Семинар сабақтарына әдістемелік нұСҚау модуль тақырыбы: Пәнге кіріспе Сағат саны: Жоспар



бет1/6
Дата26.10.2022
өлшемі24,06 Kb.
#155074
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тарих әдіснамасы пәнінен семинар


ТАРИХ ӘДІСНАМАСЫ


СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


1 МОДУЛЬ
1.Тақырыбы: Пәнге кіріспе
Сағат саны: 2
Жоспар:

  1. Курстың мақсаты мен міндеттері.

  2. Тарих методологиясының ғылыми және оқу пәні ретінде қалыптасуы.

  3. Тарих методологиясының кеңестік тарих ғылымында зерттелуі.

Әдістемелік нұсқау: Білім алушылар тарих әдіснамасы пәнінің мақсат-міндеттерімен танысады. Тарих әдіснамасының қалыптасып, даму барысының тарихнамасын талдйды. Ерте философиялық ой-тұжырымдарды заманауи ғылыми зерттеулер салыстыра талдайды.
2.Тақырыбы: Ғылым ретіндегі тарихтың пәні
Сағат саны: 2
Жоспар:

  1. Тарих ұғымы. Тарих шынайылық ретінде және тарих ғылым ретінде.

  2. Тарих ғылымы пәнінің қазіргі түсінігі.

  3. Жаңа тарихи субпәндер. Клиометрия. Психотарих. Ментальділік тарихы. Гендерлік тарих.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге ғылым ретіндені тарихтың пәнін, тарихи даму динамикасының проблемалары, тарихтағы детерминизм мәселелерін талдайды. Детерминизм (лат. шектеу, шекарасын айқындау) – барлық құбылыстар мен процестердің өзара байланыстылық және өзара айқындылығы туралы ілім, жалпылама себептілік жөніндегі доктрина.
3-4.Тақырыбы: Тарихи теория
Сағат саны: 4
Жоспар:

  1. Тарихи теория ұғымы, оның тарихтағы тұлға айналысындағы тұжырымдалуы.

  2. Тарихи теория және тарих ғылымының категориялық аппараты.

  3. Тарихи уақыт.

Әдістемелік нұсқау: Білім алушылар тарихи теория мәселесін, оның методологиялық алуандылығын, тарихи заңдылық, тарихи қажеттілік және тарихтағы кездейсоқтық мәселелерін түсіндіру бағытында жұмыс жасайды.
Тарихи теория – тарихтың мәні, мазмұны және мағынасы, алынған нәтижелерді жүйелеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оны зерттеудің принциптері және әдістері туралы түсініктер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет