түрiк‚ қырғыз‚ ноғай‚ қазақ тiлдерiндегi беретiн мағынасы: 1. өсiмдiк. 2. ағаш‚ дiңi‚ бағана‚ бөрене. 3. құрылыс материалы. 4. ұзындық өлшемi (6-7 м.) [23, 72]. Ағаш сөзiнен туындаған ТТ.
М.Қашқарида куруғ jiғaч эгilmac, курмiш кiрiш tyгулма түрінде келетін тұрақты тіркес өзбекше қуруқ егач эгилмайды‚ қуриган кириш /новда/ боғланбайды‚ тугулмайды, қазақша Құрғақ ағаш иiлмейдi‚ қысқа жiп күрмелмейді болып келеді.
М.Қашқари: Борiнiң ортақ, қузғунiң jiғaч башiнда
ұйғ.: Бөрiнiң-тәң-отақ‚ қағиниң дәрәх учида
қаз.: Бөрiнiң /табысы/ ортақ‚ құзғындiкi ағаш басында. Бұл арада қасқыр табысын бiрден жеп кете алмайтындықтан‚ ол жүгiрген аң мен ұшқан құсқа ортақ‚ ал қарға болса‚ тапқанын тұмсығымен тiстеп алып‚ ешбiр жыртқыш жете алмайтын ағаштың басына қонып алып‚ өзi ғана жейдi деген мағынаны берiп тұрғаны белгiлi. Ұйғыр тiлiндегi ағаш деген түркiлiк сөздiң орнына дарақ деген парсы сөзiнiң, ал М.Қашқари сөздiгiнде йығач түрiнде келуi‚ қазақ тiлiнде ағаш вариантының сақталуы, В.Радловтың қазақ тiлi туралы айтқан пiкiрiнiң дұрыстығын көрсетедi. Сонымен қатар, «дарақ» сөзiне байланысты қалыптасқан ТТ қазақ тiлiне де тән. Мысалы, дарақ бiр жерде көгерер; шыбық өсiп‚ тал болады‚ тал өсiп дарақ болады (С. Бақбергенов).
М.Қашқари: уқушсуз киши ол йемишсиз йығач
қаз.: ұқыпсыз адам-жемiссiз ағаш. «Iсiнде береке жоқ ұқыпсыз адамның еңбегiнде нәтиже болмайды сондықтан жемiс бермейтiн ағаштай сүйкiмсiз» деген мағынада.
2. Қайың сөзiне қатысты ТТ:
Қайың-тат. каен‚ башқ. қайын‚ қыр.‚ қаз.‚ қайың‚ түрк. қайын‚ өзбек. қайин‚ ұйғ. қейин т.б. Азербайжан тiлiнде тозағачы түрiнде көбiрек қолданылады. Түркi тiлдерiнде «тоз» сөзi «береста» мағынасын бередi. Мысалы, сөзге сенбе‚ тозға сен; башқ. қайындың тузын мақта‚ имәнден узен мақта; қаз. қайыңның тозын мақта‚ еменнiң өзiн мақта мақалдары соның айғағы.
6 практикалық сабақтың тақырыбы:«Жілік» сөзіне қатысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттары қандай?
Тапсырмалар:
1. Түркі халықтарының басынан кешкен тарихи оқиғаға байланысты қалыптасқан, түркі тілдеріне ортақ тұрақты тіркестің этнодингвистикалық мәні
2. Тұрақты тіркестердің, мақал-мәтелдердің түркі халықтарында бірдей түрде кездесуін қалай түсіндіре аласыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет