Семинар сабақтарына әдістемелік нұСҚау модуль тақырыбы: Пәнге кіріспе Сағат саны: Жоспар



бет3/6
Дата26.10.2022
өлшемі24,06 Kb.
#155074
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тарих әдіснамасы пәнінен семинар

Сағат саны: 2
Жоспар:

  1. Тарихи танымның өзіндік ерекшелігі.

  2. ХІХ-ХХ ғасырлардағы философиялық-тарихи әдебиеттердегі тарихи танымның объективтілік проблемасы.

  3. Тарихи релятивизм.

  4. Тарихтағы постмодернизм.

Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағында білім алушылар тарихтағы ақиқат мәселесі төңірегінде ізденеді. Тарихи танымның шынайылық проблемасына талдау жасайды. «Тарихилық релятивизм» ұғымына түсініктеме береді. Тарихи ақиқаттың негіздері мен оған қол жеткізудің принциптерін ашып көрсетуі тиіс. Тарихи дерек және тарихи фактінің арақатынасын бағамдайды. Аталған мәселелер бойынша дәйекті қорытындылар жасайды.
10.Тақырыбы: Тарихи деректердің методологиялық проблемалары
Сағат саны: 2
Жоспар:

  1. Тарихи дерек және тарихи факт.

  2. Дерек ұғымының мәні. Тарихи дерек түсінігі.

  3. Тарихи дерек жөніндегі еуропалық және ресейлік ғалымдар пікірлері.

Әдістемелік нұсқау: Білім алушылар тарихтың методологиялық мәселелерін, шетелдік және орыс ғалымдарының методологиялық мәселедегі ұстанымдарын түсіндіре отырып талдайды.
Методология (грек. Metodosтаным жолыlogos – ілім): 1. белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы; 2. танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім. Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.
11.Тақырыбы: Тарихи факт
Сағат саны: 2
Жоспар:

  1. Тарих ғылымы методологиясындағы «тарихи факт» түсінігі.

  2. Факт ұғымы төңірегіндегі европалық және ресейлік ғалымдардың ой-пікірлері, тұжырымдары.

  3. Тарихи фактінің ғылыми негізі мәселесі (факт-білім).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет