Семинар Тақырыбы: Көркем шығарма, оның құрылысы Орындаған: Изтлеуова Р. Б


Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі32,75 Kb.
#85353
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6-Семинар сабақ

Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда
Сюжеттің аяқталуы, бітуі дегеніміз - баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, оз шешімін табуы.
Композиция тәсілдері:
Композицияның ең қарапайым және жиі кездесетін тәсілдерінің бірі – қайталау. Ол шығарманың бас-аяғын көмкеріп, композициялық жинақылық береді. Әсіресе сақиналы композицияда туындының басы мен соңындағы қайталаулар композициялық үндестік тудырып, шығармаға ерекше көркемдік мән үстейді.
Мысалы,

  • М.Әуезовтің "Қаралы сұлу" әңгімесіндегі жас, қайратты арудың драмалық жағдайын суреттейтін ыстық "қара жыландардың" метафоралық бейнесі,

  • О.Бөкеевтің "Атау-кере" повесіндегі Тағанның "Неге біз осы? " деп басталатын мәңгілік сұрағы,

  • Ш.Айтматовтың "Боранды бекет" романындағы "батыстан шығысқа" және "шығыстан батысқа" зулап жатқан поездардың бейнесі. Ш.Айтматов "Бұл өлкеде пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады... Бұл өлкеде темір жолдың қос қапталынан басталып сақара сар даланың кіндік тұсы – Сарыөзектің үланғайыр жазығы көсіліп жатады. Бұл өлкеде қашықтық атаулы, уақыттың Гринвич меридианы бойынша өлшенгеніндей, темір жолдың алыс-жақыңдығына қарай өлшенеді. Ал, пойыздар шығыстан батысқа, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады... " деген жолдарды романның әр тұсында үнемі қайталай отырып, өмірдің өткіншілігі туралы идеяны лейтмотивке айналдырған.

Қайталауға жақын тәсілдің бірі – күшейту. Бұл тәсіл шығармада жай қайталап қою жеткіліксіз болғанда, бірыңғай детальдар не месе образдарды санамалай отырып,көркемдік әсерді күшейту мақсатында қолданылады.
Мысалы: М.Жұмабаевтың "Сен сұлу" өлеңінің композициясы осы тәсілге құрылған: автор Май сұлу, найзағай сұлу, Ай сұлу, жел сұлу, жер сұлу, су сұлу, күн сұлу, түн сұлу дей келіп, "толып жатыр түрлі сұлу дүниеде, бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу" деп аяқтайды.
Күшейту мен қайталаудан оқшаулау тұрған қарама-қарсы-қою тәсілі. Атынан айқын болғандай, бұл композициялық тәсіл образдарды қарама-қарсы қою, антитезаға арқылы жасалады.
Мысалы, М.Жұмабаевтың "Өмір" өлеңіндегі: "Жайнаған жаз көреді адам алдын, // Өткен күн – көңілсіз күз, желді салқын. // Қуаныш қайғыменен қатар жүрмек, // Болмайды толық минут жүзі жарқын". Мұндағы белгіленген метафоралар композициялық мән үстеген қарама-қарсылыққа құрылған.
Қазіргі әдебиеттануда зерттеліп жүрген композицияның тағы бір түрі – монтаж. Кино өнерінен әдебиетке көшкен бұл ұғым шығарма құрылысының бірнеше бөліктерге бөлініп, "құранды", "үзік" сипат алуын көрсетеді. Орыс зерттеушілері монтажды авангардизм, модернизм эстетикасымен байланыстырады.
Мұндай күрделі композиция түрі Ш.Айтматовтың бірқатар романдарына тән. "Боранды бекет" шығармасында шегіністер, естеліктер арқылы Едігенің өткені мен бүгінгі өмірін суреттеген негізгі оқиғамен қатар бірнеше басқа желілер де бар. Олар: Найман ана мен мәңгүрт, Раймалы аға жайындағы аңыздар, "ғарышкерлік" хикая, күн жүйесінен тыс орналаскан Орман Төс планетасының өмірі, кейіннен қосымша тарау ретінде қосылған "Шыңғысханның ақша бұлты" әңгімесі. Романда осы оқиғалар мен ондағы қаһармандар арасында тікелей қарым-қатынас көрінбейді, жеке желілер арасындағы уақыттық, кеңістіктік жалғастық та әлсіз, уақыт барысындағы алмастырулар мол. Алайда бейнеленген барлық үзік оқиғалардың басы мағыналық тұрғыда бір бағанға берік байланып, автордың адам мен қоғам, адам мен табиғат туралы ортақ ой-көзқарастарының төңірегіне топтастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет