Семинар (тәжірибелік) сабақтар: 15 Зертханалық сабақтар БӨЖ 90 Емтихан: 1 семестр Семей 2016 алғЫСӨЗ



Дата28.01.2018
өлшемі298,98 Kb.
#35209
түріСеминар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ТК ОБ

ТК ОБ

«Балалар әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы

08.09.2016

№ 1 басылым



042-18-13.1.7/02.2016





 

 

  



 «БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ»

таңдау компонентінің  

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»

Кафедра:қазақ әдебиеті

Курс: І

Кредиттер саны: 3



Барлық сағат: 135

Дәрістер: 30

Семинар (тәжірибелік) сабақтар: 15

Зертханалық сабақтар

БӨЖ 90

Емтихан:  1 семестр 



 

 

Семей 2016


АЛҒЫСӨЗ
Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетінен аттап өтуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, оқушылар ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен түрлі егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқитындығы сондықтан.
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Болесова А.Е. – қазақ әдебиеті кафедрасының магистр оқытушысы

_____________ «05» 09. 2016 жыл.
2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №1 «05 » 09. 2016 жыл.

Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.

2.2 Қазақ филологиясы факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №1 «07 » 09. 2016 жыл.


Төрайым _________________Самекбаева Э.М.
3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №1 «08 » 09. 2016 жыл.
ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

МАЗМҰНЫ


  1. Түсіндірме жазба

  2. Кіріспе

  3. Пәннің негізгі бөлімдері

  4. Семинар сабақтардың тақырыбының тізімі

  5. Білім алушының өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

  6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі


1 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Пәннің қысқаша мазмұны:

«Балалар әдебиеті» пәні білімалушыларды дайындау барысында маңызды орын алады және 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығында оқитын білімалушылар үшін базалық пәндер блогының таңдаулы бөлігі болып табылады. (БП-ТК)


Пәннің мақсаты:

Студенттерді халқымыздың бай да мазмұнды, әдеби мұрасын танып білуге үйрету. Сол алған білімді тәжірбиеде ұштастыра білу. Бұл пәннің ұрпақ тәрбиелеуде мәні, маңызы зор. Студенттерімізді еліміздің елеулі де қалаулы азаматы етіп тәрбиелеу. Бұл пәнді тарих пен педагогика мен т.б. пәндер мен байланыстыра отырып, студенттердің іргелі ойларын игеруге дайындау; көркем сөз өнерінің бір саласы ретінде халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктерін таныту және студенттерді балалар әдебиетінің әр кезеңдегі таңдаулы нұсқалары мен таныстыру.


Пәнді оқыту міндеттері:

- студенттерді балалар әдебиетінің ерекшеліктерімен таныстыру;

- Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін көрсету;

- балалар фольклорының бай жанрымен таныстыру;

Балалар әдебиетінің адамгершілікке тәрбиелеудің қуатты құралы ретінде жеткіншек ұрпақты бақытты болашақ үшін күреске даярлауға көмектесетіні, оны елін, жерін сүю рухында тәрбиелейтіні, оларды қандай қиындықтарды болса да жеңе білуге құлшындырып, жігер-қайратқа шыңдай түсетіні ерекше ескерілген.
Құзіреттіліктер( оқытудың нәтижелері):

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:



білу:

- Балалар әдебиетінің қалыптасу мен зерттелуін, жіктелуін саралау;

- ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

- Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі.

- Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы

- Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары

- ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті.

- Қазақ кеңес балалар әдебиеті.



орындай алу:

- Балалар әдебиетінің қалыптасу мен зерттелуін, жіктелуін саралау;

- ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті шығармаларын талдай алу

- Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізін түсіндіре алу;

- Ы.Алтынсариннің балаларға арналған шығармаларын талдау;

- Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастарын анықтау;

- ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті өкілдерінің шығармаларына ғылыми талдау жасау;

- Қазақ кеңес балалар әдебиеті өкілдерінің шығармаларына ғылыми талдау жасау.



дағдысының болуы:

- - Балалар әдебиетінің қалыптасу мен зерттелуін, жіктелуін саралау;

- ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті шығармаларын талдай алу

- Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізін түсіндіре алу;

- Ы.Алтынсариннің балаларға арналған шығармаларын талдау;

- Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастарын анықтау;

- ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті өкілдерінің шығармаларына ғылыми талдау жасау;

- Қазақ кеңес балалар әдебиеті өкілдерінің шығармаларына ғылыми талдау жасау.



Құзыретті болу:

  • Қазақ балалар әдебиетінің зерттелу, жіктелу тарихын білу;

  • Балалар ақын-жазушыларының шығармаларын талдай білу.


2. КІРІСПЕ
«Балалар әдебиеті» пәні мазмұны білімалушылардың фольклорлық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының студенттерібалалар әдебиетіне тән шығармалардың ерекшеліктерімен, мазмұнымен, зерттелу аясымен танысады.

«Балалар әдебиеті» бұрын өтілетін «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп саралау қажет. Көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игеру, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті біліммен қаруландыру; әдеби шығарманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну; әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, игеру; әдеби даму процесі, оның заңдылықтары, көркемдік тәжірибе дәстүрі мен жаңашылдық мәселелерін көркемдік тұрғыда қабылдай білу; көркемдік, оның өзіндік болмысын, көркемдік өлшемдерін біліп, танитын талғам қалыптастыру; әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алып, түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру.


3.ПӘННІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ
3.11-Модуль.Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.

3.1.1. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастау көзі. Халық ауыз әдебиетінің балалар әдебиетіндегі мәні. Балалар әдебиетіндегі бесік жырларының маңызы.

Балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы. Оның өсу, өркендеу, даму жолдары бар. Алғашқыда жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынды. Балалар әдебиеті балаларға тәлім – тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды.

Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетінен аттап өтуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, оқушылар ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен түрлі егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқитындығы сондықтан.

Балалар фольклорындағы сөз өнерінің әдемі кестелері, мазмұнды терең ойлары, парасатты тұжырымдары олардың сөздік қорын байытып, мағыналы да мәнерлі сөйлеуге жаттықтырады. Тек бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас – бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады

«Халықтың көкейкесті ой – арманын, тілегін бейнелеген, оның рухани және эстетикалық қажеттеріне сай келген халық ауыз әдебиеті тәрбиелік, білімділік, танымдық, эстетикалық қасиеттері мол мәңгі өшпес үлгілерімен де балалар әдебиетін дамытудың сарқылмас қайнар бұлағы ретінде қызмет етіп отырғандығымен де қымбат» ,- дейді М.Қ.Қаратаев.

Қазан революциясына дейін қазақ балалары тек қана қазақ ауыз әдебиетінің ғана мұраларын пайдаланып келсе, содан басқаны білмеген. Қазан төңкерісінен кейін орыс халқының және туысқан одақтас республикалардың халықтық шығармалардың бай мұраларын пайдалануға мүмкіндік алды.

Бізде балалар әдебиетін жасау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну жұмысы тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алына бастады. Өйткені, осы кезде қазақ даласында ең алғашқы жаңа типті орыс – қазақ мектептерінің ашыла бастауына байланысты халық ауыз әдебиетіндегі баола тәрбиелеуге арналған шығармаларды жинауға бет бұра бастады. Олар балаларды оқытуға да, тәрбиелеуге де ең қажетті материалдар халық ауыз әдебиетінен табылады деп көрсеткен. Қазақта балалар фольклорын бірінші жинаған және құрастырып, «Қазақ хрестоматиясы» деген атпен 1879 жылы бастырып шығарған Ы.Алтынсарин еді. Төрт бөлімнен тұратын осы кітаптың бірінші бөліміне өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелер, ертегілер енгізген. Ы.Алтынсарин тек балалар фольклорын жинаушы ғана болып қалған жоқ, сонымен қатар «Ол – қазақтың әдебиет тарихында бірінші балалар жазушысы болды» [3],- деп тарих ғылымының кандидаты Б.Сүлейменов орынды айтқан.

Балалар фольклорын өз алдына дербес жинауға көңіл бөлініп, оны зерттеу, оқыту жұмысы да қолға алынған. 1926 жылы Қызылордада «Балаларға тарту» деген атпен мектептерде әліппеден соң оқылатын оқу құралы бастырылды. Осы кітапта тек қана балалар фольклорына байланысты халықтық шығармалар басылған. Бұдан соң, 1927 жылы І.Жансүгіров «Ел әдебиетінен жинақ» деп балаларға арнап «Өтірік» деген кітап бастырып шығарды. С.Сейфуллин құрастырып, 1932 жылы шығарған «Қазақ әдебиеті» [6] атты оқу құралында бесік жырларынан бастап, балалар фольклорына жататын көптеген халықтық шығармалар енгізілген.



3.1.2. Махамбет жырларының халықтық негізі

Жарқын талант,ер жүрек батыр,ісімен де,сөзімен де кейінгі ұрпақтарын таң қалдырған Махамбет Өтемісов қазақ әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Ол оқырмандарының эстетикалық құмарын қандыратын,ерлік сезімге тәрбиелейтін өзінің асқақ поэзиясын езілуші қара халықтың тілек-мүддесін жырлауға арнады. Сондықтан да оның асыл мұрасы ел жүрегінен орын алды. Әдебиетіміздің өрлеу жолындағы белгілі асқар биігі болды. 18-19ғасырлардағы қазақ әдебиеті өзінен бұрынғы ауыз әдебиетінің негізінде, оның ежелгі дәстүрін дамыта отырып өсті.

Махамбет-өзіне дейінгі халық әдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп,кемшілігін қайталамай,өз бетін, өз стилін айқындап,әдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын.Оның образдары, сөз тіркестері-кейінгілерге көрнекті өнеге.Махамбет поэзиясының идеялық мазмұнының халықтығы,көркемдік ерекшеліктерінің оригиналдылығы және өткір үздіктігі қашан да болса тот баспайтын саф алтын тәрізді.Сондықтан да ол-заманнан заманға жалғаса беретін шығарма,ол өзінің оқырмандарын да,үйренушілерін де жоғалтпақ емес.

Махамбет Өтемісов 1804жылы Батыс Қазақстан облысы,бұрынғы Орда ауданы,Бекетай құмы деген жерде туған Махамбеттің кәрі әкесі-Күлмәлі.Руы жағынан жайық Берішке жатады. Күлмәліден Өтеміс пен Шыбындай туған. Өтемістің баласы көп болған,үлкен ұлы Бекмағамбеттен басқасы түгелдей халық көтерілісіне қатысып,ханға қарсы күресте сөзімен де,ісімен де қару көрсеткен,сол жолда көпшілігі құрбандыққа ұшыраған батырлардың қатарында болған. Махамбет-Өтемістің екінші ұлы.Жасынан бастап-ақ ол өзінің жарқын таланты,әр өнерге қабілеттілігі арқасында айрықша көзге түсіп,ауызға ілінген.Кедей семьясынан шыққан езілуші халықпен біте қайнап бірге өскен, нәзік жанды,жасынан зерделі ақын кедей, шаруаларды әр алуан алым-салықтармен зар қақсатқан билердің шексіз жауыздықтарының түп-тамыры Ордада жатқандығын,олар ұйымдасқан берік бір топ екендігін көзімен көріп,ақын сол ортадан жерініп,зығырданын қайнатып, хан,сұлтанға деген өшпенділігін күшейте түседі.



3.1.3.Ы.Алтынсарин және балалар әдебиеті.

Қазақ балалар жазба әдебиетінің алғашқы қалыптасуы, шыға бастауы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл – тек қазақ халқының бірінші ұлы педагогы, балалар жазба әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің атымен тығыз байланысты.

Қазақ халқы жазба әдебиетінің алғашқы шыға бастауы мен оның қалыптасып дамуы бірден қазақ әдебиетінің өзінен бастала қойған жоқ. Шоқан Уәлиханов та, Ыбырай Алтынсарин де, Абай Құнанбаев та өздерінің орыс мектептерінен оқып, хат тануына байланысты,олар алдымен орыс халқының озық мәдениетімен, XIX ғасырда үздік өскен әдебиетімен танысты. Орыс халқының әдебиеті оларға мол әсер қалдырды. Көзін ашып, көңілін оятты, ішкі дүниесіне қозғау салды. Олар орыс әдебиеті мен мәдениетінен мол әсер ала отырып, қазақ халқының түсінуіне жеңіл, әдет-ғұрпына ең жақын шығармаларын аударды. Орыс әдебиеті шығармаларының қазақ тіліне аударылып, хат, қағазға түсе бастауы қазақ жазба әдебиетініңалғашқы бастамасы, бет ашары болды. Абай да, Ыбырай да, беріректегі Спандияр Көбеев те, аударма арқылы үйрене, жаттыға келе өздерінің қолтума шығармаларын да бере бастады. Қазақ жазба әдебиетінің алғашқы шығуы, қалыптасуы осылай басталды.

3.1.4.Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы, үлкен ойшыл-ағартушысы – Абай Құнанбаев. Ол қазақ әдебиетінің атасы, ұлы ойшыл ғана емес, ұлттар достығын ерте бастап, қазақ даласының Ресейге қосылуын кімнен де болса келелі етіп жырлаған ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абайды біз поэзияда көрінген тұңғыш ағартушы дейміз. Бұл реттен оның есімі Шоқан, Ыбырайлармен қатар тұрады. Абай бұрынғы Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руының ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, атасы – Өскембай, арғы атасы – Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның бұлардан арғы аталары Айдос, Олжай болады. Олжайдың үш ұлы: Айдос, Қайдос, Жігітек. Тобықтының атақты жуан биі Кеңгірбай – осы Жігітектің баласы. Қайдостан Бөкенші, Борсақ тарайды.

Абайдың толық жинағы 1858 жылы жазылған екі өлеңнен басталады. Біріншісі – «Иузи – рәушан», екіншісі – «Фзули, Шәмси» бұлардан соң 1864 жылы жазылған «Әліфби» өлеңі бар. Ақынның он үш жас пен он сегіз, он тоғыз жастар арасында тудырған шығармалары осы.

Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығының бірі – осы реалистік эстетика алғашқыда ол реализмнен бастап, 1898 жылдары Салтыков-Щедрин ізіндегі үлкен сатирик болды. Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңдері бір кездері айтылғандай әдебиеттегі формализмнің, яғни өлеңді қалай жазудың техникасы емес, реалистік эстетиканың программалық ұраны болды. [2; 158-160 б.]

1890 жылдар ішінде тап қайшылығы артып, Аабйдың бұқарашылдығы арат түсіп, заман болмысына наразылығы да күшейеді. Ол өзі шыққан таптың тар аясына сыймай, әлеуметтік өмір қайшылықтарын, ескіні де, жаңаны да бірдей аяусыз сынайды. Партиягершілік, екіжүзділік, зорлықшылық, мансапқорлық, өзімшілдік, топастық секілді ұсақ мінездерді дәл тауып, қатты сынайды.

Қазақ әдебиетінде ел талаушы болыс бейнесін жасау осы Абайдан басталады. «Мәз болады болысың» деген өлеңінде ақын патшаға сатылған жуанның топас, халыққа жау кескінін шенеп көрсетеді. «Болыс болдым, мінекей» деген келесі өлеңінде болыстын, екіжүзділігі, халыққа көрсететін қиянаты әшкереленеді. Сол арқылы Абай патша ұлықтарын сынға алады.

Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен класификациялаудың принциптері. Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы мағыналары. Құрылысы жағынан ықшам болып, ырғақ, ұйқасқа құрылатындығы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы. Мақалда түсінік пен қорытынды қатар айтылып, ой тиянақты келсе, мәтелде ой ишара, тұспалмен беріледі. Мақал-мәтелдердің тақырыбы халық өмірінің барлық саласын қамтиды. Мақалда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні айтылады. Мақал-мәтелдердің қанатты сөз, афоризмдерден айырмашылығы.


3.1.4. С. Көбеев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі.
  1. Алаштың ардақтысы Спандияр Көбеев

  2. Ахмет Байтұрсынов шығармалары


3.1.5.А. Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел-атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы екі сыныптық училищінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында “Қазақ” газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.



3.1.6. М. Дулатовтың шығармаларындағы әлеуметтік тақырып мәселесі.

Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , «Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу құралы» атты оқулықтардың авторы.

Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап, өлке халқының оянуына, саяси күреске араласуына үлкен әсерін тигізді.

3.1.7Қазақ балалар драмасының шағын түрлері.

Қандай болмасын жанр өз ішінен шығармада суретелген өмір шыңдығының мазмұны мен ауқатына қарай ішкі түрлеріне жіктеледі. Осындай табиғи процесс балалар драматургиясынан да байқалып жатады. Жалпы драмаға қарағанда , балалар драматургиясында шағын түрлері едәуір орынға ие болады. Бұл тұтастай алғанда балалар әдебиетінің төл ерекшеіктерінен туындап жатады. Сол себепті де қазақ балалар драматургиясының дамуы көлемді пьесалармен бірге шағын түрлерінің тууына әкелді. Қазақ әдеби- музыкалық қойылымдар сияқты ұсақ түрлері де дами түсті. Әсіресе, мектеп, балабақша өміріндегі дәстүрлі мерекелердің көбейе түсуі ұсақ драмалық шығармалардың көптеп тууына себеп болды



3.1.8.Сұлтанмахмұт Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт.

XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық Ресей жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. Сол себепті де Сұлтанмахмұттың ойсанасы ерте оянды. Жасынан жетімдік пен жоқшылықтың қиындығын көп көрген ол айналасына сергек қарады. Алдына биік-биік мақсаттар қойды. Соған жетуді ойлады. Ілгері ұмтылды. Оқуға, білуге құштар болды. Мақсатын, жүрек қалауын қашанда ашық айтты.


3.2. 2-Модуль Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

3.2.1. Қазақ кеңес балалар әдебиетінің де қалыптасу кезеңі Қазан революциясының алғашқы күндерінен (1918-1920) басталады. «жас балалар кітабына қойылатын шарттар » атты «жаңа мектеп» журналында (1927) шыққан Қазақстан оқу комиссариатының нұсқау хатында балалар әдебиетінің өзіндік ереекшеліктерін айтып берген. Жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ кеңес балалар әдебиетінің алдына қойылған тілек - талаптардың негізігі мақсаттары сол кездің өзінде айқын көріне бастаған.

«Бала кітабы жай бір қара тақпақ тілімен жазылмасын . Кітап балаға қызғылықты, ойын оятатын, тілін байытатын, бірігіп жұмыс қылуға тартатын болсын. Бала кітабындағы кейңіпкерлер айқын болсын... Қаһармандары, сөздері балаларға түсінікті, сүйкімді келсін » - деген.

Ұлы Қазан революциясының алғашқы күндерінен бастап –ақ Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Шолпан Имнабаевалар халықтық шығармалардың дәстүрін пайдалана отырып, үлкендермен қатар балаларға да түрлі ұлттық , мазмұны жаңа шығармалар жазып бере бастады. Бұл жазушылар қазақ кеңес балалар әдебиетінің ірге тасын қалап, негізін тұрғызушылар болды

3.2.2. С. Сейфуллин әңгімелерінің балалар әдебиетіндегі рөлі

Сәкеннің туып, өскен жері - өзі сан рет ең тәтті жырларымен әлпештеп суреттеген сұлу Сарыарқаның сүбелі шүйгін бір арнасы Нұра, Есіл өзендерінің арнасы.Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының бірінші ауылында туып өскен.Сәкен әуелі ауылда Ағаш аяқ дейтін молдадан оқып хат танып, 1905 жылы Нілді мыс қорыту заводындағы орыс – қазақ мектебіне оқуға түсіп, онда жұмысшы қызметкерлердің балаларымен бірге оқиды.

Ол кезде Ақмола облысының мыс өндіріп, қорытатын осы Нілді, Спасский, Қарсақбай заводтары мен Қарағанды көмір кенінде істейтін жұмысшылар ең алғаш саяси күрес майданына шыққан, еңбек пен капитал арасының қайшылығы қазақ даласына да қанатын жайған кез еді.Нілдіде оқып жүрген кезінде алған әсері туралы кейін Сәкен: « 1905 жылғы жұмысшылардың көтерілісін көрдім. Орыс шешендерінің сөздерін естідім.Көтеріліс жасаушылардың қозғалысы менің ой – дүниемде шу деп із қалдырды » деп жазды.Елде өз үйінің жоқшылық, кедейлік тіршілігі, қалада араласып жүрген жұмысшылардың тұрмысы Сәкеннің бірте – бірте езілген еңбекші халықпен біте қайнасып кетуіне себепші болды.

Сәкен Нілдідегі мектептен үш жыл оқығаннан кейін Ақмола қаласына келіп, Приходская школада екі жыл, үш кластық қалалық училищеде үш жыл оқыды. Сәкеннің Нілді мен Ақмолада оқыған кездерінде жалпы білімі қандайлық молайып өсетін болса, қоғамдық ой санасы да, әдебиетке бейім қабілеті де тез оянып, қалыптаса бастайды.Нілді мен Ақмолада және өзінің туып өскен ауылында Сәкен оқып – үйренуден, поэзияға ынтыға берілуден, қоғамдық өмірдің алуан сырларын, әсіресе әлеуметтік теңсіздікке, таптық күреске байланысты өмір сырларын білуден жалықпайды да, тоқталмайды да.

Сәкеннің өмірді танып – білуінің, ақындыққа алғаш бой ұруының негізгі факторлары - өзі өскен ортаның ақыны мен әншілері, яғни халықтың теңіздей мол поэзиясы.

3.2.3 М. Әуезов және балалар әдебиеті

Туған ұлтының тарихи тағдыры, мәдениеті, ұлттық әдебиетінің тарихы өзінің өмірбаянымен тамырласып, соның құбылысты көрінісіне айналған заманымыздың ұлы жазушысы, ғалымы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 15 қыркүйекте Семей уезіне қарасты Тобықты іші, Шыңғыс болысында дүниеге келген./3, 12 б./

9 жасында ауылдан кетіп, Семейдегі Қанаш деген қазіреттің медресесінде мұсылманша оқиды, кейін орыс мектебінде оқуын жалғастырады.Содан кейін «5 классный городской училищесін» бітіріп, семинарияға түседі.Семинарияны бітірген М.Әуезов Семейдегі губерниялық сотта, КАЗЦИК- те жұмыс істейді.Кейін оқуын САГУ, Ташкенттегі Ортаазиялық мемлекеттік университетте, кейін Ленинград мемлекеттік университетінде , славян аспирантурасында оқып жүріп, әдебиет тарихы және фольклор жайлы көп ізденеді.1931 жылы репрессияға ұшырайды./3, 45 б./

Жазушының тұңғыш жарық көрген тырнақалды туындысы «Адамдық негізі - әйел» (1917 ж.) деген публицистикасында автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені кең қозғайды.Тақырыпты талдау мәнерінен, түрлі жайды топшылау, толғау машығынан оның өз ортасынан озғын білімімен мәдениеті саз береді./2, 45 б./

Әуезовтың пайымдауынша, әйелдің бас бостандығы, азаматтық құқы деген тек бір әйелдің жеке қара басы үшін ғана емес, сол әйелдің негіз болып отырған бүкіл адам қауымының тағдыр – тірішілігі үшін қажет.

Осы жылдың көктемінде идеялық – көркемдік жағынан әбден жетілдіріп, классикалық трагедияға айналған «Еңлік – Кебек» пьесасын жазады.М.Әуезов «Еңлік - Кебек» трагедиясынан кейін, Батыс Еуропа мен орыс драматургиясынан аударған сегіз пьесаны (В.Шекспирдің «Отеллосы» мен «Асауға тұсауын», К.Треневтың «Любовь Яроваясын», Н.Погодиннің «Ақсүйектерін», А.Кронның «Фолт офицерін») өз алдына қойғанда, осы жанрда отыз екі шығарма (драма, комедия, трагедия, киносценарий, опера либреттосын) жазған.



3.2.4. М.Әлімбаев және балалар әдебиеті

Қазақ балалар әдебиетінің, оның ішінде балалар поэзиясының түп- төркіні, бастауы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі бесік жыры, мал баласын сүю, санамақ, жаңылтпаш, өтірік өлең т.б. жатқандығы сөзсіз. Қазақ поэзиясының тарихын бағдарласақ, мүнда балаларға арнап өлең жазбаған қаламгер кемде – кем. Мұны өзі қазақ қаламгерлерінің жас ұрпаұ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін көрсетеді. Қазақ балалар поэзиясының шын мәнінде өркендеуі ғасыр, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті кезіңі болғандығы белгілі. Аталмыш дәуірінде Б. Майлин, І. Жансүгіров, А. Тоқмағамбетов, М. Жаманбалинов, Ж. Кәрібозин, т.б. қазақ балалар поэзиясына айтарлықтай үлес қосты.

Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, аудармашы, әдебиетші, балалар ақыны, Абай атындағы мемлекеттің сыйлықтың иегері, Қазақстан халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың балалар поэзиясында орны ерекше. Ол кісі 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды селосында дүниеге келеді. Ұлы Отан Соғысына қатысқан. Армиядан оралған соң, С.М.Киров атындағы Қазақ университетін бітіреді. «Пионер» журналының бөлім бастығы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарып, КПСС мүшесі болған. Оның «Менің ойыншақтарым» (1953), «Орақ - олақ» 1962, «Шынықсаң шымыр боласың» (1969), «Балдаурен, шіркін, балалық» (1973), «Ақсерек те көксерек» (1977) , «Аспандағы әпке» (1982) , «Екі тақтай бір көпір» (1992) «Қоянның құлағы неге ұзын?» (1996), сияқты т.б. жинақтары кішкентай оқырмандардың сүйікті кітаптарына , ұстаздардың, тәрбиешілердің балалар тәрбиесінде, олардың ой- өрісін дамытудағы көмекшісіне айналды. 1984 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін М. Әлімбаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иегері атанды.
4 СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТІЗІМІ



Тақырыптар атауы

сағаттар

әдебиеттер

Дәріс

Тәжір

СТС

БӨЖ




1

2

3

4

5

6

7




1Модуль.Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.
















1

Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.

2

1




6

16, Б. 3-9

12, Б. 3-8

3, Б. 3-11

4, Б. 3-12



2

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

2

1




6

1, Б. 12-23

2, Б. 8-37

3, Б. 11-20

4, Б. 12-23



3

Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі.

2

1




6

16, Б. 25-37

4, Б. 64-68

8, Б. 23-38

9, Б. 63-67



4

Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы

2

1




6

15, Б. 37-53

4, Б.38-78

5, 24-28


5

Ы.Алтынсарин өлеңдерінің идеялық, көркемдік ерекшеліктері

2

1




6

2, Б. 53-61

4, Б. 80-92

5, Б. 20-24


6

Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. Абай қарасөздеріндегі оқу, білім.

2

1




6

2, Б.63-68

9, Б.92-125

5, Б. 25-37


7

ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті

Шәкәрімнің балаларға арналған туындылары

С.Көбеевтің “Үлгілі бала”, “Үлгілі тәржімә” атты оқу құралдарының жанрлық ерекшеліктері.


2

1




6

2, Б. 52-68; 79-132

4, Б. 126-134; 134-166

7, 38-41


8

А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

М.Дулатовтың балаларға арналған шығармаларындағы әлеуметтік тақырып



2

1




6

8, Б.133-148

4, Б. 166-183

5, Б. 42-45


9

Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

С.Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт.



2

1




6

2, Б. 148-164

7, Б. 183-190

16, Б. 46-48


10

Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

М.Жұмабаевтың ақындық табиғаты.

С.Сейфуллиннің “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің идеясы, тәрбиелік мәні


2

1




6

12, Б. 164-178

14, Б. 191-207

16, Б. 95-120


11

М.Әуезов және балалар әдебиеті.

І.Жансүгіров өлеңдеріндегі эстетикалық тәрбие



2

1




6

3. Б. 179-200

4, Б. 207-222

6. Б. 121-132





2 модульҚазақ кеңес балалар әдебиеті.

















12

Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі.

2

1




6

2, Б.200-322

4, Б.222-333


8, Б. 12-24

13

Негізгі тақырып, идея бірлігі, ұлттық рух көрінісі

2

1




6

2, Б. 200-322

4, Б. 222-333

10, Б. 64-71


14

Өмірі мен жазушылық қызметі

2

1




6

2, Б. 322-331

4, Б. 333-344 7, Б. 72-81



15

Жетім” әңгімесі мен “Көксерек” повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты.

2

1




6

2, Б. 332-349

4, Б.344-358



5, Б. 82-86























5 БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ


1

Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы

2

Халықтық бесік жырларының мазмұны

3

Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты

4

Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы

5

.Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер – тіл дамыту құралы

6

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті

7

Махамбет жырларының халықтық негізі. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар.

8

Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.

9

Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі, шығармаларының тәрбиелік мәні.

10

Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.


11

Абайдың балаларға лайықты өлеңдері

12

Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары

13

ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті

14

Көрнекті балалар ақын-жазушылары

15

С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі



  1. ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР


6.1.Негізгі әдебиеттер

      1. Б.Ыбырайым, Сырлы әлем /қазіргі қазақ балалар прозасы/, А. 2013

      2. Қазақ әдебиетінің тарихы, ІІІ том, Алматы, 2012 ж.

      3. Б.Қапасова, Қазақ балалар лирикасы /60-90ж.ж./ Павлодар, 2013ж

      4. А.Ақтанова. Қазіргі қазақ балалар драматургиясы. Семей, 2012ж.

    1. Қосымша әдебиеттер тізімі:

      1. Ш. Ахметов «Қазақ балалар әдебиеті» /хрестоматия/, Алматы, 1974 ж.

      2. С. Қирабаев, «мектеп және қазақ әдебиеті», Алматы, 1979 ж.

      3. Қ. Ергөбеков, «Мейірім шуағы», Алматы, 1985 ж.

      4. С. Көбеев, «Орындалған арман», Алматы, 1954 ж.

      5. Ы. Алтынсарин, «Таза бұлақ», Алматы, 1988 ж.

      6. А. Құнанбаев, ІІ томдық өлеңдері мен аудармалары, Алматы, 2002

      7. Абай тағылымы, Алматы, 1986 ж.

      8. Абай өлеңдері, Алматы, 1996 ж.

      9. Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. Алматы, 1992ж

      10. Қ.Мырзалиев. Қазақ балалар кітапханасы. Алматы, 1984ж.




    1. Интернет-ресурстар

      1. Әдебиет порталы. http://adebiportal.kz/kz

      2. Балалар әдебиеті. http://kitap.kz/book_list/category/69-balalar_adebieti


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет