Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 1. Ф.Бэкон – Жаңа дәуiрдегi философияның алғашқы өкiлi



Pdf көрінісі
бет137/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
§ 1. Ф.Бэкон – Жаңа дәуiрдегi философияның алғашқы өкiлi
Ағылшын философы 
Френсис Бэкон
(1561-1626 жж.) – сол кездегi 
ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып
соңынан саясатпен, дипломатиялық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның 
мемлекеттiк қызметте жеткен шыңы – ол 1618 ж. ең жоғарғы лорд-
канцлерлiк – әкiмшiлiк орынға ие болады. Король Яков I оған Верлуам 
деген жердегi үлкен қорғанды сыйға тартып, «Верлуам лорды» деген 
атақ бередi. Алайда саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан жүре келе, ол 
бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Ендi оның философиямен айналы-
суына жол ашылады.
Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерiнiң iшiнде 
«Ғылым-
дардың қадірліліғі мен көбеюi туралы», «Жаңа Органон», «Жаңа 
Атлантида»
деген еңбектерiн атап өтуге болады.
Ф.Бэконның шығармаларының ерекшелiктерi – бiлiмнiң өмiрге 
деген қажеттiлiктен пайда болатындығын асыра көрсетуi. Ол әсiресе 
табиғатты зерттеудiң қажеттiгiне көп көңiл бөледi, ал оның негiзгi 
жолы – 
тәжiрибелiк
зерттеулер. «Не iс-әрекетте пайдалы болса, 
ғылымда да ақиқатты», ғылымның жетiстiктерi мен жемiстерi – оның 
ақиқаттығының көрiнiсi», – дейдi ұлы ойшыл.
Тәжiрибенi талдай келе, Ф.Бэкон оны екiге бөледi. Олар – 
жемiстi
тәжiрибе мен 
сәулелi
тәжiрибе. Бiрiншiсі өмiрге пайдалы нәтижелер 
әкелсе, екiншiсі табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседi. Сәулелi 
тәжiрибелер өмiрге дереу пайда әкелмегенiмен, жемiстi тәжiрибелердi 
жүргiзуге көмек бередi, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар едi.
Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым оны сала-
салаға бөлу мәселесiне көп көңiл бөледi. Оның ойынша, адамның жан 
дүниесiндегi үш қабiлетi ғылымды топтастырудың негiзiнде жатуы 
қажет. Олар: 1) есте сақтау; 2) қиял; 3) ақыл-ой. Есте сақтау қасиетiне 
сай ғылым – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет