Серік Мырзалы философия оқу құралы


Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет202/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Немiс классикалық философиясындағы көрнектi тұлғаларды 
есiңiзге түсiрiңiз.
2. И.Кант «сынға дейiнгi» өмiр кезеңiнде қандай ғылыми болжам 
ұсынды?
5. И.Канттың «диалектикалық антиномияларын» есiңiзге түсiрiңiз.
6. И.Фихтенiң философиясының негiзгi iргелі қағидаларын атаңыз.
7. Ф.Шеллингтiң философиясының бастамасы қандай?
9. Г.Гегельдiң философиялық жүйесiн түсіндіріңіз.
10. Диалектиканың негiзгi заңдарын атаңыз.
11. Г.Гегельдiң рух саласындағы үш сатысы қандай?


231
13. Л.Фейербахтың философиясының негiзгi қағидаларын атаңыз.
15. Л.Фейербахтың «сүйiспеншiлiк» iлiмi қандай?
Рефераттар тақырыбы:
1. И.Канттың моральдық философиясы.
2. И.Канттың таным саласындағы «коперникандық төңкерiсi».
3. Г.Гегельдiң философиялық жүйесi.
4. И.Фихтенiң философиясы.
5. Ф. Шеллингтiң болмыс жөнiндегi iлiмi.
6. Г.Гегельдiң диалектика iлiмiне қосқан үлесi.
7. Ф.Шеллингтiң өнер философиясы.
8. Л.Фейербахтың табиғат философиясы.
9. Л.Фейербахтың христиан дiнiн әшкерелеуi.
10. Немiс классикалық философиясының тарихи маңызы.


232
VIII тарау. Маркстiк философия
Маркстiк философиямен, жалпы алғанда, жан-жақты филосо-
фиялық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси iлiм ретiндегi марксизммен 
ТМД елдерi халықтарының ХХ ғасырдағы өмiрi және тағдыры өте 
тығыз байланысты. Дүниежүзiлiк тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында 
марксизмнiң негiзiнде коммунистiк қоғам орнатуға бағытталған ора-
сан зор әлеуметтiк батыл да қайғылы эксперимент 70 жылдан артық 
уақытқа созылды. Сол «жаңа қоғамды» орнату жолында миллиондаған 
адамдар осы әлеуметтiк эксперименттiң құрбаны болды. Ендi мiне, 
бүгiнгi өтпелi дәуiрде өмiр сүрiп жатқан адамдар сол заманға әртүрлi 
баға беруде. Бiреулер Кеңес Одағын қаһарлы тоталитаризмнiң дүниеге 
келуiне теңеп, ол қоғамды «қайыршылықтың теңдiгi» орнаған қауым 
деп есептесе, екiншiлер өткен тарихқа өкiне қарап, ондағы адамдық 
қатынастардың тазалығына, бiлiм беру, денсаулық сақтаудың ақысыз 
болғанына, жасөспiрiм балалар мен қараусыз қалған кәрiлерге деген 
мемлекеттiң көмегiн жылы шыраймен еске алады. Жалпы алғанда, 
бұрынғы Кеңес Одағынан тарихи алшақтаған сайын, оған қайта баға 
берiлiп, сол қоғамның көптеген жақсы жақтарын қайта жаңартып, 
өмiрге енгiзуiмiз керек деген пiкiрлер бүгiнгi таңда аз емес.
Ал ендi тiкелей өзiмiз оқып отырған философия пәнiне келер 
болсақ, жақын тарихымызда «маркстiк философия – дүниежүзiлiк 
2,5 мың жылғы тарихы бар философияның 
ең биiк шыңы
» деген 
пiкiрде болғанбыз. Содан кейiн, өтпелi қоғамның шеңберiнде, оған 
қарама-қарсы, маркстiк философияның жетiстiктерiн жоққа шығаруға 
бағытталған «уақыттың талабына сай» өзгерiп отыратын адамдардың 
пiкiрлерi де көптеп пайда болды.
Әңгiменiң шынына келсек, маркстiк философия – адамзаттың рухани 
iзденiсiнiң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет