132
Өзінің таным ілімінде Ибн-Рошд бүкіл адамзатты құрайтын жеке
адамдардың ақыл-ойының бірегейлігін, әлеуетті ақыл-ой құрайтынын
айтады. Расында да, адамдар шектелген, дүниеге уақытша келген пенде
ретінде универсалияларды, әлеуетті ақыл-ой болмаса жасай алмас еді.
Жеке адамның танымдық мүмкіндіктері шындыққа айналуы үшін,
оған дүниежүзілік белсенді ақыл-ой (Құдай) түрткі болуы керек. Ол
әлеуетті ақыл-ойға тікелей емес, оның сезіміне, қиялы мен елестетуге
әсерін тигізіп, мән-мағынаның ашылуына, оның шындыққа айналу-
ына әкеледі. Сол сәтте жеке адамның ашқан ғылымдағы жаңалығы
адамзаттың әлеуетті ақыл-ойдың ажырамас бөлігіне айналуына,
оның бірте-бірте Құдайдың белсенді, маңызды (өзекті) ақыл-ойына
жақындап, соңында қосылуына жеткізеді.
Сөйтіп, Ибн-Рошдтың әлеуетті ақыл-ойы – ол қазіргі философия-
дағы қоғамдық сана деген ұғымға жақын.
Ойшыл: «Адам – өтпелі пенде, оның денесімен бірге жан дүниесі
де келмеске кетеді», – дейді. «Бірақ адамзаттың әлеуетті ақыл-ойы –
мәңгілік, ол Құдайдың ақыл-ойымен қосылуға тырысады, ал ол
орындалған кезде дүниежүзілік адамзат тарихы сонымен аяқталады», –
деген көзқараста болған.
Бұл тұжырымнан екі қорытынды шығуы мүмкін. Жеке адам мәңгілік
болмаса да, адамзаттың рухы әлеуетті ақыл-ой ретінде өмір сүргеннен
кейін, адам тылсым-тақуалық өмір салтын ұстауы керек.
Екінші қорытынды оған қарсы: егер адамның өмірі біреу-ақ болса,
онда неше түрлі қызықтардан ләззат алып, осы дүниеде бақытқа жетіп,
ойнап-күлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: