12-МОӨЖ тақырыбы: Мифтендірілген единицалар: архетиптер, мифологемдер, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйым, рәсім, жөн-жосындар.Тұрақты теңеулер – этнолингвистикалық арналардың бірі.
Тапсырмалар: Реферат, сұрақ жауап, жоба қорғау, деңгейлік тапсырмалар Есеп беру түрі:Жазбаша.
МӨЖ тапсырмалары:Елтануға қатысты сөздер мен бейнелі оралымдар, қанатты сөздер, ұрандар мен саяси дискустар. Мақал – мәтелдердің ұлттық мәдени сипаты.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша): 1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
2. Арутюнов С.А., Багдасаров А.Р. зык – культура – этнос. М., 1994.
3. Авоян Р.Г. Значение в слове // философскиций анализ. М., 1985.
4. Вербицкая А. Язык. Культура. Познание. М., 1996.
Он үшінші апта №13дәріс тақырыбы:Ғаламның тілдік бейнесі.
Қарастырылатын мәселелер: 1. Ғаламның тілдік бейнесі
2. ХХ ғасыр басындағы тіл білімінің дамуы
Терминдер мен анықтамалар:
АДРЕСАНТ (нем. Ardessant – жолдаушы; орыс. адресант) – 1) белгілі бір тілде қарым-қатынас жасаудағы сөйлеуші, əңгімелесуші; 2) қарым-қатынас жағдаятының бір сыңары (адресантпен бірге, яғни сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы: ресми – бейтарап – достық қатынастар, қатынас құралы, қатынас тəсілі, қатынас орны) компоненттерінің бірі;
3) ақпарат беруші адам, ақпараттық эмотивтік немесе допативтік əрекет субъектісі, ой-көзқарасын жеткізуші т.б.
АДРЕСАТ (нем. Ardessat – алушы; орыс. адресат) – 1)тыңдаушы, əңгімелесуші, қарым-қатынас əріптесі; 2)қарым -қатынас жағдаятының бір компоненттерінің бірі; 3)ақпараттық эмотивтік немесе допативтік əрекет қаратыла айтылған адам.
АДСТРАТ (лат. ad - қасы, жанында + stratum – қабат, пласт; орыс. адстрат; ағылш.-adstrat) – бір тілдің екінші бір тілге ұзақ уақыт бойына бірыңғай, жиі əсер ету жағдайындағы тілдің ерекшелік жиынтығы, белілері, қасиеттері. А. – бұл субстратқа, суперстратқа қарама-қарсы ұғым. А. кезінде бір тілдің екінші тілге ассимиляциялануы жəне сіңісуі жүрмейді. Мыс., ІХ-ХІ ғ.ғ. ағылшын тіліне скандиновтық əсер, шекаралық ареалдардағы беларустық-поляктық жəне белорустық-литвалық өзара əсер етушіліктер болған.
Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз – белгілі бір халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық-мәдени тәжірибесінің, күллі әлем жайлы білімдер жиынтығының сол халық сөйлейтін тілде көрініс табуы, бейнеленуі, шегенделіп бекітілуі. Тіл туралы көзқарасты сол тілде сөйлеуші халықтың жан дүниесімен, ой санасымен, соның ішінде тарихымен, мәдениетімен тығыз байланыста қарау керек. Ұлттың өзіне тән іштей дамитын рухы бар. Сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл. Ал осындай рухани дүниесі, сонымен сабақтас қалыптасқан материалдық өндіріс пен тұрмыс күйі әркімнің жеке басының жағдайына байланысты қалыптасқан жалпыхалықтық құбылыстың негізгі бір сипаты болып табылатын оның тұрақтылық қасиеті де тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. А.А.Потебня тілді ойды туғызушы тетік, яғни тілде о бастан шығармашылық мүмкіндік бар деп түсінеді. Сонымен бірге ол тіл оқшау тұрған құбылыс емес, ол халықтың мәдениетімен біртұтас байланыста деп санайды. Себебі, халық – тілді жасаушы, тіл – «халықтық рухтың» жемісі, сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті көрсетеді деп қорытады [17, 6].
Бірақ тіл білімінің әрі қарай даму барысында тілді, негізінен, таңбалық жүйе деп қарау және сол кезеңде қатты дами бастаған дәл ғылымдардың әсерімен тілдік единицалардың құрылымы мен қызметіне ерекше назар аудару ішкі форма, семантика мәселелерін ығыстырып шығара бастады. ХХ ғасыр басындағы тіл білімінің дамуы негізгі назардың субстанциялық көзқарастан құрылымдық-функционалдық көзқарасқа аууымен сипатталады. Оның негізгі мәні: «Тіл субстанция емес, тіл – түр, тұлға» дегенге саяды. Біз өз зерттеуімізде тілдің ішкі мәнін негіз деп санап, тілді жүйелі құбылыс немесе таңбалы жүйе деп қарайтын ғалымдардың пікірін қуаттаймыз.
№13 практикалық сабақтың тақырыбы: Этнолингвистикалық мектептер.