Семинар сабақтарына әдістемелік нұСҚау модуль тақырыбы: Пәнге кіріспе Сағат саны: Жоспар



бет5/6
Дата26.10.2022
өлшемі24,06 Kb.
#155074
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тарих әдіснамасы пәнінен семинар

14.Тақырыбы: Тарихи сана
Сағат саны: 2
Жоспар:

  1. «Тарихи сана» ұғымы. Тарихи сананың құрылымы.

  2. Тарих және миф.. Оның деңгейлері.

  3. Тарихи ес.

  4. Тарихи сана және қоғамдық діл.

  5. «Ұлттық идея». Тарихты зерттеу мен оқытудың тарихи сананы қалыптастырудағы рөлі.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты ашу үшін «тарихи сана» мәселесін жан-жақты талдау қажет. «Тарихи сана» ұғымына түсінік беріп, тарихи сананың типтері, қоғамдық санамен арақатынасы, тарихи ес сынды мәселелерді қарастырады, ғылыми пікірлер мен дәйектер келтіріледі. Тарихи сананың кеңестік және посткеңестік кезеңдерде деформациялануы мәселесіне мысалдар келтіріледі. Қазақ халқындағы тарихи сананың өзгерісін бағамдайды.
15.Тақырыбы: Тарих ғылымының әлеуметтік қызметі
Сағат саны: 2
Жоспар:

  1. «Тарих ғылымының әлеуметтік қызметі» ұғымы.

  2. Антика дәуірі және орта ғасырлардағы тарихты жазудың әлеуметтік қызметі.

  3. Тарих жаңа замандағы идеялық-саяси күресте.

  4. Қазіргі тарихнаманың әлеуметтік қызметі. Ғылыми-танымдық қызметі.

Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағында тарих ғылымының әлеуметтік қызметінің мазмұнын ашу қажет. «Тарих ғылымының әлеуметтік қызметі» деген ұғымға түсініктеме беріп, тарихты жазудың антикалық дәуірде және орта ғасырлардағы әлеуметтік қызметіне талдау жасалады. Жаңа замандағы идеялық-саяси күрестегі тарихтың рөлі ашып көрсетіледі. Қазіргі заманғы тарихнаманың әлеуметтік қызметі нақты мысалдар негізінде зерделенуі тиіс.
4 МОДУЛЬ. 4 АПТА. АПТАСЫНА 10 БАЛЛ + ТЕСТ 10 БАЛЛ БАРЛЫҒЫ 50 БАЛЛ.


7. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
Негізгі әдебиеттер
1.Тарихнама және деректанудың теориялық-әдістемелік мәселелері : Оқу-әдістемелік кешен. - Қостанай: А. Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2013. - 28 б.-http://rmebrk.kz/
2.Адаева Г.А. Ғылым тарихы және философиясы.:оқу құралы-Қарағанды: "Ақнұр", 2017.136 б.https://aknurpress.kz/
3 Қазақбаева Ж.О. Философия негіздері. Қарағанды: ЖК"Ақнұр", 2019.-302 б.https://aknurpress.kz/
4.Альжаппарова, Б. К.История и источниковедение истории Казахстана (XVIII-XX века) : учебное пособие. - Алматы : Эпиграф, 2019. - 156 с.
5.Альжаппарова, Б. К. История и источниковедение истории Казахстана (XVIII-XX века) [Текст] : учебное пособие / Б. К. Альжаппарова. - Алматы : Эпиграф, 2019. - 156 с.
6.Жұмабаева, Ж. К.Дүниежүзілік тарих тарихнамасы [ежелгі замандардан ХХ ғ. дейін] : оқулық. . 1-бөлім / Ж. К. Жұмабаева. - Алматы : ҚР ЖОО қауымдастығы, 2014. - 408 бет.
9.Күзембайұлы, А.Деректану: Оқу құралы. - Қостанай: ҚМПИ, 2017. - 228б.http://rmebrk.kz/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет