Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет226/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Өзiнiң негiзi жоқ
, Ол Өзi шыққан түбi жоқ ерiктiкке 
ештеңе жасай алмайды. Керiсiнше, Құдайдың Өзiнiң болмысына, содан 
кейiн оның дүниенi жаратуына жол ашқан сол алғашқы Ерiктiк емес 
пе? Олай болса, адамның өзi, бiр жағынан, Құдайдың жаратқан пендесi 
болса, екiншi жағынан, түбi жоқ ерiктiктiң нәрестесi. Сондықтан ерiктiк 
бүкiл адамның iс-әрекетiн баурайды. Ерiктiк дегенiмiз – еш нәрсеге 
тәуелсiз таза сана, күш-қуат.
Белгiлi бiр «метафизикалық ессiз кезеңде» ерiктiк өзiн Құдайға 
қарсы қойып, онымен күресе бастады. Ол барлық жаратылған дүниеге, 
адамның өзiне де тарады. Сондықтан дүние мен адам зұлымдыққа 
белшесiнен батты, ал Құдай оған еш нәрсе жасай алмайды, өйткенi 
Ол ерiктiктi жаратқан жоқ. Мiне, осы сәтте дүниеге Мәсіх келiп, 
бүкiл дүние мен адамдардың күнәларын өз мойнына алып, тұңғиыққа 
тереңдеп, оны өз сәулесiмен жарқыратады. Сонымен Н.А.Бердяев 
Құдайдың ессiз ерiктiктi жеңетiнiне 
сенгенмен
, бiрақ, оған үзiлдi-
кесiлдi 
кепiл беруден бас тартады.
Н.А.Бердяевтiң философиясындағы негiзгi болмыстық санат – ол 
адамның өзi
, өйткенi ол дүниенiң ортасында, оның тағдыры дүниенiң 
тағдырын анықтайды. Адам мен дүние Құдайдың өмiрiн байытады, 
өйткенi адам – рухани пенде, ол iзгiлiк пен әсемдiктi сүйедi. Екiншi 
жағынан, ол – ең жоғарғы материалдық құрылым, бүкiл дүниенiң 
барлық элементтерi оның бойында бар, сондықтан ғарыш оның 
шығармашылық iс-әрекетiн қабылдайды.
Сонымен, адам – қайшылықты пенде, ол 
«табиғаттық дүниедегi 
үзiлiс»
, оны түсiну үшiн одан да жоғары – Құдайға деген оның қарым-
қатынасын бiлу қажет. Оның ойынша, осы уақытқа дейiн адам өзiн 
Құдайға тәуелдi пенде ретiнде түсiнiп келдi. Ал тәуелдiлiк бар жерде 
шынайы махаббат жоқ. Сондықтан Құдай мен адамның арақатынасы 
нағыз ерiктiкке негiзделген, махаббаттың құпиясы, мiне, осында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет