Семинар Тақырыбы: «Музыкалық кәсіби білім беруде жаңа инновациялық тәжірибелермен бөлісу»



бет3/19
Дата28.01.2018
өлшемі5,64 Mb.
#34551
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
30

Мазмұны:

  1. Кіріспе .........................................................................................................4

  2. Қобыздың тарихы ...................................................................................5-8

  3. Қобыз аспабының түрлері.....................................................................8-10

  4. Ұстаздың оқушымен алғаш кездесуі..................................................10-11

  5. Қобыз үйренудің алғашқы шарттары ................................................12-16

  6. Оқушының қызығушылығын арттыру...............................................16-17

  7. Оқытушының жеке жоспары...............................................................18-21

  8. Ашық сабақ............................................................................................22-28

  9. Қорытынды............................................................................................29-30

  10. Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................31


Кіріспе

Қазіргі таңда егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасақталып әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай оқу – тәрбие үрдісіне елеулі өзгерістер енгізіп, мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болуда. Жас ұрпақты білімді және өнерлі етіп тәрбиелеу, жалпы азаматтық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін жоғарғы деңгейге көтеру басты мақсат етіп қойылуда. Қазіргі білім беру жүйесінің стратегиялық міндеттері тек орындаушы ғана тәрбиелеу емес, көшбасшылық қасиетке, креативтік ойлау қабілетке ие шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Біздің еліміз егеменді ел болғалы ғалым мен мәдениетке жасалып жатқан шаралардың бәрі жастарға, жалпы азаматтық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Оқушыға жалпы мектептегі музыка сабақтарымен қатар қосымша білім беру салаларындағы музыкалық білім мен тәрбиенің де берері көп. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» - деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесіннен көрінеді. Жас ұрпақтың бойыннан іскерлік пен қабілеттерін ашу және оларды өнерге, шығармашылыққа баулу туындайды. Ақпараттық техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, дарынын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Сондықтан да ол әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, іздемпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.



Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан - 2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім,1997ж.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ден қойып отыр. Білім бәсекесіне сай шәкірт тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асады. Бағдарламада оқушының аспапты меңгеруі, жалпы музыкалық білімін жетілдіруі, орындаушылық шеберлігінің ұшталуы және шығарманың көркемдік бейнесін, нақышын жеткізуде ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын инновациялық технологияларды қолдану әдістері туралы айтылады. Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезім – талғамын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне музыка және өнер мектептеріндегі білім мен тәрбиенің алатын орны ерекше. Музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты –рухани дүниесі жан-жақты дамыған салауатты өмір салтын берік ұстанған жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады.


4

Қорытынды
Оқытушы өз шәкіртінің орындаушы болуымен қатар, оның тәрбиесіне де жауапты. Сондықтан жас ұрпақтың бойындағы іскерлік, қабілеттерін ашу және оларды өнерге баулу оларды тұлға ретінде қалыптастырады. Педагогиканың бұл саласын сырт қалдырып, тек аспапқа ғана үйрету ісімен шұғылданған оқытушы сөз жоқ қателеседі. Сондықтан үнемі іздену еңбектену керек. Оқушыны өз бетімен шығарманы талдап, оны орындап беруді талап ету керек. Қобыз аспабын үйрену барысында оқушыға қобыздың шығу тарихыннан бастап оның даму жолдарын,ондағы орындаушылармен таныстыру арқылы аспапты меңгеру барысында оның санасына ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты арттырып отырады.

Аспапты меңгеру жолында қиыншылықтарды жеңе білетін сана-сезімі тұрақталған, шығармашылық ой-өрісі дамығантұлға қалыптасады. Оқушы мектепте оқыған мезгілде әр емтихан сайын өз мүмкіншілігін жан-жақты аша алады. Оқушы облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатыса алады. Осы жұмыстардың нәтижесінде оқушы сахна мәдениетіне тәрбиеленеді. Бір оқушым Астана қаласындағы музыка академиясының студенті Қуанышқалиева Жұмагүл. Нысанбаева Динара - Құрманғазы атындағы саз колледжінің 4- курс студенті. Талиева Мадина, облыстық, Республикалық және Түркіменстан, Болгария Германия республикаларында өткен халықаралық сайыстардың лауреаты. Нығметова Раушан, облыстық, Республикалық және Чехия, Польша республикаларында өткен халықаралық сайыстардың лауреаты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет